Қазақ тілі Тілді үйрену – өмір талабы

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тілді үйрену - өмір талабы. Сан есім

Қазақ тілі 7 сынып
Сабақ тақырыбы Тілді үйрену - өмір талабы. Сан есім.

Мақсаты Оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық рөлі жайлы мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай
білуге тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтижесі Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бере біледі. Сан есім түрлерін ажырата алады. Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді.
Әдіс - тәсілдер АКТ, СТО, топтық жұмыс, бағалау
Ресустар интербелсенді тақта, таныстырылым, плакаттар, түрлі түсті қағаздар, маркерлер, желім, стикер, құм сағат.
Түрткі тапсырмалар
Балалар адамның ең жақсы қасиеті басқа адамдарға жақсылық, сәттілік тілеу.
Бүгінгі сабақта сендерге жақсы көңіл, сәттілік тілеймін! Көңілдерің осы гүлдей жайнай берсін.

«Тоғызқұмалақ» ойыны
Тапсырмалар:
1) Сұрақтар:
- ҚР мемлекеттік тілді ата.
- Қай тілде сөйлей аласың?
- Көп тілді білу пайдалы ма?
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есім сұрақтарын ата.
- Сан есімнің неше түрге бөлінеді?
- Қазақ тілі мәртебесін қай жылы алды?
- Қазақ тілінің негізін салушы кім?
- Тілдер мерекесі қай күні?
Тіл туралы үзінділер жаттау

Мәтінмен жұмыс
«Өмір талабы»
2) Мәтінмен жұмысы.
Өмір талабы
Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.
Қазіргі уақытта көп тіл білу - өмір талабы. Көп тіл білген адамды полиглот деп атайды.
Қазақтар: "Өнер алды - қызыл тіл", - дейді. Өз ойын шешен тілмен жеткізе білгендерді ерекше бағалайды. Тіл тағдыры - ел тағдыры деп санайды.
Қазақ тілі - өте бай, көркем тіл. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Сүйікті шәкірттер! Г.Гегельдің мына сөзін есте сақтаңдар: "Өз ана тіліңді қадір тұтпасаң, ата - анаңды, еліңді сүйе алмайсың."

3) Мәтін бойынша тапсырма:
1 - топ Түйін сөздерді көрсетіңдер.
2 - топ Қанатты сөздерді анықтаңдар.
3 - топ Тәрбиелік мәні бар сөйлемді белгілеңдер.

4) «Даналық ағаш» оқыта үйрету.
Оқушылар мәтінді жылдам, мұқият оқиды. Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.
5) Қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңдар.
• Көп тілді білу - _______ талабы
• Мен _______ сөйлеймін
• Өнер алды - _______
• Басқа пәле - _______
• Тіл - _______ жаны
(қазақша, қызыл тіл, заман, халықтың, тілден)

Үй тапсырмасы:
1. Тіл туралы мақал - мәтелдер, қанатты сөздер жаттау.
2. Мәтінді мазмұндау.
3. «Мемлекеттік тіл» шағын шығарма жазу.



© 2010-2022