ЖАhАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
ЖАhАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУЖАhАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУЖАhАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУЖАhАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУЖАhАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУЖАhАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУЖАhАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ӘОЖ: 3 КП 4

С 21

Раймханова М.Б


ЖАhАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАР БОЙЫНДА ПАТРИОТИЗМНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті,

«Бақыршық орта мектебі» КММ

тел: (8-723-47) 55-244; факс: (8-723-47) 55-171

Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, Қазақстан халқының рухани-мәдени топтасуын, сабақтаса және ілгерілей дамуды қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан- 2030» Жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.

Бүгiнгi жаһандану үрдiсiнде патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетiне деген сүйiспеншiлiгiмен қатар, әлемдiк дамудың тыныштығы мен бейбiтшiлiгiн сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау, яғни жалпыадамзаттық патриотизм тұрғысынан қарастырылады.

Патриотизмнiң мазмұнын анықтау үшiн ұлттық құндылықтарды бүкiладамзаттық құндылықтармен ұштастыру негiзгi көкейкестi мәселе болып табылады.

Бүгінде халқымыздың тарихи тәжірибесін қайта бағалау, дәстүрлі-өнегелік негіздерді өзгерту және соның нәтижесінде қазақстандықтардың жаңа саяси санасын қалыптастыру талпыныстары жасалуда. Бұл үрдіс бірнеше құрамдас бөліктен тұрады. Біріншіден, саяси жүйе туралы, саяси институттар, демократиялық тұрғыдан саяси үрдістерге қатысу механизмдері туралы жаңа білім жинақтау. Екіншіден, негіздік, тарихи тұрғыдан орныққан қоғамдық құндылықтарды өзгерту, олардың ішінде мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы мен өмірге қабілеттілігін, ұдайы өндірісін нығайтуда патриотизм маңызды рөл атқарады.

Мемлекетіміздің саяси тарихында қазақ халқының патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қала бермек. Бұл биік сезім өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті түйсінушілікке дейін ұлғаяр болса, ол жекелеген адамдардың күнделікті іс-әрекеттеріндегі маңызды серпінге, осыдан келіп, тұтастай қоғам ілгерілеуіндегі қуатты қозғаушы күшке айналады. Дәл осы патриотизм қоғамның саяси бірлесуі мен тұтасуына септеседі немесе, керісінше, қоғамның ыдырауы мен бөлінісіне әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк "Бiлiм" бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты - "қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру" - деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.

Ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмiн оятып, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруда Ж. Аймауытов , әл-Фараби, А. Байтұрсынов , Ж. Баласағұн , Ә.Бөкейханов,Л.Н.Гумилев,Ә.Диваев,Х.Досмұхамедов,М.Дулатов М.Қашқари, Ш.Құдайбердиев, А. Левшин , Г.Н.Потанин, В.В.Радлов, т.б. мәдени мұралары шешуші рөл атқарады.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің теориялық-әдiснамалық негiздерi философиялық ілімде Алтаев Ж., Айталы А., Гершунский Б.С., Есiм Ғ., Изотов М., Кiшiбеков Д., Қасабеков А., Нысанбаев Ә., Сәрсенбаев Н., т.б., тарих саласы бойынша Ахметова Л., Қасымбаев Ж., Қозыбаев М., Мыңжанұлы Қ., Смағұлов О., Тұрлығұлов Т., Жұртбаев Т., Шоқай М., филологиялық еңбектерде Әуезов М., Дәуiтұлы С. Жолдасбеков М., Жұмадiлов Қ., Кекiлбаев Ә., Келiмбетов Н., Мағауин М., Мұқаметқанов Қ., Мұқанов С., Салғарин Қ., Сейдiмбек А., т.б. еңбектерiнде зерделенген.

Қазақстанда бiлiм мен тәрбие iсiнiң даму мәселелерi, патриоттық тәрбиенің тарихи-педагогикалық қырлары Әлмұхамбетов Б.А., Бержанов Қ.Б., Беркiмбаева Ш.К., Қалиев С.Қ., Құнантаева К.Қ., Сейдахметова Л., Сембаев Ә.I., Сытдықов Ә., Тәжiбаев Т., Нұрахметов Н.Н., Храпченков Г.М., т.б. еңбектерінде баяндалған.

Патриоттық тәрбие адамгершiлiк тәрбиенiң негізгі құрамдас бөлігі екені Iлиясова А.Н., Байсерке Л.А., Бейсенбаева А.А., Жампейсова Х.Қ., Ким А., Көшербаева А.Н., Майғаранова Ш., Нұрғалиева Г.Қ., Орынбасарова Э.А., Төлеубекова Р.К., т.б. еңбектерінде зерттелген.

