2 «Б» сыныбы ашық сабақ

Осы сабақ арқылы оқушылар азық-түліктерді қазақ тілінде дұрыс атауға, сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыруға үйренеді, сонымен қатар оларды күнделікті өмірде қолданып, бір-бірімен тілдеседі. Тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін саралау, жан-жақты тапсырмалар арқылы тақырыпты бекіту. Грамматикалық тақырыпты оқушылардың сауатты оқу, жазу, сөйлеу әрекеттерінде дұрыс қолдануын қадағалау.Оқушылардың сауатты жазу, сөйлеу, оқу дағдыларын дамыту. Осы мақсатта ауызша және жазба жұмыстарын жүйелі жү...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Азық-түлік дүкенінде» 1 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін саралау, жан-жақты тапсырмалар арқылы тақырыпты бекіту. Грамматикалық тақырыпты оқушылардың сауатты оқу, жазу, сөйлеу әрекеттерінде дұрыс қолдануын қадағалау.

Тәрбиелік. Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдануға бағыттап, тәрбиелеу.

Дамытушылық. Оқушылардың сауатты жазу, сөйлеу, оқу дағдыларын дамыту. Осы мақсатта ауызша және жазба жұмыстарын жүйелі жүргізу.

Сабақтың әдісі:

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І) Ұйымдастыру кезеңі

А)амандасу

Ә) «Шеңбер» ойыны

«Шеңбер ойынының мақсаты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ішкі және сыртқы шеңбер. Ішкі шеңбердегі балалар сыртқы шеңберде тұрған оқушыларға сұрақтар қойып, жауабын сыртқы шеңберден алады. Кейін мұғалімнің берген белгісімен сыртқы шеңбердегі балалар орындарымен ауысады, ал ішкі шеңберде тұрған балалар орындарында тұрады. Мұғалім екі шапалақ бергеннен кейін оқушылар шеңбермен ауысады.

Мысалы: /қойылатын сұрақтар/.

-Сенің атың кім?

-Сенің тегің кім?

-Сен қай Республикада тұрасың?

-Сен қай қалада тұрасың?

-Сен қай мектепте оқисың?

-Сен нешінші сыныпта оқисың?

Б)Үй тапсырмасын тексері. «Менің заттарым» 154 беттегі №1 диалог.

-Сәлем, Инга!

-Сәлем, Шолпан!

-Сен қайда барасың?

-Мен кітап дүкеніне барамын.

-Не сатып аласың?

-Дәптер, қалам, қарындаш, өшіргіш, сызғыш сатып аламын.

-Сау бол, Инга!

-Сау бол, Шолпан!

В) Жаңа сабақ:

А)Мотивациялық кезеңі.

Суретпен жұмыс. Интербелсенді тақтаға үш дүкеннің суреті шығады.

Слайд №1.

2«Б» сыныбы ашық сабақ


Слайд №2.

2«Б» сыныбы ашық сабақ

-Мынау нелер?

-Бұл-азық түліктер.

-Азық-түліктер қайда сатылады?

-Азық-түліктер азық-түлік дүкенінде сатылады.

-Дұрыс, балалар. Өте жақсы. Ал енді, тақтаға назар салайық.

Слайд №3. /тақтаға азық-түлік дүкені шығады./

2«Б» сыныбы ашық сабақ


-Сонда бүгін өтетін тақырыбымыз қалай аталады?

-Дұрыс, бүгін өтетін тақырыбымыздың аты «Азық-түлік» дүкенінде.

-Балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және тақырыбымыздың атауын жазайық.

Слайд №4.

2«Б» сыныбы ашық сабақ



Сөздік жұмысы:

Сатып алды - купил /-а,-и/

Барамын-пойду

Бармаймын-не пойду

1)Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2)Мұғалім орысша оқиды, балалар аудармасын айтады.

3)Балалар тізбектеп оқиды.

4)Балалар жаңа сөздермен сөзтіркес құрастырады.

5)Балалар жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырады.

Тілдесім. Айтылым.

-Балалар, бізге қонақ келді. Бұл кейіпкер қай ертегіден? /осы уақытта қызыл телпек шығады/.

-Қызыл телпек.

-Балалар, кім маған көмектеседі?Мен әжесме қонаққа бара жатырмын. Бірақ себетке қандай азық-түліктерді салатының білмей тұрмын.

-Балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?

-Иә, көмектесеміз. Кім тақтаға шығып, Қызыл телпекке көмектеседі?

-Мен сендерге сиқырлы қалам беремін. Қалам арқылы сендер азық -түліктерді себетке жинастырыңдар.

Слайд №5.

2«Б» сыныбы ашық сабақ

-Жарайсыңдар.

-Қызыл телпек балаларға алғысың айтып, әжесіне кетеді.

Жазылым:

Тақтада сөздер шығып, оқушылар берілген сөздерді 2 бағанаға бөліп жазады. Кім? Не? деген сұрақтарға қойылға сөздерді тауып жазу. /интербелсенді тақта арқылы/.

Мұғалім, ірімшік, жұмыртқа, адам, шұжық, қыз, оқушы, айран.

КІМ?

НЕ?


Сергіту сәті:

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Оқылым: Жұптық жұмыс. 159 беттегі №5 сөйлесімді балалар бір-бірімен оқиды.

-Сәлеметсің бе, Дина!

-Сәлеметсің бе, Мира!

-Сен қандай азық-түлікті білесің?

-Нан, май, сүт, қант, ірімшік, айран, ет, шұжық.

-Олар қайда сатылады?

-Олар дүкенде сатылады.

-Сен дүкенге азық-түлік алуға барасың ба?

-Жоқ, бармаймын.

-Сау бол, Дина!

-Сау бол, Мира!

Рефлексия.

Ішіне, сыртына кесте арқылы шығу.

1)

ІШІНЕ

СЫРТЫНА




ШАЛБАР, ШҰЖЫҚ, ТОН, КӘМПИТ, СЫЗҒЫШ, НАН, ДӘПТЕР, АЙРАН, ЖҰМЫРТҚА, ЕТІК, ТУФЛИ, ІРІМШІК.

2) Оқушылар берілген тақырып бойынша тапқан сөздер арқылы сөйлемдер немесе сөзтіркестер құрастырады.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру. 1) 156 беттегі жаңа сөздерді жаттау.

2) 157 беттегі №2 тапсырманы әңгімелеу.

© 2010-2022