Урок Қазақ хандығының құрылуы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тарих- ғасырлар куәсі» ашық тәрбие сағаты

(Қазақ хандығының 550 жылдығына орай)

Сабақ тақырыбы: «Тарих- ғасырлар куәсі» (сайыс кеші)

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру;

Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

Сабақтың түрі: қайталау, қорыту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: слайд шоу («Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының фото суреттері, Қазақстан еліндегі батырларға арналған ескерткіштердің фото суреттері, халық күйлерінің жазбалары)

  1. Сайыстың барысы:

  • Құрметті, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы

«Тарих-ғасырлар куәсі». Сабақ қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған сайыс кеші түрінде өткізіледі.

  • Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан

халқына арнаған 2015 жылғы Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы).

  • 2015 жылы қандай атаулы мерейтойларды тойланады? (Қазақ

хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы).

«Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында. Олай болса бүгінгі қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Тарих-ғасырлар куәсі» атты сайыс сабағымызды бастайық.

Сынып 2 топқа бөлінеді: І-топ «Керей тобы», ІІ-топ «Жәнібек тобы».

Сайыс соңында жеңімпаз топ мақтау грамотасымен марапатталады.

Сайыстың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.Бекмаганбетов Даньяр Зайдоллаұлы - тарих пәнінің мұғалімі

2.Хасенов Тлеужан Юрьевич- тарих пәнінің мұғалімі

  1. ВИДЕОРОЛИК «Қазақ елі»

  1. Сайыс барысы:

  1. «Толған ел тарихын таспен жазады,

Тозған ел тарихын жаспен жазады» туры (тарихтан сұрақтар)

І. Қазақ хандығының құрылуы:

  1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай жаңа мемлекеттер құрылды?

А) Сібір хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы

В) Жоңғар хандығы, Сібір хандығы

С)Моғолстан хандығы, Қазақ хандығы

  1. Керей мен Жәнібек сұлтандар қай жерде қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды?

А) Батыс Жетісу жерінде

В) Орталық Қазақстанда

С) Шығыс Қазақстанда

  1. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?

А) Әл-Марвази

В) Рашид ад-Дин

С) Мұхаммед Хайдар Дулати

  1. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер?

А) Қозыбасы

В) Сайран

С) Түркістан

  1. ХҮІ ғасырдың соңындағы Қазақ хандығының астанасы?

А) Сығанақ

В) Сайрам

С) Түркістан

  1. Қазақ халқының ұраны болған сөз.

А) Шыңғыс

В) Жошы

С) Алаш

  1. Қазақтың халық болып қалыптасуының барысын бұзған шапқыншылық.

А) Моңғол шапқыншылығы

В) Жоңғар шапқыншылығы

С) Орыс шапқыншылығы

  1. 1710 жылы жоңғарлар шабуылын тойтару мәселесін талқылай үшін

қазақ жүздерінің өкілдері бас қосқан жер.

А) Қарақұм

В) Қызылқұм

С) Қозыбасы

  1. "92 баулы өзбек" шежіресінде қай хандық туралы айтылады?

А) Қазақ хандығы

В) Әбілқайыр хандығы

С) Ноғай Ордасы

  1. Бұл кезеңде бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді қалай атады?

А) «Аңырақай» шайқасы

В) «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

С) Орбұлақ шайқасы

  1. Қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар» деп кім жазды?

А) Марко Поло

В) Рашид ад-Дин

С) А.Дженкинсон

  1. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдалах хан риза болып қай жерді сыйға береді?

А) Жетісу

В) Ходжент

С) Хантау

  1. 1598 жылғы шайқаста екі жақтың билеушісі де қаза болып, екі хандық хансыз қалды, бұл хандықтар:
    A) Моғолстан мен Өзбек хандығы
    B) Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы
    C) Ташкент билеушісі мен Қазақ хандығы

  2. Бейбітшілік жағдайда ханның рұқсатынсыз жол берілмейді:
    A) Көшіп-қонуға
    B) Соғысты бастауға
    C) Салықты көбейтуге

