Ашық тәрбие сағаты Наурызым - нұрлы ырысым

 Тақырыбы: «Наурызым –нұрлы ырысым»  Құзыреттілікке жеткізетін шараның мақсат-міндеттері:  а) Ақпараттық құзыреттілік: Наурыз  мейрамның пайда болу тарихымен, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру,әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіндіру.                                                                                                                                                                                                                                                                          ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Наурызым -нұрлы ырысым»

Құзыреттілікке жеткізетін шараның мақсат-міндеттері:

а) Ақпараттық құзыреттілік: Наурыз мейрамның пайда болу тарихымен, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру,әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіндіру.

ә) Коммуникативтік: Ерте кезден келе жатқан халық дәстүрін, әдет-ғұрпын жалғастыруға баулу, ұлттық салт-дәстүрдің негізін білу.

б)Проблеманы шешу: Студенттердің танымдық қабілеттерін дамыта отырып, студенттердің санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлеп,тарихи маңызына баға беру.

Түрі: әдеби-сазды кеш.

Көрнекілігі: АКТ, нақыл сөздер, киіз үй, тұмарша, шаңырақ.

Барысы

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар , студенттер! Дәстүрімізге айналған ұлыстың ұлы күні - наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемін жайнатып, әнші құстарды сайратып, наурыз тойын тойлатып, жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

2-жүргізуші: Тәуелсіз биік халқымның,

Желбіреп туы шалқысын.

Әз наурыз келді еліме,

Жер ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр-салтымның,

Көз елсін бұлақ жылғасы.

Қастерлі менің халқымның,

Мереке наурыз жыл басы.

1-жүргізуші: Құрметті халайық! Наурыз мерекесіне арналған ойын-сауық кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші: Наурыз ән -күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері адамдар біріне-бірі қошемет көрсетіп, тартуын тартады.

2-жүргізуші: Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің , татулықтың, еңбектің, көктемнің , ізгіліктің , бақыттың мерекесі ретінде тойланады.

  1. жүргізуші: Осы ұлы күнге байланысты наурыз көже, наурыз бата, наурыз

жұмбақ, наурыз тілек, наурыз көк сияқты жөн-жоралғылар бар.

  1. жүргізуші. Ау, достым, тоқтай тұр. «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» демекші, алдымен үлкенге сөз берейік.Ортаға әжелер шығып, құттықтау сөз сөйлейді. Наурыз жөн-жоралғылары жөнінде қысқаша оқушыларға түсінік береді.

Әже: Наурыз айы - шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы ретінде күн мен түн теңеледі. Сол себептен наурыз жыл басы болып есептеледі.

Наурыз той -бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп , көңілді ойын- сауықтарға қатысады. Тойда ат жарыс, палуан күрес , айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылады.

1-жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел болып қарсы алайық!

Қош келдің,Наурыз!

Әже ортаға шашу шашып шығады.

2-жүргізуші. Рахмет сізге, әже!

1-жүргізуші: Ардақтаған анасын,

Даналардың данасы.

Үміті зор ананың,

Болашағы әр баланың.

Ән : «Анашым».

2-жүргізуші: Бәйшешектей қар астынан табылған,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Жиналған қауым: Наурыз, наурыз.

1-жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Жиналған қауым: Наурыз, наурыз.

2-жүргізуші: Даңқы жетіп болашаққа зорайып,

Берекелі құт әкелген бұл қай кез?

Жиналған қауым: Наурыз, наурыз.

1-жүргізуші: Ағарғаны шөл суындай молайып,

Қарық болар халқы мынау бұл қай кез?

Жиналған қауым: Наурыз, наурыз.

Бұл көжеде бәрі бар.

Ақ әже:Оу, аталар, аналар!

Айналайын балалар!

Жеп-ішсін деп тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып

Наурыз көже пісірдім

Құйдым алтын табаққа

Бал көжеден татыңдар

Бар қызыққа батыңдар

Көктем-Наурыз шағында

Құмар болып ойынға

Іске үлес қоспаған

Ішер бір-ақ тостаған

Еңбекшілге талапты

Қоямын қос табақты

Көжеге жас-кәріңді

Шақырамын бәріңді!

Көже ішіліп болған соң,қызыр атадан бата сұралады.

