Тәрбие сағаты Отбасы – ең қымбат қазына

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Отбасы - ең қымбат қазына"

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін түсіндіру, «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету

Дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс істеу, логикалық ойлау, өз пікірлерін еркін жеткізу қабілеттерін дамыту, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту

Тәрбиелік: оқушыларға отбасы қасиетін, қадірін түсінуге, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау

Тәрбие сағатының түрі: аралас сабақ

Тәрбие сағатының әдісі: баяндау, интерактивті әдіс, топпен жұмыс, ой толғау, пікір алмасу

Тәрбие сағатының көрнекілігі: отбасы суреттері, бейнематериал, ватман, стикер, маркер, нақыл сөздер

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды тақырыппен таныстыру

2. Топқа бөліну

ІІ. Тәрбие сағатының барысы:

Кіріспе.

Құрметті оқушылар! Бүгін біз сендермен отбасы тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз.

1. Шаттық шеңбері.

Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды ізгілендіретін, өнер атауының ішіндегі құдіреттілерінің бірі - күй тыңдауға шақырамын.

2. Ой қозғау.

Әрбір топ ватманға "Отбасы" сөзіне өз ассоциацияларын жазып, тақтаға іледі, түсініктеме береді.

3. Бақытты отбасы қандай болу керек? деген бейнематериалды көрсету.

4. Шығармашылық жұмыс.

1. Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу.

І топ

1. Ағадан - ақыл, ………….Атадан - нақыл.

2. Ер бала ата-анаға таяу,…………….Қыз бала үйге жаққан бояу.

3. Апам үйі - ………………ақ жайлау.

4. Інісі бардың тынысы бар……………Ағасы бардың жағасы бар.

5. Өз үйім - ……………………….өлең төсегім.

6. Жалғыз ағаш үй болмас,……………………..Жалғыз жігіт би болмас.

7. Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі.

8. Атасыз үй - батасыз,………………..Анасыз үй - панасыз.

9. Жақсы ата - орман,…………………Жақсы бала қорған.

10. Өсер жастың алдын кеспе,…………..Өсер ағаштың басын кеспе.

11. Өзінің шарқын білген,………………..Өзгенің нарқын біледі.

12. Ананың ізін қыз басар,………………….Атаның ізін ұл басар.

ІІ топ

1. Аға әдепті болса, іні әдепті,…………………Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.

2. Ағадан - ақыл,………………..Ініден - ізет.

3. Әдепсіз бала, Ауыздықсыз атпен тең……….Ақылды қария Жазып қойған хатпен тең.

4. Бала тәрбиесі…………………….. - бесіктен.

5. Әжемді тыңдағаным -……………….Өзімді танығаным.

6. Ана алдында - құрмет………………..Ата алдында - қызмет.

7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,……………..Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

8. Анаңа ауыр сөз айтпа,………………Атаңа ауыр жүк артпа.

9. Атаңа не қылсаң,…………….Алдыңа сол келер.

10. Ата - бәйтерек, …………………бала - жапырақ.

11. Ата тілін алмаған ұлдан без,………………….Ана тілін алмаған қыздан без.

12. Әкең өлсе де,………………….. әкеңді көрген өлмесін.

ІІІ топ

1. Ананың көңілі балада,………………… баланың көңілі далада.

2. Ата көрген оқ жонар,……………………. ана көрген тон пішер.

3. Әкенің қадірін…………………… балалы болғанда білерсің.

4. Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,……….Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.

5. Атадан жақсы ұл туса,Елінің қамын жейді…………………Атадан жаман ұл туса,Елінің малын жейді.

6. Адам болатын ……………………бала алысқа қарайды.

7. Әдепті бала арлы бала, ……………………әдепсіз бала сорлы бала.

8. Бала - көңілдің гүлі,………………… көздің нұры.

9. Жақсы бала - еліне бас болады,………….Жаман бала - еліне қас болады.

10. Балам - балым,…………….. баламның баласы - жаным.

11. Қарға баласын аппағым дер,………………..Кірпі баласын жұмсағым дер.

12. Сенің табаныңа кірген тікен ……………………..менің маңдайыма кірсін..

5. «Құндылық құнын ұғыңдар» (карточкамен жұмыс)

Құндылық құнын ұғындар

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________

Ең қымбатты _____________________________________________

Ең ақылды _______________________________________________

Ең сүйкімді ______________________________________________

Ең құрметті ______________________________________________

Ең құнды ________________________________________________

Ең бағалы ________________________________________________

Ең қажетті _______________________________________________

6. «Бақытты отбасы суретін» салу.

ІІІ. Қорытынды.

"Бақытты отбасы" ұғымына түсінік беру арқылы жүрек стикерлерді тақтаға жапсыру.

IV. Үй тапсырмасын беру.

1. Өтілген мәтіндерді басшылыққа ала отырып отбасын құру үшін өзіңізге қоятын талаптар тізбесін жасап келіңіздер.

2. Өз отбасыңның елтаңбасын жасап көріңіздер



© 2010-2022