«Еңселі ердің ертеңі»

Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы:«Еңселі елдің- ертеңі»   Мақсаты:Ел болашағына  болжаммен қарап,келешекке көз  жүгірте отырып жас буынды  адамгершілікке,ұлтжандылыққа,  Отанды,ата-ананы қастерлеуге,  табиғатты  аялап,  әлемдегі  бар  сұлулықты  бойларына  сіңіре  білуге,  үлкенге  ізет, кішіге  құрмет  көрсетіп, жауапкершілікті  сезініп,  білім, ғылым  жолында  еңбектене  білуге,салауатты өмір салтын сақтай  отырып,өз ойларын еркін жеткізіп,  ана тілімізді құрметтеп,ұжымда  ұйымшылдық танытып,сыйластықты бойларына сіңірген,білімді,білікті ұрпақты тәрб... Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өлең шумақтары,мақал-мәтелдер  айту,пікірталас,ән,би. Көрнекіліктер:тақырып,слайд,суреттер. Сабақтың барысы:  Мұғалім  сөзі; Құрметті оқушылар!Осынау  ұлан-байтақ жерімізді ата-бабаларымыз найзаның ұшымен,білектің күшімен,«Аруақ!» -деп атқа қонып,маңдай терімен,қасық қаны қалғанша, қарайып қара жерге тамғанша,елімізге,жерімізге көз жүгіртіп,қол сұққан  жауларымызбен арпалысып,  міне  біздердің егемен  ел  атануымызға  үлкен  үмітпен  қарап, тұғырлы  ел  болуымызды армандап,  тәуелсіздігімізді алып беріп,тыныш, бейбіт елде өмір сүруге  мүмкіндіктер бере отырып,  осы  жерімізді,Отанымызд...     Жүргізуші: Сәлеметсіздерме,құрметті  көрермендер,ата-аналар,ұлағатты  ұстаздар  және  оқушылар! Бүгінгі  «Еңселі елдің-ертеңі» атты ашық  тәрбие  сағатына  қош келдіңіздер! «Мен 2030-жылға қарай Қазақстан Орталық Азия  барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.»-деп Елбасымыз  өзінің «Қазақстан-2030 «стратегиялық жолдауында болашақты болжай отырып, Қазақстан халқының мәртебесін  асқақтатуды көздеген.Алайда  бұл  үшін бәріміз  бір үйдің  баласындай, бір  шаңырақ астында  ынтымағы жарасқан,Отанымыз бір - ел  болуымыз  керек. Отан! «Отан-отбасынан басталады»-деп бекер  айтылмаған.Әке-асқар  тау, Ана-қайнар  бұлақ  болса,Баланы  жағасындағы құраққа теңеген. Ірге  тасы  берік қаланып, түтіні  түзу шыққан  отбасының тәрбиесі де  берік, әрі түзу болатынын  жасырмайық.  «Әке  көрген-оқ  жонар, шеше  көрген- тон  пішер»-деп  ұлдарын  ұсталыққа, қыздарын  шеберлікке  баулыған. Соның  ішінде «қызға  қырық  үйден  тыйым»-деп  қыз  тәрбиесіне де  қатаң  мән  берген. Сонымен  бірге «Қыз  өссе-елдің көркі,гүл өссе - жердің көркі... Ендеше жұректен жыр төккен, ақындықты ту еткен жастарымызға  кезек берейік.Жүргізуші: Құрметті  көрермендер және  оқушылар, осы  жерде  маған  бір  ой  келіп  тұр: Біз  еңселі  елдің  ертеңі  жарқын  болу  үшін  аянбай   еңбек  етіп, оқу  білімге  құмар, жан-жақты  боуымыз  керек. Алайда, бұның  бәріне  біздің  күш-қуатымыз  мықты  болу  керек ол  үшін, әрине, денсаулық  керек. Сіздерге сұрақ : Денсаулығымызды  қалай  жақсартамыз? 1-оқушы: Мен,  денсаулық мықты  болу  үшін  жастарды  спортпен  айналысуға,  және  бұны  үнемі  арасын  үзбей  әдетке  айналдыруға  шақырар  едім. Спортпен  айналысу тек  бұлшық  еттердің  шымыр  болуын  ғана  емес, жүрек, қан-тамыр жүйелерінің  жұмыстарын  жақсартатынында білсе  деймін 2-оқушы: Мен, жастарымыздың  салауатты  өмір  салтын  сақтап,  дұрыс  уақытылы  тамақтанып, уақытылы  ұйықтап, миды бір  мезгіл  демалтып, серуенге  шығып  тұруын  және  осы   айтылғандарды  әдетке айналдырса  деймін 3-оқушы. Мен,жалпы жастарды  жаңағы айтқан екі оқушының  сөздеріне қосыла отырып,сонымен  бірге арақ-шарап,темекіден, есірткіден аулақ болып,жан және тән тазалығын сақтаса деймін. Жүргізуші: Қалай ойлайсыздар, қазаіргі жастарымыз салауатты  өмір салтын сақтап жүр деп айта аласыздар ма? Әлде бұнымен  келіспейсіздер ме? Ән: «Елім  менің»   Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»  атты  жолдауында:«Біз  бүкіл еліміз бойынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру қызметін көрсетуге  қол  жеткізуіміз  керек » деген болатын. Ендеше,оқушылар,  білімдеріңізді одан әрі  пысықтап,  жетілдірулеріңіз  үшін  аянбай еңбек етулеріңіз қажет. Тіл,сөз,еңбек,білім туралы кім  қандай мақал-мәтелдер біледі? 1-оқушы: «Бүгінгі  таңдағы  ана тілінің  жағдайы» Жүргізуші: Оқушылар,бүгінгі «Еңселі  елдің  ертеңі«атты ашық  тәрбие сағатынан не ұқтыңыздар, нені  өздеріңізге  қажет, нені  қажет  емес деп санадыңыздар, біз  еңселі  елдің ертеңі жарқын болуы үшін  қандай әрекеттерге жақын,қандай  әрекеттерден аулақ болуымыз  керек.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай  түйінін айтсақ: «Бүгінгі тәрбие  сағатынан не түйдіңіздер?» Жүргізуші: Мен жігіт 15-30 арасында,                      Бұл шақта көп бересі, аласымда.                      Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,                      Алайын анасын ба, мынасын ба,   - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров. Қош сау болыңыздар!
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Еңселі елдің- ертеңі»