  1. жүргізуші:

Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша наурыздың 22 түнінде саған 3-те даланы Қызыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп , қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атаулары «Ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы дән тасқын-тасқын, ақ мол , жауын шашын көп болсын деп тілейді.

Ортаға Қызыр ата келеді.

2-жүргізуші:Ал, халайық! Енді осы ұлыстың ұлы күні ата-салтымыз бойынша ортамызға Қызыр бабамызды шақырайық.Қызыр баба баршамызға ақ тілек, оң батасын берсін!

Ортаға ақ сақалды, аса таяқты Қызыр баба шығады.

Қызыр ата ортамызға келіп тұр.

Бізге ақ батасын , ақ тілегін берейін деп.

Сәлем беріп алақанымызды жайып,

Алайық атамыздың ақ батасын.

Қызыр ата:Армысыңдар, жәмиғат!(Қолын жайып)

Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын.

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле -жала жерге енсін.

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын.

Қайғы , уайым жоқ болсын.

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

Бетін сипап, бата береді.

Балаларым, ата-салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы екен.Үлкен рахмет!Ал енді қандай қызықтарың бар?

1-жүргізуші: Қызыр баба, Ұлыстың ұлы күні "Наурыз жыры" айтылатынын өзіңіз жақсы білесіз.Ал, қане, жұртым, "Наурыз жырын" айтайық.

Ән: « Наурыз думан»

Қызыр баба: Ой, рахмет, айналайындар!Өркендерің өсіп, талаптарыңа нұр жаусын!

1-студент: Қауышып қайта оралған Наурызға

Ерніміз әрең тиді сары уызға

Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді

Ағарып бара жатқан қанымызға.

2-студент:Қақ жарып әділдіктің қара қылын

Келдің бе гүлге оранған жаңа жылым

Ақтабан шұбырынды -Алакөлмен

Жалғаған Арал, Семей аралығын.

3-студент: Ұлтының мерекесін ұмытқан жұрт,

Жоғалмай басымыздан кіріптарлық.

Намысың Наурызыңда жанып алсын,

Өте алмай өліарада тұрып қалдық.

4-студент: Жуанның жіңішкерген бұл шағында,

Қазағым, көп көжеге сусадың ба?

Іңгәлап Наурызым ұзақ жатты-ау,

Толғатқан Тарих-ана құрсағында.

5-студент: Ардақтап аталардың зиялы атын,

Күн келді дәстүр үшін ту алатын.

Қашан да ата жолын ұмытқандар,

Ұлыстың ұлы күні ұяласын.

6-студент: Заманның зауалындай ғасыр кетті,

Жанардың жылай-жылай жасы кепті.

О,Наурыз, өзің ғана жеңілдетер,

Халықтың басындағы қасіретті.

7-студент: Ұмытып қалған әнім тәрізді

Санамда қайта жаңғырдың.

Беу,Наурыз, енді жарылқа бізді,

Нұрындай алтын жаңбырдың.

8-студент: Есімде менің есіркегенің-

Былтырғы жиын, былтырғы ән...

Төсіне қырдың өсір көк егін,

Түлкідей түлеп құллпырған.

9-студент: Ортамызға келіп Шәкәрім ақын,

Міржақып қайта тірілді.

Қаһарлы күндер қапа қылатын,

Серпідік ескі ұғымды.

10-студент: Айтсам да қалай рахметімді,

Сабырым қалмас еш менің.

Жүсіпбек, Мағжан, Ахметімді,

Қайтардың, жанды өшкенім

1-жүргізуші: Наурыз-шаттық әніміз

Салтанатты сәніміз

Ән салып, жас кәріміз,

Би билейік бәріміз.

Би биленеді.

Көрініс.

Дауылпаз үні естіліп, даңғыра қағылып ортаға аңыз кейіпкерлері Қожанасыр,Алдар Көсе және Тазша бала шығады.

Алдар: Уа,халайық!Тойға келіңдер!Тойға!

Қожанасыр: Нұрлы Наурыз тойына келіңіздер!

Тазша бала:Уа, балалар!Қоян жылының айтулы тойы,Наурыз мерекесіне келіңіздер.

Алдар Көсе: Ә-ә-әй, ағайын,

Той деп жар салайын.

