Открытый урок на тему «Ең қымбат қазына-тіл»

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок на тему «Ең қымбат қазына-тіл» №25 КРАСНОЯРКА ОРТА МЕКТЕБІ

Тақырыбы:

«Ең қымбат қазына-тіл»

Өткізген: Қайрбекова С.А.

Сабақ: Қазақ тілі

Сынып: 3-4 «Б»



Қыркүйек 2015ж

Сабақтың тақырыбы: «Ең қымбат қазына - тіл»

Сабақтың мақсаты: Оқушылырдың сөздік қорын молайту,ой-өрісін дамыту,тілімізді қастерлеуге баулу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,жұмбақ,мақал-мәтелдер

Пәнаралыық байланыс: қазақ әдебиеті,математика

Көрнекілігі: суреттер,мақалдар,слайдтар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, топқа бөлу,назар аударту.

Кіріспе сөз: Тіл-халықтың тарихы,тіл-ұлттық қазына,тіл-біздің намысымыз,байлығымыз барымыз.Жыл сайын 22-қыркүйек күні ҚР Тілдер мерекесі тойланады.Тілдер мерекесі құтты болсын!

Қазақ тілі -ҚР Мемлекттік тілі,туған тілі,дана тілі,бала тілі. «Тілін сүйген - елін сүйер»дегендей бүгінгі жас ұрпақтар тілін құрметтеп,елін сүйіп өтсін деп «Ең қымбат қазына - тіл» атты сайыс сабағымызды бастайық.

Сайыста тілге байланысты өлең-жырлар,мақал-мәтелдер,жұмбақтар сайысын өткіземіз.

1.Таныстыру/әр топ өздерін өлең шумақтарымен/

2.Ұран айту/тілге байланысты/

3.Төсбелгілерін қорғау/тіл туралы/

4.Үй тапсырмасы/мақал,жұмбақ/

5.Сұрақ-жауап/тілге байланысты/

6.Сайыс тапсырмаларын орындау/тілге байланысты аңыз-әңгімелер/

Қазақ халқының ауыз әдебиеті ұзақ ғасырлар бойы қалыптасқан.Көптеген аңыз-әңгімелерде,ертегілерде,өлең-жырда,мақал-мәтелдерде,табиғаттың жұмбақ құбылыстары мен өмірдің әр алуан жақтары көрініс табады.Халық

Ауыз әдебиетінің түрлері ауыздан-ауызға тарап,уақыт өткен сайын жетіліп, дамып халықтың даналық ойымен,әсем де қарапайым тілімен айтылып отырған. «Өнер алды-қызыл тіл»деп қазақ халқы көркем сөздің адам өміріндегі маңызын жоғары бағалаған.Халық ауыз әдебиеті балаларды еңбекке,адамгершілікке,туған жерді сүюге,мейірімділікке тәрбиелеуде пайдаланылған.

Кезекті топтарға беру,топтар өздерін таныстырады.

1.Таныстару/топ аты,төсбелгі,ұраны/

2.Үй жұмысын сұрау/мақал,жұмбақ/

3.Сұрақ-жауап /тілге байланысты/

4.Тапсырмалар Мақал-мәтелдерді аяқтау/ой шақыру/

Ананың сүті бал..

Тіл-қылыштан өткір...

Баланның тілі бал...

Басқа пәле -тілден...

Тіл- қымбат қазына...

Сөзге мақал-мәтел құрастыру

Сөздер: Тіл,ана,бал,дос,ана тілі,кітап,оқу,білім.

Мақалшылар сайысы

Жұмбақ жасыру,жауабына мақал-мәтел құрастыру.

1.Жарық қылып қос тоғайдың етегін,айтшы ол не екенің?/көз/

Көз-қорқақ,қол батыр.

2.Білімнің дәнін тереді,балаға тәлім береді/ұстаз/

Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы.

3.Оң жағында бес сарбаз,сол жағында бес сарбаз/саусақ/

Саусақ бірікпей-ине ілікпейді.

4.Бірде төмен,бірде шығып жоғары,сөз сөйлесең,қозғалыста болады/тіл/

Тіл тас жарар,тас жармаса бас жарар.

5.Таудан биік,теңізден терең/ақыл/

Ақыл озбайды,білім тозбайды.

Мақал-мәтел мағынасын ашу

Орыс тілінде берілген мақалды қазақ тіліне аудару

1.Язык-это основное средство общение людей.

Тіл-қатынас құралы...

2.Каждый язык-это целый мир.

Әр тіл-үлкен әлем....

Мақал-мәтелдерді аяқтау.

1.Көп сөз көмір,аз сөз ......./алтын/

2.Тіл-қылыштан.... /өткір/

3.Өнер алды қызыл..../тіл/

4.Тілін сүйген-елін...../сүйер/

5.Ең тәтті де тіл,ең ..../ащы/да тіл.

Жасырын мақалдарды тап!

3,1,6,7,10,0,1000-сандарын ілу/көп нүктеге қою/

1..../жеті/жұрттың тілін біл,..../жеті/түрлі ілім біл.

2.Піл к3ті,піл к3ті емес,тіл к3ті./3-үш/

3.Көп сөз-көмір,аз сөз-6н/6-алты/

Сұрақ-жауап

-Тіл туралы өлең шумақтарын білеміз бе?/оқушылар жеке айтады/

-Кім барлық тілде сөйлейді?/жаңғырық-эхо/

Қорытынды:

Сабақты қорытындылау,бағалау,топтардың ұпайларын санау,жеңімпаздарды шығару.

Тіл- ,байлық,мәдениет,тарих,әдебиет....

Үйге тапсырма: Тілге байланысты мақалдарды жаттау.



© 2010-2022