Мақсаты: Ел болашағына болжаммен қарап, келешекке көз жүгірте отырып жас буынды адамгершілікке, ұлтжандылыққа, Отанды, ата-ананы қастерлеуге, табиғатты аялап, әлемдегі бар сұлулықты бойларына сіңіре білуге, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп, жауапкершілікті сезініп, білім, ғылым жолында еңбектене білуге, салауатты өмір салтын сақтай отырып, өз ойларын еркін жеткізіп, ана тілімізді құрметтеп, ұжымда ұйымшылдық танытып, сыйластықты бойларына сіңірген, білімді, білікті ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өлең шумақтары, мақал-мәтелдер айту, пікірталас, ән, би.

Көрнекіліктер: тақырып, слайд, суреттер.

Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі; Құрметті оқушылар! Осынау ұлан-байтақ жерімізді ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, «Аруақ!» -деп атқа қонып, маңдай терімен, қасық қаны қалғанша, қарайып қара жерге тамғанша, елімізге, жерімізге көз жүгіртіп, қол сұққан жауларымызбен арпалысып, міне біздердің егемен ел атануымызға үлкен үмітпен қарап, тұғырлы ел болуымызды армандап, тәуелсіздігімізді алып беріп, тыныш, бейбіт елде өмір сүруге мүмкіндіктер бере отырып, осы жерімізді, Отанымызды біздерге аманат етіп қалдырып кеткенін ұмытпайық. Ертеңімізді тарихымызбен ұштастырып, өзімізге берілген аманатты келешек ұрпаққа «Аманат»-деп тапсырайық.

Ендеше тәрбие сағатын бастауларыңызға рұқсат!

(хормен: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті көрермендер, ата-аналар, ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Еңселі елдің -ертеңі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

«Мен 2030-жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін.»-деп Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2030 » стратегиялық жолдауында болашақты болжай отырып, Қазақстан халқының мәртебесін асқақтатуды көздеген. Алайда бұл үшін бәріміз бір үйдің баласындай, бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан, Отанымыз бір - ел болуымыз керек.

Отан! «Отан- отбасынан басталады» - деп бекер айтылмаған. Отбасы мүшелерін табиғаттың көркем бейнесіне теңеген. Әке-асқар тау, Ана-қайнар бұлақ болса, Баланы жағасындағы құраққа теңеген. Ірге тасы берік қаланып, түтіні түзу шыққан отбасының тәрбиесі де берік, әрі түзу болатынын жасырмайық. «Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген- тон пішер»-деп ұлдарын ұсталыққа, қыздарын шеберлікке баулыған. Соның ішінде «қызға қырық үйден тыйым»-деп қыз тәрбиесіне де қатаң мән берген. Сонымен бірге «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі»-деп қызды табиғаттың сұлу бейнесіне теңеп, ал табиғатты қызды қалай аяласа, табиғатты да солай аялау керектігін ескерген. Ал, ақын-жазушыларымыз табиғатты да, Отанды да, Ата-ананыда, қылықты қыздармызды да өз жырларына қосқан.