Наурыз тойға келіңдер,

Мен де бірге барайын!

Қожанасыр: Ағайын, тойға келіңдер,

Мерекені көріңдер!

Қоян жылы келді еліме,

Той көрімдік беріңдер!

Тазша бала: Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп,сықиып киініп келіпсіз ғой.

Жел бір жағынан кіріп,екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?

Алдар Көсе:Биыл қоян жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?

Қожанасыр: Тотыша тақылдаған мұның кім тағы?

Алдар Көсе:Қожеке,танымадыңыз ба, бұл Тазша бала ғой.

Қожанасыр:Тазша баламысың,ей?Келші бауырым, құшағыма қысайын.

Тазша бала: Амансың ба,Қожеке! (Екеуі құшақтасып амаандасады).

Алдар:Уа халайық!Тойға!Тойға!

Ұлыстың ұлы күні мерекеде

Кенелсін Қазақстан берекеге!

Қожанасыр:Наурыз мерекесі құтты болсын,

Қоян жылы елімізге бақыт қонсын!

Тазша бала: Қоян жылы болсын деп мақсат, асқар шың

Оқушылар: Наурыз-думан мерекесі басталсын!

Көрініс

Ән аяқтала берген кезде, өңі алау-далау алқынып бір бала кіреді.Басында кепеш., үстінде жамау-жасқаулы ескі шапан, аяғында қазақы шоқайма етік.

Тазша бала: Оу, амансыңдар ма,балалар,қадірменді аға,әпкелер?!Ұлыстарың оң болсын,қуа ныштарың оң болсын!

Студент: Айтсын,рахмет тілегіңе.Бірақ сені танымай тұрмыз.Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл деген бар, құрдас.Атыңды айт.

Тазша бала:Айналайын-ай!Баяғыда Әйтеке би:

Әкемді сұрасаңыз-жетесіз,

Шешемді сұрасаңыз-некесіз.

Туа салған бір баламын

Тегімді сұрап нетесіз?-деген екен.Сол айтқандай, түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын.Жас қусақ, сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді.Халқымыз Наурызды тойлап жатыр деген соң тарих қойнауынд шындап жата алмай жеткенім ғой бұл.Бай қалпымда келсем танымай қалар деп өзімнің сүйікті киімдерімді киіп шығып едім.

Студент: Оу,Тазша бала, сұрауға рұқсат ет,жалғыз келемісіз?

Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын.Халқыма асыққан жалғыз мен ғана емес екенмін.Аса таяқтарына таянып үш абыз емпендеп келе жатыр еді артымнан, ендігі табалдырыққа жеткен шығар.

Төле би,Қаз Дауысты Қазыбек би,Әйтеке би есікті ашып кіріп келеді.

Студент: Уа,халайық!Өздеріңіз бен жүздесуге ақ баталарын беріп, өнегелі өсиеттерін айту үшін 18 ғасырда ел басына күн туып,етегімен су кешкен заманда халықтың бірлігі мен тұтастығына ерен еңбек сіңіріп,тығырықтан шығар жол нұсқап, көшбасшы болған әз бабаларымыз тауып айтқан Төле би,қазып айтқан Қазыбек би,әділ айтқан Әйтеке би келіп тұр.Бабаларымыздың ұрпақтарына ғибрат боларлықтай бірер ауыз өсиет сұрайық.

Төле би:Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім

Атың жақсы болса-

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса-Жан мен тәннің шырағы...

Қазыбек би: Тату болса-ағайын жақын,

Ақылшы болса-апайың жақын,

Бауырмал болса-інің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын-қарындасың.

Әйтеке би: Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

Ашу деген-ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген-дария,

Алдын тоссаң-тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

Студент: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызым, армысың.

Студент: Келе жатыр жылымыз

Мейрамдаймыз бұнны біз

Жас балаша нұрланып

Жадырасып бәріміз

Күннің жаңа нұры бар

Мұның ғажап сыры бар

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық, Наурызды.

Қорытынды.

2-жүргізуші: Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Еліміздің несібесі көп болсын!

Қош,сау болыңыздар ,халайық!

Көріскенше күн жарық болсын!















Тақырыбы: «Наурызым -нұрлы ырысым»



Өткізген: Р.С Аққожина

© 2010-2022