Урок коучинг на тему Бала тәрбиесі - баршамызға ортақ

Сабақтың тақырыбы: Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ Сілтеме: Ата-ананың, баланың , тәрбиешінің құқықтары мен міндеттері материалдары Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ана, тәрбиешінің рөлі түсініктерін дамыту, міндеттер мен құқықтарының айырмашылығын ажырата білуге бағыттау. Күтілетін нәтиже: 1)      Ата-ананың жауапкершілігі мен құқықтарын ажыратады. 2)      Тәрбиешінің міндеті мен құқықтарын ажыратады. 3)      Баланың жеке бас гигиенасы мен денсаулығын күту, шынықтыру тәсілдері туралы түсініктерін кеңейтеді.  Түйінді идея: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Ресурстар (дерек көздері) А4,А3 форматы ,   үлестірмелі материалдар , стикер, қайшы,магнит,  қаламсап. Тапсырмалар: Тапсырманың түрлері Тапсырманы орындаудағы қолданылатын тәсілдер уақыты Кіріспе 1)      Ата-ана, бала, тәрбиеші, салауаттылық тақырыптары бойынша топтарға бөлу; 2)      Жиын барысы, тақырып туралы түсінік беру; Қағазда жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді. Топ мүшелері қызметтерін бөліседі. 7 мин
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок коучинг на тему Бала тәрбиесі - баршамызға ортақ

Оспанбекова Гулназира Курумбаевна

Алматы облысы, Панфилов ауданы Қожбанбет би атындағы

орта мектептің екінші деңгейлі математика пәнінің мұғалімі

Бала тәрбиесі - баршамызға ортақ

(Ата-аналармен өткізілген коучинг жоспары)

































Бекітемін

«Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі

_______________ А.Т.Таутанова

« » 2015 жыл

Апта

Күні:12.06.2015 жыл

Сабақ: 60 минут

Сабақтың тақырыбы:

Бала тәрбиесі - баршамызға ортақ

Сілтеме:

Ата-ананың, баланың , тәрбиешінің құқықтары мен міндеттері материалдары

Мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі ата-ана, тәрбиешінің рөлі түсініктерін дамыту, міндеттер мен құқықтарының айырмашылығын ажырата білуге бағыттау.

Күтілетін нәтиже:

  1. Ата-ананың жауапкершілігі мен құқықтарын ажыратады.

  2. Тәрбиешінің міндеті мен құқықтарын ажыратады.

  3. Баланың жеке бас гигиенасы мен денсаулығын күту, шынықтыру тәсілдері туралы түсініктерін кеңейтеді.

Түйінді идея:

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.

Ресурстар (дерек көздері)

А4,А3 форматы , үлестірмелі материалдар , стикер, қайшы,магнит, қаламсап.

Тапсырмалар:

Тапсырманың түрлері

Тапсырманы орындаудағы қолданылатын тәсілдер

уақыты

Кіріспе

  1. Ата-ана, бала, тәрбиеші, салауаттылық тақырыптары бойынша топтарға бөлу;

  2. Жиын барысы, тақырып туралы түсінік беру;

Қағазда жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді.

Топ мүшелері қызметтерін бөліседі.

7 мин

1-тапсырма

Әр топқа тақырыптар беріледі.

1-топ. Ата-ананың міндеті мен құқығы

2-топ. Баланың міндеті мен құқығы

3-топ. Тәрбиешінің міндеті мен құқығы

4-топ. Баланың денсаулығы мен гигиенасы

Тақырып бойынша параққа ойларын жазып, баяндамашы таныстырады.

15мин

Бағалау

Әр топтың тапсырманы орындауын түстер бойынша бір бағаны екінші топқа қоймай отырып бағалайды.

Стикер қойып шығады

3 мин

2-тапсырма

Кестемен берілген тапсырманы орындау.

Тапсырманы белгілейді.

7 мин

Бағалау

Сөйлемді оқиды, жауабын өзара тексереді.бағалау

Топтық өзара бағалау.

3 мин

3-тапсырма

«Сиқырлы қоржын»

Әр ата-ана жеке-жеке тапсырма алып, сөйлемді аяқтайды

Әрбір қатысушы жеке тапсырма орындайды.

13 мин

4-тапсырма

Баланы ағашқа теңей отырып, ағаштың құрылысын құрастыру.

1-топ тамыры, 2-топ бұтағы, 3-топ жапырағы, 4-топ жемісі

7 мин

Кері байланыс

«Алақан» рефлексия

  1. Бас бармақ (не ұнады?)

  2. Балан үйрек (жаңа не білдім?)

  3. Ортан терек (не жөнінде ойландыңыз?)

  4. Шылдыр шүмек (өз қоржыныма не аламын?)

  5. Кішкентай бөбек (не білгім келеді?)

А4 форматына қолдың суретін салдыру , коучинг тақырыбы жөніндегі ой-пікірлерін анықтау

10 мин

Тапсырмалары:

1-тапсырма

Ата-ананың міндеттері мен құқықтары

Міндеттері

Құқықтары



Баланың міндеттері мен құқықтары

Міндеттері

Құқықтары



Тәрбиешінің міндеттері мен құқықтары

Міндеттері

Құқықтары



Баланың денсаулығы мен жеке бас гигиенасы

Жағымды

Зиянды



2-тапсырма

Пайымдау

Құқығы / міндеті

1

Баланы уақытында балабақшаға әкелу

2

Танымдық құралдармен қамтамасыз ету

2

Тәрбиешіге баланың жағдайы туралы ескерту

3

Кештерге, ертеңгіліктерге , сабақтарға қатысу

4

Ауа-райына байланысты баланы киіндіру

5

Баланың денсаулығына, өсуіне қамқорлық жасау

6

Бала тәрбиесіне байланысты тәрбиешілермен кеңесу

7

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйрету

8

Отбасының басқа туыстық мүшелерімен араласып тұру

9

Білім алуына мүмкіндік жасау

10

Бала тәрбиесіне кері әсер ететін әдеттерді шектеу








3-тапсырма

«Сиқырлы қоржын»

1. Ең үлкен қорқыныш бұл - ....

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін.....

3. Мен ренжимін, егер....

4. Мен қуаныштымын, себебі.....

5. Баланы үнемі қолдап отырса.....

6. Мен үшін бақыт деген.....

7. Отбасының қорғаны кім?

8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз

9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық... (қалай исең, солай иіледі)

10. Ана- бауырындағы бұлақ.... (бала- жағасындағы құрақ)

11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалса не істер едіңіз?

12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз

13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.

15.Балаңызбен ақылдасып жасаған әрекетіңіз...

16.Тәрбиеші балаңызды жазалады, сіздің әрекетіңіз...

17. Балаңыз көзіңізше бір баламен ойыншыққа таласты...

18.Гигиена деп нені түсінесіз?

19.Ақпараттық құралдардың зияндылығы

20.Денені шынықтыру жаттығулары

21.Баланы киіндіру талаптары

22. Тамақтандыру

23.Қоршаған ортадағы зиянды әдеттер

24.Баланың көзінше әңгімелер айту

25.Балаға ең бірінші кезекте жауапты








© 2010-2022