  3. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:
    А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
    В) Қазақ жері түбегейлі азат етілді
    С) Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді
    16. XVI ғасырдың II жартысында Қазақ хандығының күш-қуатын беделін арттырған, жерін кеңейтуге себеп болған тарихи оқиға:
    A) Мәскеуге қосылуды жақтаған Ноғай ұлыстарын талқандап, өзіне қосып алуы
    B) Моғол ханын талқандауы
    C) Ішкі талас тартыстардың тоқтатылуы

  4. XVI ғасырдың II жартысында Жетісу қазақтарының жағдайын ауырлатқан оқиға:
    A) Ойраттардың тонаушылық жорықтары
    B) Моғол хандарының жиі шабуылы
    C) Хақназар ханның қатыгездігі
    18. Қазақ хандығының құрылымы сатыдан … тұрады:
    A) төрт
    B) бес
    C) жеті
    19. Ресейдің Шығыспен сауда қатынасын өрістету үшін Қазақстан «Кілт және қақпа» ролін атқарады деген патша:
    А) I Павел
    В) II Екатерина
    С) I Петр
    20. XVIII ғ. II ж. қазақ - орыс саудасының белгілі орталықтары.

А) Семей, Өскемен, Бұқтырма

В) Петропавл, Орынбор, Құлжа

С) Семей, Петропавл, Ақсу

  1. Мәнді цифрлар туры

  2. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?

А) 20 жыл

В) 30 жыл

С) 25 жыл

  1. Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін қанша жылға жуық

күрес жүргізген?

А) 20 жыл

В) 15 жыл

С) 10 жыл

  1. 1643 жылы Қазақ ханы Жәңгір асығыс қол жинауға үлгермей, жоңғарлардың 50 мыңдық қалың қолына қанша жауынгермен Орбұлақ шайқасында қарсы тұрды?

А) 6000

В) 1100

С) 600

  1. Есім хан Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Осыны пайдаланған інісі Тұрсын хан Түркістанды шауып, Есім ханның балалары мен әйелін тұтқындап Ташкентке әкетеді. Осыған байланысты тарихта Тұрсын хан бүлігі немесе "Қатаған қырғыны" болған жыл болып қай жыл танылады?

А) 1621 жылы

В) 1627 жылы

С) 1598 жылы

  1. Қай жылы Айғыржар деген жерде қазақ-бұхар соғысы болды?

А) 1603 жылы

В) 1624 жылы

С) 1613 жылы

  1. Хақназар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәнібек ханның немере інісі, неше жастағы Шығай хан отырады?

А) 50

В) 90

С) 80

  1. Қазақ хандығын Хақназар хан қанша жыл биледі?

А) 42

В) 32

С) 50

  1. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:

А) 1726жылы
В) 1729жылы
С) 1731жылы

  1. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты?

А) 1611 жылы
В) 1613 жылы
С) 1621 жылы

  1. Қазақтар қай ғасырларда ресми түрде ислам дінін ұстанды?

А) 16-17 ғасырларда
В) 14-15 ғасырларда
С) 13-14 ғасырларда

  1. «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» туры (ел билігінде болған хандар туралы)

Қасым хан

  1. Қасым хан қай жылдары ел биледі?

А) 1480-1512 жылдары

В) 1511-1518 жылдары

С) 1506-1542 жылдары

  1. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?

А) 300 мыңға

В) 1 млн-ға

С) 800 мыңға

  1. Қасым ханның қанша атты әскері болды?

А) 50 мың

В) 150 мың

С) 300 мың

  1. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады?

А) Қасқа жол

В) Ескі жол

С) Жеті жарғы

Хақназар хан

  1. Хақназар хан қай жылдары ел биледі?

А) 1500-1508 жылдары

В) 1511-1518 жылдары

С) 1538-1580 жылдары

  1. Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты?

А) Баба сұлтанмен

В) Абд ар-Рашидпен

С) ІІ Абдаллахпен

  1. Хақназар хан қай ханның баласы?

А) Тәуекел хан

В) Қасым хан

С) Есім хан

  1. Хақназар ханның сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуге әсер етті:
    A) Шайбани ұрпақтарының жиі шабуыл жасауы
    B) Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтары
    C) Бұхар ханының наразылығы
    Тәуекел хан

  2. Тәуекел хан қай жылдары ел биледі?

