Ашық тәрбие сағаты: 1-наурыз-Алғыс айту

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елге сәлем

Ағайын, туған, армысың!

Қарттарым қыран, бармысың?

Қиядан көздi тартатын,

Сіздерсiң құзар қарлы шың.

Елiмнiң болса қарты бар,

Асқарлы таудай дәрпi бар.

Үлкендi сыйлап, құрметтеу -

Қазақтың ата салты бар.

Болсыншы аман атамыз,

Болсыншы аман апамыз.

Тiлеген дәйiм жақсылық,

Болсыншы қабыл батаңыз.

Армысың, абзал ағалар,

Ағалар - жарқын жағалар.

Сіздердей асыл болмаса,

Бiздердi кiмдер бағалар?

Армысың, ерке жеңгелер,

Жеңгелер - елге өң берер.

Береке, байлық бастауы -

Сіздерге кiм бар тең келер?

Армысың, құрбы-құрдастар,

Сыр мiнез, сырлы сырластар.

Сіздердей серi болмаса,

Тамаша, тойды кiм бастар?

Армысың, балғын iнiлер,

Ағалап алдан жүгiрер.

Iнiсi кiмнiң бар болса,

Өнерi өрлеп, iрiлер.

Армысың, қарындастарым,

Ақ тамақ қарлығаштарым.

Сағынып келдiм сендердi,

Дарынды жалын жастарым.

Жалынды сәлем жалпыңа,

Бас ием ата салтыма.

Қуана қарсы алатын,

Ризамын туған халқыма.



© 2010-2022