Классный час на тему Мен-елімнің болашағы

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейі





Мен - елімнің болашағымын

Өткізген:Қараманова Айнаш

Сыныбы: 8 «Б»



Қызылорда қаласы

Тақырыбы: Мен - елімнің болашағымын

Мақсаты:Өскелең ұрпақты өз Отанын сүюге, туған халқының

асыл мұрасын қастерлеуге, жаңа демократиялық

қоғамда өмір сүруге қабілетті және парасатты,

бәсекеге қабілетті, өз құқығын білетін,саналы,

ұлтжанды,азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,нақыл сөздер, постер

Әдісі:танымдық сабақ

Тәрбие сағаттың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Жаса, Қазақстан !» әні. Орындайтын Жәни Нұрдәулет

2.Ой қозғау.

Менің елім қандай?

(Оқушылардың жауабы бір -біріне ұқсамауға тиіс)

3.Үй тапсырмасы. Шығармашылық шеберханасынан

(Үш топқа тапсырмалар беріледі. Өлең шығару, эссе жазу, көрініс қою.)

4.Топпен жұмыс («Болашақ менің Қазақстаным» салған суреттерімен жоба қорғау)

Бейнеролик көрсету

5.Қорытынды.

I.Ұйымдастыру кезеңі

Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мен- елімнің болашағымын» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі.

Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.

Туған жерім,байтақ менің мекенім,

Сенен ұқтым кендіктің не екенін,

Қазақстан деген атты ардақтап,

Мәңгі бақи басымды иіп өтемін.

Ән: «Жаса, Қазақстан !» орындайтын ЖәниНұрдаулет

ІІ. Ой қозғау. Балалар,мен сендердің ойларыңды білгім келіп тұр. (Оқушылардың жауабы бір -біріне ұқсамауға тиіс)

-Менің елім қандай?

IІІ.Үй тапсырмасы. Шығармашылық шеберханасынан

1 топ эссе "Мен - елімнің болашағымын!"

2 топ көрініс.

3 топ өлең шығару "Менің елім- Қазақстан!"

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

IV.Топпен жұмыс.

Сен болашақта өз еліңді қандай деп елестетесің? Өз еліңнің көркеюіне қандай үлес қосасың?

Сурет презентациясы: "Болашақтағы менің елім"

Бейнеролик көрсету.

V.Қорытындылау

"Мен - елімнің болашағымын!" атты тәрбие сағатымызды аяқтай отырып,барлығыда сендердің қолдарыңда. Елін сүйген, құрметтеген, бәсекеге қабілетті азамат болады деп сенеміз.Уақыт бөліп,тыңдағандарыңызға рахмет!













Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей











Танымдық сабақ





Тақырыбы:«Мен- елімнің болашағымын»

Сыныбы:8 «Б»

Орындаған: Қараманова А.







Қызылорда қаласы, 2015 жыл

© 2010-2022