А) 1511-1518 жылдары

В) 1523-1532 жылдары

С) 1582-1598 жылдары

  1. Тәуекел хан Өзбек хандығының қай қаласын 20 күн қоршауда ұстаса да

ала алмады? Бұл шайқаста ол ауыр жараланып, өз әскеріне кейін шегінуге бұйрық беріп, көп кешікпей ауыр жарақаттан қайтыс болды.

А) Ташкент

В) Бұхара

С) Самарқан

  1. Сібір хандығының қол астындағы қазақ тайпалары қай жылы Қазақ

хандығының құрамына келіп қосылды?

А) 1588 жылы

В) 1597 жылы

С) 1582 жылы

  1. 1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:
    A) Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам
    B) Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар
    C) Қойлық, Үзгент, Сығанақ

Есім хан

  1. Есім хан қай жылдары ел биледі?

А) 1523-1518 жылдары

В) 1538-1580 жылдары

С) 1598-1628 жылдары

  1. Есім ханның билігі кезінде 1613-1614 жылдардың шамасында оған

қарсы тұрған, Ташкент қаласында өзін тәуелсіз ханмын деп жариялаған кім?

А) Бұхар хан

В) Тұрсын Мұхаммед хан

С) Имамқұли хан

  1. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан

Қатаған руын жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта қалай аталады?

А) «Қатаған қырғыны»

В) «Тұрсын хан қырғыны»

С) «Есім ханның ескі жолы»

  1. Есім ханның басты мақсаты:
    A) Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыру
    B) Хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру
    C) Билер кеңесін құру
    Тәуке хан

  2. Тәуке хан қай жылдары ел биледі?

А) 1582-1598 жылдары











Қазақ хандығының құрылуы

Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.

XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.

Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.[1]

XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.

Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.

Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды.

Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.

Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалық мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.

Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.

Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген еңбектерінде тереңдетіле қарастырылған.

Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын.

Ол кезде Сарыарқа Орта Сырдариямен етене тығыз байланыста болды. Осы өлкені Орта жүз қазақтары қолайлы қыстық жайылым ретінде жоғары бағалайтын.

Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында оңтүстікке - Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді.

Орталық Қазақстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өңірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.

Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды.

Сарысу жолы өңірдің батысымен өтті. Оңтүстікте, Жібек жолының негізгі торабынан бастау алған ол Түркістанның үстімен Ұлытауға жете тармақталып, әрі қарай - Орал мен Еділге кететін. Қазақтар үнемі маңызды кеңестер өткізіп отырған, көптеген рулардың таңбасы қашалған атақты Таңбалытас осы Сарысу бойында. Қарқаралы жолы шығыс тарапта қанат жайды. Оңтүстікке Хантау мен Шу арқылы түсетін бұл бағыт, теріскейге қарай қимақтардың жұрты болған Ертіс бойына және одан әрі Батыс Сібірге тартатын. Қарқаралы жолын Хан жолы деп те атады.

Қазақ хандығы кезеңінің көптеген сәулеттік ескерткіштерінің арасында қазақтармен достық қарым-қатынаста болған ойрат ұлыс князьдары XVII ғасырда лама дінінің пұтханасы ретінде салдырған Қызылкеніш сарайы (Қыз Әулие сарайы) бар.

Қызылкеніш сарайы Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының территориясындағы Кент тауында орналасқан.

Сарай Қызылкеніш сайында, өзеннің оң жағалауында орын тепкен. Ертеден бері жергілікті қазақтар оны «Қыз Әулие» деп атағанымен, зерттеушілер өз жұмыстарында «Кызыл-Кенчский дворец», «Кызыл-Гянчский дворец», «Кзыл-Кенч, «Кызыл-Кенш», «Кызылкентский дворец», "Қызылкеніш сарайы" деп атап келді.

Қызылкеніш сарайы өзінін архитектуралық стилі жағынан (2 қабат, балкон, колонналар), сондай-ақ археологиялық қазба барысында табылған заттарына қарағанда да кейінгі кезеңде салынған қазақ құрылысына ұқсамайды. Сарайға жүргізілген 3 жылдық зерттеулер көрсеткендей, ескерткіш ғұрыптық құрылыс болып табылады. Соған қарағанда ол ойраттардың 17-ғ. тұрғызған ламаистік ғибадатхана, яғни монастырь (храм) болса керек.

