Сынып сағаты Тақырыбы: Мақал-мәтелдерсайысы

Мақал-мәтелдер сайысыСәріпова Р.Қ.Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мақсаты: Оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет,бейнелеу өнеріКөрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт. Түрі:сайыс Сайыстың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Жүргізуші: - Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақал-мәтелдер сайысы

Сәріпова Р.Қ.

Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиет,бейнелеу өнері

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер,флипчарт.
Түрі:сайыс
Сайыстың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Жүргізуші: - Бүгінгі сайыстың жақсы өтуіне тілектеспіз.Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.

Ш.Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
М.Горький: «Тіл аспап сияқты,оны жақсы білу керек,оны меңгеру керек.»
Б.Момышұлы: «Тіл дегеніміз-қай халықтың болмасын,кешегі,бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»

М. Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Н. Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»

Ал енді сайысымызды бастайық.

Қазақ тілі - туын биік ұстаған,

Қазақ тілі - кең далама ұқсаған.

Қазақ тілі - мәртебелі, еңселі,

Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр адамның мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес асыл мұра. Тілді қастерлеу, ізгілік пен мәдениеттіліктің белгісі.22 қыркүйек күні бүкіл Қазақстан халқы үлкен бірлік пен береке күні - Тілдер мерекесі күні тойлануда.Егеменді еліміздің Тәуелсіздігінің Туы желбіреп, тұғыры бекігеніне де биыл 20 жыл.«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- деп заңғар жазушымыз М.Әуезов айтқандай, Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен» мемлекеттік мекемесіндегі «Тіл және мәдениет» атты мерекелік іс - шараға қош келдіңіздер!

Сайыс 6 кезеңнен тұрды:

1 - кезең. « Өзге емес өзім айтам өз жайымды» бөлімінде өздерің таныстыру.

2 - кезең. «Мақалды жалғастыр» .Тіл туралы мақал - мәтелдің басы айтылады, сайысқа қатысушылар жалғасын айтады.

3 -кезең.Тапқырлар сайысы. Тапқырлық, ой үндестігі
4- кезең « Ойлан да, ойна». Тірек сөздер түрінде берілген сурет бойынша мақал ойлап шығару

5-кезең.Оқушы түйіні. Жырау шешендігіндегі негізгі ой

Негізгі бөлім:1 - кезең. « Өзге емес өзім айтам өз жайымды» бөлімінде өздерің таныстыру. Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа,

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтына

Әр топ өз командасының аты, ұраны, төсбелгісімен таныстырып өтеді

І топ. «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз, Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ. «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз, Жетуге соған тырысамыз!

ІІІ топ. «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап, Өмірде біз келеміз жарқылдап

2 - кезең. Н.Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ,тілден артық қасиет жоқ.»

«Мақалды жалғастыр» . Тіл туралы мақал - мәтелдің басы айтылады, сайысқа қатысушылар жалғасын айтады.

1.Тіл тас жарады,Тас жармаса, бас жарады.

2. Адам көңілден азады, тілден жазады.

3.Адамға келген он пәленің тоғызы - тілден.

4.Адам көңілінен азады, Тілінен жазады.

5.Айтпас жерде тілің тарт.

6.Ана тілі - бәріміздің анамыз, Өйткені ол - ұлтымыздың анасы.

7.Ана тілің алпыс тілге татиды.

8.Ақынның тілі қылыштан өткір.

9.Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.

10.Атағыңды өсіретін де, өшіретін де - тіл.

11.Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

12.Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар.

13.Ауызда жиек жоқ, Тілде тиек жоқ.

14.Әдеп басы - тіл.

15.Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

16.Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.

17.Бал тамған тілден у да тамар.

18.Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.

19.Басқа пәле - тілден.

20. Кісі қызыл тілден өледі, Түлкі қызыл жүннен өледі.

3 -кезең.Тапқырлар сайысы. Тапқырлық - ой үндестігі
Шарты : Мақалдардың жартысын сызба арқылы дұрыс құрастыру.
Отан - оттан да ыстық.
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.
Опасызда Отан жоқ.

Отан үшін күрес - ерге тиген үлес.

Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе өзің жеткенің.

Отансыздың оты жанбайды.

Отанды сүю - отбасынан басталады.

Отан - елдiн анасы,Ел - ердiн анасы.

Отан -

ерге тиген үлес

Отансыз адам

күймейсің.

Опасызда

жанбайды.

Отан үшін күрес

Ел - ердiң анасы.

Отанға опасыздық еткенің

отбасынан басталады.

Отансыздың оты

Отан жоқ.

Отанды сүю

оттан да ыстық.

Отан - елдiң анасы,

елдің көркі ерімен

Отан үшін, отқа түс,

өз түбіңе өзің жеткенің.

Отан көркі жерімен,

ормансыз бұлбұл.

4-кезең.Ойлан да ойна. Суретке қарап мақал-мәтел құрастыру (гүл, ту, балық суреттерін таратып беру)

Ер - еліңде, гүл - жеріңде.

Туған жерге туың тік.

Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.

5-кезең.Оқушы түйіні. Жырау шешендігіндегі негізгі ой.

Қазыбек бидің Бұқарға берген жауабы.

Бір дегеніңіз -бірлігі кеткен ел жаман,

Екі дегеніңіз-егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідеріден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніңіз- төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

Бес дегеніңіз-білікті адамнан белгілі азамат тумаған жаман.

Алты дегеіңіз-аймағын билей алмаған хан жаман.

Жеті дегеніңіз- жетем деген мақсатына жете алмаған хан жаман.

Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз-толғаныңыз,

Он дегеніңіз-о дүниеге жеткеніңіз.

Оқушылырдың жауабы

1-топ Өзімше ой түйгенім:

1-дегенім-..........................................................

2-дегенім- ..........................................................

3-дегенім-............................................................

2-топ: Өзімше ой түйгенім:

4-дегенім-..............................................................

5-дегенім-...............................................................

6-дегенім-..............................................................

3-топ : Өзімше ой түйгенім:

7-дегенім-...........................................................

8-дегенім-.............................................................

9-дегенім-............................................................

10-дегенім-...........................................................

6-кезең.Қорытынды. (толғаныс)
Бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма? Сайыс қалай өтті? Мемлекеттік тілді үйренуде мақал-мәтелдерді білу не үшін қажет?

Алматы облысы

Қарасай ауданы

Алмалыбақ ауылы




© 2010-2022