Ендеше жұректен жыр төккен, ақындықты ту еткен жастарымызға кезек берейік.

(Оқушылар кезекпен-кезек өз шығармашылығынан Отан, Туған жер, Әке, Ана, Отбасы туралы өлең шумақтарын оқиды, содан кейін алдын ала жаттауға берілген ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа оқиды )

1-Оқушы: «Туған өлкем»

Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты

Арнасынан аққан өзен сияқты.

Арынды күй махабатты шертеді

Туған жерге, Отаныма шуақты.

Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым,

Адалдықдың тәрізді ол тұрағы,

Асқар тауым, жазық далам, арманым,

Туған өлкем-жерұйығым, жұмағым.

Бала кезден артықсың сен мекенім

Сені ғана ардақтаумен өтемін.

Жылдан-жылға арта берсін берекең,

Асқақтай бер жарқын болсын ертеңің!

2-оқушы; «Туған ел»

Аймалайды өркен желі

Нұрға оранып көк пен жері,

Бала сағым бұлдырайды,

Гүлмен ойнап бөктердегі

Қаз-үйректің таныс әні,

Ерке өзенмен табысады,

Бір-бірінен күле қалып,

Ақтолқындар алысады

Терек, қайың жымыңдасып,

Самал желмен, тұр ымдасып

Жапырақтар тербеледі

Бір-бірімен сыбырласып

Гүл жамылған өлкедегі

Бұталар да ән төгеді.

Күн шуағы аймалаған,

Елім неткен көркем еді.

3-оқушы: «Туған жер»

Құрыш болат білектен

Шөл далаға гүл еккен

Қалаларды самсатып түлеткен

Ағаларым көп мұнда

Кешегі елсіз жатқан маң

Аты аңыз боп жаттанған

Жер астының байлығын

Теңіз қылып ақтарған

Апайларым көп мұнда

Зауыттары қаптаған

Зәулім үйлі көп қалам!

Жұрт ержүрек жандардың

Мекені деп мақтаған

Туған жерім бұл менің.

4-оқушы: «Отаным»

Тас құрсаудан азат болған Отаным,

Тәуелсізбін - қадамды нық басамын.

Бұл бақытқа жетпей кеткен қаншама

Жанарлары жәутеңдеумен ботаның

Киелімсің, қасиетімсің сен менің

Қазынаға толы байтақ белдерім.

Атамекен жерін аман сақтаған

Батыр бабам - қасиетті ерлерім.

Шуақ болып атар таң да, батар күн,

Елім алды болып қатардың

Қарыштай бір, менің Қазақстаным!

Мерейі үстем Республика атандық.

5-оқушы: «Менің Отаным - Қазақстан»

Менің Отаным бақыт жолында

Отаным менің - өмірімнің айғағы,

Бұзылмаған ел ғой әлі қаймағы.

Балалық жас, лүпілдеген жүректі,

Желбіретті Отан қанат жайғаны.

Отаным менің кең-байтақ Қазақстан,

Аман өткен талай дүләй азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар, қане, артық дейтін қазақтан.

О, Отаным! Құлыныңмын қойныңда,

Өзіңменен өмірім, өзің де балаң ойым да.

Балағың күлімдеген ертеңгі,

Отан - Ана, мына менің мойнымда.

Би: «Қора жорға»

6-оқушы: Республика! Ерікті ел - Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

"Қазақпын" деп досқа айтам ұғысатын,

Мақтан етсін атақты туыс атын.

4-оқушы: Қазақпын деп жауға айтам қасақана,

Біліп қойсын, болса ойы жұғысатын.

Кешір мені, күндеме "тентегіңді",

Көрдім, рас, көбіңнен ерте күнді.

Әркім, бірақ, не ексе соны орады,

Көсіп алып жатқам жоқ мен тегінді.

Дау - жанжалың сонда еріп келмесін тек,

Жауыздықты Жер-ана жерлесін тек.

Сөйлейін мен төтенше елшіңдей бір,

Адам ұлын мақтан ғып жерлесім деп.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер және оқушылар, осы жерде маған бір ой келіп тұр: Біз еңселі елдің ертеңі жарқын болу үшін аянбай еңбек етіп, оқу білімге құмар, жан-жақты боуымыз керек. Алайда, бұның бәріне біздің күш-қуатымыз мықты болу керек ол үшін, әрине, денсаулық керек.

Сіздерге сұрақ : Денсаулығымызды қалай жақсартамыз?

