Отбасының берекесі-үйлесімділікте! 10 класс

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Бершүгір орта мектебі









«Отбасы берекесі-үйлесімділікте!»

Арттерапиялық тренинг


Өткізген:психолог А.Ж.Абшукирова























2015-2016 оқу жылы


Отбасының берекесі - үйлесімдікте!

Мақсаты: отбасылық жағымды қарым-қатынасты қалыптастырып, бірлікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

отбасылық қарым -қатынасты анықтау;

отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым -қатынасты дұрыс тануына арттерапия, түзету-дамыту жұмыстары арқылы жүзеге асыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: журнал, жіп, таза парақ, желім, пакет, қайшы, қарындаш, метафоралық карта, әуен.

Өтілу формасы : артерапиялық тренинг

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған «Отбасының берекесі - үйлесімдікте!» атты арттерапиялық тренингіне қош келдіңіздер!

Әлеуметтік қоғамның маңызды бөлігінің бірі- отбасы. Бала тәрбиелеу ісі- ата-аналардың міндеті. Сондықтан олар ең алдымен тұтас, тату отбасы болуы тиіс. Мұндай тұтас отбасының басты фунциясы-әке мен ананың, бала мен ата-ананың арасындағы мейірімділік қатынасы, өзара сүйіспеншілігі, бір-біріне деген жан жылуы. Егер ата-аналар арасында алауыздық, үстемділік жасау және өрескел мінез, ұнамсыз қылық сезілсе, мұндай жағымсыз істер бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайды. Баланы жан-жақты тәрбиелеу үшін, оның ішкі сырын, мінезін, қабілетін, сыртқы ортамен қарым-қатынасын, танымын әрбір ата-аналар жете білгені жөн. Отбасында ата-аналар арасындағы жанжалдың жиі орын алуы, бір-біріне деген жылулық, махаббат сезімдерінің болмауынан бақытты отбасы болуы екіталай. Ата-аналардың бірін-бірі бағалауы, қандай мәселені де бірлесе, ақылдаса шешуі нәтижесінде, нағыз мықты, бақытты отбасына айналады.

Өйткені отбасы баланың әлеуметтік ортасы-өмір сүру дағдыны тәрбиелі қалыптастыратын алғашқы институт. Яғни, баласын бақытты болсын дейтін әке-ана өзінің бақытты күйін сезініп қана қоймай, баланың көз алдында бақытты етіп көрсете алады. Өйткені, әр бала үнемі ата-анасымен бірге болып, үйде өзін отбасының бақытты мүшесі болғандығын қалайды. Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған баланың ісі оңға басады.

Қуыршақ терапиялық жаттығу

Мақсаты: сүйіспеншілік сезімін нығайту , дамыту.

Керекті құралдар: түрлі-түсті пакеттер, қайшы, степлер, қарындаш, түрлі-түсті жіптер , көңілді әуен .

Пакеттен қатысушыларға белгілі-бір тақырыпқа сай қуыршақ жасау ұсынылады. Қуыршақ жасалынып болған соң «Ерте , ерте , ертеде» деп таныстырады.

«Мен және менің отбасым» метафоралық карта

Мақсаты: отбасылық қарым-қатынасты анықтау, бақылау.

Керекті құралдар: психологиялық - метафоралық карта.

Нұсқау: Қатысушыларға отбасылық мүшелер бейнеленген карталар таратылады. Қазір мен алдарыңызға карта тастаймын. Отбасы мүшелеріне қарай әрбір картаны таңдайсыз. Картаны алып, отбасыңыздағы қарым-қатынасты немесе отбасылық бейнені құрастырасыз. Оған отбасы мүшелері толық қатысуы тиіс.

Аттерапиялық жаттығу

Керекті құралдар: ақ парақ, түрлі- түсті қарындаш.

Нұсқау: Берілген құралдарды пайдалана отырып, баласының болашағын салады.

Талдау:

- Қандай әсер алдыңыз?

© 2010-2022