Урок на тема С. Мұратбеков Қылау

Сабақ тақырыбы:   С.Мұратбеков  «Қылау» әңгімесі      Мақсаты: а)білімділік:оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу,кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша білу; ә)дамытушылық:оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша  тіл байлығын  дамыту; б)тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке ,шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Әдісі: талдау,сто технологиясы Көрнекілігі: презентация 1.Ұйымдастыру (оқушылар назарын сабаққа аудар... Түсінігі үстірт мейірімді қайырымды Балаң мінезді 2-топ:мінездеме беру   Сатай Аңғал Мақтан сүймейді сезімтал жайдары  Рәбиға білімді ақылды әдемі ашық ойлы               3-топ:семантикалық карта Кейіпкер сөзі Сатай Рәбиға Әкесі -қайда барасың? -мә,ішікті жамылып отыр,әбден тоңыпсың ғой? -әй, ана қара ішікті киіп ал,тоңасың?         ІV .Талдау-табыс кілті .(әңгімеге сатылай талдау) 1.Әңгіме авторы:С.Мұратбеков «Қылау» 2.Тақырыбы:адамгершілік,сыйластық,адал достық 3.Идеясы:Сатай мен Рәбиға арқылы таза ,нәзік балаң сезімді,адал достықты, қайырымдылықты көрсету 4.тәрбиелік мәні:бір-бірімен адал дос болуға ,адамгершілікке үндейді. V .Рөлдік ойындар әдісі(берілген диалогті сахналау)  -неғып жаяулап жүрсің,осындай суық күнде? -үйге бара жатырмын. -Бірлікке ме? -Иә.Тастөбеде оқимын.Кеше басқа балалармен бірге қайтатын едім,ойы...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауУрок на тема С.Мұратбеков ҚылауСабақ тақырыбы: С.Мұратбеков «Қылау» әңгімесі

Мақсаты: а)білімділік:оқушыларға көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу,кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша білу; ә)дамытушылық:оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту; б)тәрбиелік: кейіпкерлердің әрекеті арқылы адамгершілікке ,шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдісі: талдау,сто технологиясы

Көрнекілігі: презентация

1.Ұйымдастыру (оқушылар назарын сабаққа аудару)

2.Жаңа сабақ

Ой қозғау

-С.Мұратбеков туралы не білеміз? Қандай шығармаларын білесіңдер? «Қылау» деген не?

І .Өмірі,шығармашылығына шолу

«Қылау» әңгімесін оқыта үйрену әдісімен мазмұндату

1-топ-кіріспе, 2-топ-негізгі бөлім, 3-топ-қорытынды бөлім.

ІІ .Ширату сұрақтары:

1.-Таң азанғы әке дауысы Сатайды неге ызаландырды?

-Сендер де ересектердің ақылын солай қабылдайсыңдар ма?

-Өлім мен өмір туралы Сатайдың ойлауына не түрткі болды?

-Сатайдың сезімталдығы мен жайдарлылығы,қайырымдылығы оның қандай әрекеттерінен байқалады?

-Рәбиғамен келе жатып қасқырды көргенде Сатайдың айқайға басуы оның батылдығы ма, мақтаны ма, не деуге болады?

-Орынсыз мақтанды сүймейтіндігіне Сатайдың қай әрекеті дәлел?

ІІІ. Деңгейлік тапсырма

1топ:композициялық құрылысына талдау

Басталуы: ұйқы құшағындағы Сатай

Байланысуы: әке тапсырмасы

Дамуы:Сатайдың Рәбиғаны кездестіруі

Шиеленісуі:балалар арасындағы әңгіме

Шарықтау шегі:Рәбиға үшін алаңдауы;Сатай қорқынышы.

Шешімі: Рәбиға сыйлығы

Түсінігі үстірт

мейірімді

қайырымды

Балаң мінезді2-топ:мінездеме беру

білімді

ойлы

ақылды

Рәбиға

Мақтан сүймейді

Аңғал

Сатай

ашық

әдемі

жайдары

сезімтал

3-топ:семантикалық карта

Кейіпкер сөзі

Сатай

Рәбиға

Әкесі

-қайда барасың?

-мә,ішікті жамылып отыр,әбден тоңыпсың ғой?

-әй, ана қара ішікті киіп ал,тоңасың?



ІV .Талдау-табыс кілті .(әңгімеге сатылай талдау)

1.Әңгіме авторы:С.Мұратбеков «Қылау»

2.Тақырыбы:адамгершілік,сыйластық,адал достық

3.Идеясы:Сатай мен Рәбиға арқылы таза ,нәзік балаң сезімді,адал достықты, қайырымдылықты көрсету

4.тәрбиелік мәні:бір-бірімен адал дос болуға ,адамгершілікке үндейді.

V .Рөлдік ойындар әдісі(берілген диалогті сахналау)

-неғып жаяулап жүрсің,осындай суық күнде?

-үйге бара жатырмын.

-Бірлікке ме?

-Иә.Тастөбеде оқимын.Кеше басқа балалармен бірге қайтатын едім,ойын қоятын боп қалып қойдым.

-Не ойын? Концерт пе?

-Иә.Колхозшыларға концерт қойып бердік.

-Пьеса да әзірледіңдер ме?

-Жоқ.Пьеса таба алмадық.

-Бәлі,сол да сөз болып па екен? «Қыз Жібек», «Еңлік-Кебектерді» қоймайсыңдар ма?

-Директор ағай рұқсат етпейді.

-Ой,директорлардың айтқанын тыңдай берсең шаш шығармайды.

VІ. Қорытынды.Әңгімеден не түйдіңдер?

Жазушы болсаңдар ,әңгімені қалай аяқтар едіңдер?

-Әңгіме неге «Қылау» аталған?

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: «Мен достықты қалай түсінемін?»(ой толғау)

1.Достық ,қайырымдылық туралы хадистер жазып келу.

2.Көркемдігіне талдау.









Есет мектеп - балабақша кешені КММ

Гуманитарлық пәндер бірлестігі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

С.Мұратбеков

«Қылау» әңгімесі

(6-сынып)

Пән мұғалімі: Д.Қайнарбаева

2015 жыл

© 2010-2022