Сарайды өткен ғасырдың 50-жылдарында Республикалық Археологиялық карта құрастыру барысында Қазақстан ҒА экспедициясы зерттеді.

Қызылкеніш сарайына археологиялық казба 1985 ж. басталды. Оны Қазақстан мәдениет Министрлігінің "Казпроектреставрация" Институтының археологиялық отряды жүргізді.

Ескерткіштін бұдан кейінгі зерттелуін 1986-1987 ж. Қарағанды Мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы жалғастырды (профессор А.К.Әбілов бастамасымен құрылған «Эврика» студенттік отряді).

Зерттеу барысында негізгі сарай 3 жеке кұрылысымен толық аршылып, ескерткіш маңында орналасқан қорымнан 10 жерлеу орны қазылды. Қазбаға дейін сарай қирандысы диаметрі 25 м-ге, биіктігі 2,7 м-ге дейін жететін тасты-топырақты төбе түрінде болып келген. Зерттеу барысында үстіне қалың шөп пен итмұрын бұталары өскен оның айналасынан үш жеке құрылыстың қирандысы мен қорым тіркелді. Сарайдың оңтүстік-шығыс жағында, яғни кіре берісінде тереңдігі 2 м-ге жететін сопақ пішінді екі шұңқыр бар.

Қазбадан кейін, тамбуры бар. 4 бөлмеден тұратын негізгі сарай жобада айқыш (крест) тәрізді құрылыс болып шықты. Сарайдың қабырғалары өңделмеген тақта тастардан қаланған. Тақталардың қалыңдығы 0,10 - 0,20 м. Құрылысты салу барысында онын бұрыштарына ұзындықтары 0,6 - 0,7 м, ендері 0,4 - 0,5 м болып келетін үлкен тақта тастар пайдаланылған.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ескерткіш өте қысқа уақыт өмір сүрген. Адамдардың ұзақ уақыт өмір сүрген іздерінің жоқтығы. Тек шамалы ғана күл қабаты, жануарлар сүйектерінің аздығы мен табылған олжалардың мардымсыздығы ескерткіштің тұрақты мекен-жайға айналмағандығын меңзейді.

Археологиялық қазба барысында табылған оймышты ағаш әшекейі Монғолияның ламаистік храмдарының әшекейлеріне (өрнектеріне) ұқсас. Оларда бұл өрнектер "фасадтар мен интерьерлерді әшекейлеуде" кеңінен қолданылған [Сонда]. Әсіресе, сарай қирандысының қыш заттары туралы мәліметтері қызықты. Ол жөнінде Н.Коншин өзінің "От Павлодара до Каркаралинска" деген мақаласында былай дейді: "в развалинах дворца находятся вещицы из белой глины в виде конуса с расширенным основанием и закругленной верхушкой. Внутри этих вещиц постоянно оказываются зерна пшеницы". И. Чеканинский бойынша Қызылкеніш сарайының қирандысынан табылған осы заттардың біреуі бұрын Семей музейінің археологиялық коллекциясында сақталған. И. Чеканинский оны "цаца" деп санап, оның суретін Қызылкеніш сарайына арнаған еңбегінде берген. И.Чеканинский бойынша оның өлшемдері мынадай: "Цацанің" биіктігі 43,0 мм, негізіндегі диаметрі 44,0 мм, беліндегі диаметрі 54,0 мм». «Мұндай "цацалар", -деп жазды И.Чеканинский, «ғұрыптық маңызға ие және олар монастырьлардағы құлпытастарға қойылады». Қазба барысында табылған мыс ақша манжур императоры Сюаиь-Е-нің (1662-1722 жж.) билік құрған кезеңіне жатады.

Ескерткіште адамдар өте қысқа мерзім тұрған. Түрлі себептерге байланысты ол өзінің өмір сүруінің алғашқы кезеңінде-ақ қиратылып тасталуы мумкін. Қорымның зерттелген жерлеу құрылыстарының көпшілігі бос. Бірақ, жерлеу құрылысының құрылымы көрсеткендей, олар мұсылмандық ғұрып бойынша салынған. Үстіндегі тас үйінділері, жерленгендердің батыс, солтүстік-батыс тұрақты бағыттары, жерлеу заттарының жоқтығы мұсылмандық жерлеу ғұрпы туралы айтады. Бұл жерде қазақтар өздерінің тумаларын жерлеген деп болжам жасауға негіз бар.