(Осы жерде әр оқушы өз ойларын ортаға салады)

1-оқушы: Мен, денсаулық мықты болу үшін жастарды спортпен айналысуға, және бұны үнемі арасын үзбей әдетке айналдыруға шақырар едім. Спортпен айналысу тек бұлшық еттердің шымыр болуын ғана емес, жүрек, қан-тамыр жүйелерінің жұмыстарын жақсартатынында білсе деймін

2-оқушы: Мен, жастарымыздың салауатты өмір салтын сақтап, дұрыс уақытылы тамақтанып, уақытылы ұйықтап, миды бір мезгіл демалтып, серуенге шығып тұруын және осы айтылғандарды әдетке айналдырса деймін

3-оқушы. Мен, жалпы жастарды жаңағы айтқан екі оқушының сөздеріне қосыла отырып, сонымен бірге арақ-шарап, темекіден, есірткіден аулақ болып, жан және тән тазалығын сақтаса деймін.

4-оқушы: Мен, жаңағы оқушылардың айтқандарымен келісемін. Алайда, табиғаттың тазалығы сақталмаса, бұның бәрі құр әурешілік пе деп ойлаймын. Әр мекеме орындары және әр отбасы табиғатты аялап, қорғап, тазалықты сақтай білсе екен деймін. Ең азы кәмпиттің қағазында далаға тастамаса дегім келеді.

Жүргізуші: Иә, оқушылар, барлықтарыңызда керемет ой пікірлерді ортаға тастадыңыздар деп ойлаймын. Енді біз шағын пікірталас өткізсек; Қалай ойлайсыздар, қазаіргі жастарымыз салауатты өмір салтын сақтап жүр деп айта аласыздар ма? Әлде бұнымен келіспейсіздер ме?

(сынып жетекшісінің көмегімен сынып оқушыларын 2 топқа бөліп тастайды, бірі жақтаушы, екіншісі қарсы жақ болып ортаға өз пікірлерін айтып тартысады. Мектептің психолог маманы мен дәрігер апай оқушылардың пікірдерін тыңдап бағалап, өз ойларын ортаға қосады.)

Ән: «Елім менің»

Жүргізуші: Елбасымыз өз жолдауларының бірінде үш тұғырлы тіл саясатын қолдану керектігін айтқан. Ол жастарымыз қазақ тілін біліп, орыс тілінде сөйлеп, шет елдерінің киноларын көрмесе екен, осы үш тілді жетік меңгеріп, елімізге өз үлестерін қосса екен деген мақсатпен айтқан болатын.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек » деген болатын. Ендеше, оқушылар, білімдеріңізді одан әрі пысықтап, жетілдірулеріңіз үшін аянбай еңбек етулеріңіз қажет.

Тіл, сөз, еңбек, білім туралы кім қандай мақал-мәтелдер біледі?

(оқушылар алма кезек өздері білетін мақал-мәтелдерді айтады)


  1. Өнер алды-қызыл тіл.

  2. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

  3. Көре -көре көсем, сөйлей -сөйлей шешен боларсың.

  4. Жақсы сөз- жаным ырыс.

  5. Еңбек етсең -емерсің.

  6. Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.

  7. Білім-инемен құдық қазғандай.

  8. Білімді мыңды, білекті бірді жығар.

  9. Оқу-білім бұлағы, білім- өмір шырағы.

1-оқушы: «Бүгінгі таңдағы ана тілінің жағдайы»

Адам туған тілімен өсіп, дамиды, көркейеді. Тілсіз адамның болашағы жоқ. Мемлекетімізде ана тіліміз, туған тіліміздің мемлекеттік дәрежеде екендігін елбасымыздың мына сөздерінен айқын байқауға болады: «Тілге деген көзқарас шындап келгенде елге деген көзқарас. » Бұл сөздермен елбасымыз қазақ халқына деген сый-құрмет оның тіліне деген құрметпен байқалуы керек деп айқын айтып тұр. Бұл еліміздегі әрбір азаматтың тілге деген көзқарасын түзеуге мемлекеттік бағдарлама аясында, республика көлемінде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауыл мен елді мекен, мәдениет мекемелерінің атауы қазақ тіліндегі атауға алмастырылады. Облыста тілді оқыту орталығы ашылып, онда курсты аяқтаған қызметкерлер сертификаттарын алуда.

Жүргізуші: Оқушылар, бүгінгі «Еңселі елдің ертеңі» атты ашық тәрбие сағатынан не ұқтыңыздар, нені өздеріңізге қажет, нені қажет емес деп санадыңыздар, біз еңселі елдің ертеңі жарқын болуы үшін қандай әрекеттерге жақын, қандай әрекеттерден аулақ болуымыз керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсақ: «Бүгінгі тәрбие сағатынан не түйдіңіздер?»

(Оқушылар бұл сұрақтың жауабы етіп, өз ойларын ортаға салады)

Жүргізуші: Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласымда.

Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба,

- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!





© 2010-2022