Келтірілген ойларды сәл қорытар болсақ, Қызылкеніш сарайы ламаистік монастырь ретінде XVII ғ. салынған. Тек болжам бойынша, оны XVII ғ. 40-жылдарында хошоуттік Хундулен-Убаши немесе осы ғасырдың 70-жылдарының бірінші жартысында Очирту-Цецен-хан салдыруы мүмкін.

Сонымен XVI ғасырда Орталық Қазақстан экономикалык жағынан біртұтас, этникалық құрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. XVII ғ. қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталык Қазақстан жерінде қазақтардын әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылға созылды (к. Аңырақай шайқасы, Бұланты шайқасы). Қалмақтар мен қазақтардың өзара жауластығы қалмақтардың бір одаққа (1400) бірігуінен басталып, оларды қытайлықтардың түгел жойып жіберген (1757 ж.) кезеңіне дейін ұласты.

Абылайдың билігі кезеңінде Сарыарқа даласында Қазыбек би (1667-1763) және Бұқар жырау (1668-1781 ж. ) үлкен рөл атқарды. Казыбек би, Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқаруға белсене араласты. Абылайды жоңғар тұтқынынан босатып алуда ерен еңбек сіңірген Қаз дауысты Қазыбек би Абылай хан билікке келген кезеңнен бастап мемлекет ісіне белсене катысты. Ол ханның бас кеңесшісі және беделді би болды. Бұқар жырау есімі ұрпаққа ақылгөй жыршы ретінде белгілі. Өз шығармаларында Бұқар жырау үш жүздің бірігіп, мықты мемлекет болуын армандады.[2]Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.

Қазақ хандығы - шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ - қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.

Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады...».

Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды.

Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).

2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің - Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді.

1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді.

Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды.

Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы - Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.









Мен және менің құқығым тәрбие сағаты

Тақырыбы: Мен және менің құқығым
Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.
Көрнекілігі: Күй, Сауалнама «Мен және менің құқығым», суреттер, нақыл сөдер, «Балалар құқықтары туралы конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы», эпиграф,
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, Сауалнама жүргізу, пікір айту, ой толғау, топпен жұмыс, сурет салу.
Барысы:

І. Ұйымдастыру.
- амандасу (оқушылармен)

1. Заң - бостандық кепілі.
2. «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар- намысын құрметтеуге міндетті.»
(Қазақстан Республикасының Конституциясы, 34- бап)

- 1989 жыл, 20 қараша - «Балалар құқықтары туралы конвенцияның»
қабылданған күні.
1. Құқық дегеніміз не?

2. Біз білеміз бе?

- «Балалар құқықтары туралы конвенциясын» Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. 1989 жыл, 20 қараша.

- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы»,
Алматыда 2002 жылы, 8 тамыз .


3. Сөзжұмбақ шешу: «Құқық»

Мен және менің
1 Қ
2 Ұ
3 Қ
Ы
5 Ғ
6 Ы
7 М
1. Конвенция қай айда қабылданған?
(Қараша)
2. Конвенцияны қай ұйымда қабылдады?
(БҰҰ)
3. Құқық бұзушылық деген не?
(Қылмыс)
4.ҚР-ғы балалар құқығы туралы Заңы қай айда
қабылданған? (Тамыз)
5. Заңның 34- бабы не туралы ?
(Бала және қоғам)
6. Конвенцияның қабылданғанына неше жыл?
(Жиырма)
7. Заң қай жерде қабылданған?
(Алматы)


4. Сауалнама өткізу.

Сауалнама : «Мен және менің құқығым»

1. Құқық туралы не білесіз?
2. Сіз неге құқылысыз?
3. Құқық бұзушы кімдер?
4.Құқық бұзылмау үшін не істеу керек?
5.Біреудің тарапынан құқығыңыздың
(ата - ана, мұғалім, құрбы -дос, туыс, т.б.) бұзылғаны болды ма? (болса жазыңыз)
6. Құқық бұзбауға қосар үлесіңіз қандай?

5. Қорытынды сөз.



© 2010-2022