Патриоттық тәрбие берудiң этникалық және ұлттық негiздерi Бейсембаева А., Бөжиг Ж., Валеев И.И., Волков Г.Н., Ғаббасов С., Джаңабаева Р.А., Ешiмханов С., Жұмаханов Ә., Измайлов Э., Қалиев Ж.Қ., Қожахметова К.Ж., Құсайынов А.Қ., Наурызбай Ж., Рождественская Р.Я., Сухомлинский В.А., Таубаева Ш., Ұзақбаева С.А., т.б. зерттеу еңбектерінде жүйеленіп берілген.

Тәрбие үрдісінде тұлғаны әлеуметтендiру, оның гуманистік көзқарасын және азаматтығын қалыптастыру мәселесі Арынғазин Қ.М., Аганина Қ.Ж., Батталханов Е.З., Криворотова Д.А., Мақатова Ж.А, Меңлiбекова Г.Ж., Менлибаев К.Н., т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Зерттеу мәселесінің психологиялық негіздері Аймауытов Ж., Выготский С., Жарықбаев Қ., Жүкеш Қ., Момышұлы Б., Мұқанов М., Оразбекова К., Рубинштейн С.Л., Темірбеков А., т.б. еңбектерінде зерделенген.

Патриоттық тәрбиенің негізгі құрамдас бөлігі әскери-патриоттық, дене тәрбиесі және оның дамуы Аронов А.А., Конпиев Н.М., Минжанов А., Н.Ромашов, Нұрмұқашева С., Храпченков В.Г., т.б. ғылыми жұмыстарында әскери тәрбиенің патриоттық мәселелерді шешудегі бағыттылығы қамтылады.

Жалпы білім беретін мектептерде, мектеп-гимназияларда патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістері, ұстанымдары, технологиялары Агапова И.А., Аронов А.А., Бекмұхамедов Б.М., Датский В., Конжиев Н.М., Коновалова Г.А., Мазыкина Н.В., Матвеева С.В., Матушкин С.Е., т.б. еңбектерінде шешімін тапқан.

Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыру, әскери мамандарды патриоттық тәрбие ісіне бейімдеу мәселелері, тұлғалардың өмiрi арқылы оқушыларды патриотизмге тәрбиелеуде Әбдіраман Ш., Әбілғазиева К.Т., Г.Қ.Белгібаева, Дүйсенбаев А.Қ., Жұматаева Е.Ө., Зима М.В., Исаева З., Каргин С.Т., Көбесов А., Құсайынова Д., Момынбаев Б.К., Мұратханова Р., Мұхамединова Н.Ә., Халитова И.Р., т.б. еңбектерін атауға болады.

Алайда жоғарыда талданған ғылыми еңбектерде көпұлтты Қазақстан халықтарын жаңа әлеуметтiк даму және әлемдiк интеграциялық үрдiс жағдайында патриоттық тәрбие берудiң кешендi жүйесi жеткілікті деңгейде қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында "Патриоттық тәрбие негізінен мемлекеттік білім беру мекемелерінде іске асырылады. Бірақ білім беру мекемелерінде тарихи аспектідегі бүгінгі күн шындығына негізделген және қазақстандықтардың ұлттық менталитетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-дидактикалық, ғылыми-әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігін атап өтуге тура келеді. Білім беру саласында демократиялық патриоттық дүниетанымды жүйелі түрде қалыптастыруда әлеуметтік технологияларды қолдана білетін мамандардың, гуманитарлық дамуы жөніндегі әлеуметтік технологияларды әзірлеудегі оңтайлы іс-тәжірибелердің жеткіліксіздігі патриоттық тәрбие берудің өзектілігін нақтылай түседі", - деп атап көрсетеді.

Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында жастарға патриоттық тәрбие беру барысында стратегиялық және тактикалық жағдайларды iске асыруда алдымызға қойған негiзгi талаптарды шешу көзделді:

  • патриоттық тәрбие беру үрдісінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру;

  • жүйелі-ұйымдастыру - мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаны өзара сабақтастыра отырып, мақсатты түрде оқушыларға патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыру;

  • аймақтық ерекшеліктерді ескеру, туған елге, жерге, ауылға, қалаға, т.б. сүйіспеншілігі арқылы, ұлттық және Қазақстандық, жалпыадамзаттық патриотизмді қалыптастыру;

  • кешенді ықпал ету арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан патриоттық, әлеуметтік құндылықтарды, тәжірибелерді жүйелі түрде пайдалану.

Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыадамзаттық құндылықтардың бiрi - тәрбиенiң басқа адамға деген қажеттiлiгi, басқа адамдарды сүйе бiлу қажеттiлiгi болып табылады. Философиялық тұрғыда рухани құндылық, соның ішінде патриотизм рухани сұраныстарды қанағаттандыратын және тұлғаның рухани әлемін байытуды көздейді. Тұлғаның бойындағы руханилық өлшемдер оның ой-санасында,мінез-құлқында, іс-әрекетінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлесуі, қалыптасуы деп көрсетеді.

Зерттеуіміздің негізгі мақсаты тұлғаның бойында тәрбиенің негізгі өзегі болып табылатын патриоттық құндылықты қалыптастыру. "Құндылық" (И.Кон, В.А.Караковский, А.Г.Здравомыслов, В.А.Ядов, В.П.Тугаринов, С.Қалиев, Ж.Наурызбай, Г.Қ.Нұрғалиева, Р.К.Төлеубекова, т.б. ғылыми зерттеулерінде) - Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер, еңбек, адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы, т.б. болып саналады.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықты айқындауда жоғарыда патриотизмге берiлген анықтамаларға және құндылық, адамгершiлiк құндылық ұғымдарын философия, педагогика, психология ғылымдары тұрғысынан саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі - отбасы, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері -мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады.

Жастар - бұл біздің қоғамымыздың болашағы және оның қандай болып қалыптасуынан біздің қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мемлекеттілігі байланысты.

Қазақстандық отансүйгіштік және ұлттық келісім Қазақстан республикасының азаматын тәрбиелеудегі негіз болып табылады.Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азамат және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе.

Халқымыздың батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы: «Патриотизм - Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдереді.», - деп атап көрсеткен.

Отан - әрдайым туған анамызбен бір деңгейде тұратын, тіпті мазмұны жағынан одан әлдеқайда биік бағалануға тиісті ең қасиетті, ең ұлы анамыз.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруге өз үлесін қосатын патриот - азамат

Ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған, ғылыми - техникалық прогресс көшіне ілесе алатын



Халықтар арасындағы достықты нығайтатын

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды менгерген

Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға



Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға өз үлесін қосатын

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне, халықтардың мәдениетіне, тарихына, дәстүріне, тіліне, дініне құрметпен қарайтын

Қазақстан Республикасының экономикалық байлығын дамытатын


Сурет 1 - Патриоттық құндылықтары қалыптасқан патриот-тұлға моделі

Патриоттық тәрбие болашақ Отан азаматы тұлғасын қалыптастыруды мақсат тұтады. Бір қарағанда, айқын болып көрінетін бұл мақсаттың мәнін көптеген халыққа білім беру қызметкерлері жете зерделей бермейді, бұл осы мақсатқа жетудің шектеулі, көбіне-көп үстірт әдіс-тәсілдеріне алып келеді. Бұл ретте, қарапайым ақиқат естен шығып кетеді: біздер, яғни, ересектер үшін талассыз болып табылатын нәрсе балалар үшін, әсіресе, жоғары сынып жасөспірімдері мен кәмелетке жаңа толған жастар үшін дәйім талассыз бола бермейді. Соның нәтижесінде патриоттық тәрбиенің маңызды бөлігі - Отаншылдық сезімін, оған деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, басқаша айтқанда, оның дәйекті дүниетанымдық мәні мен өнегелік қозғаушы негізі түсіп қалады.

Осыдан келіп, жастарға патриоттық тәрбие беру саласында салмақты әдістемелік зерттеулер қажеттігі туралы тұжырым жасауға болады.

Өз ойымызды қорытындылай келе, жаһандану жағдайында қазақстандық жастар бойында патриотизмнің негізгі құндылықтарын қалыптастыруды үздіксіз, дұрыс пайдаланғанда ғана, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланып, жұмысымыздың ілгері жылжуына септігін тигізеріне сеніміміз мол.











Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы: Білім, 1998. - 37 бет.

1. Құттыбаева С.Ж. Қазақстандық патриотизм мен толеранттыққа тәрбиелеу-мұғалімнің басты борышы. // Тарих Қазақстан мектебінде. - №4. - 2010.

2. Назарбаев Н.Ә."Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде"Алматы, 2000.

3. «Тәрбие құралы». Республикалық ғылыми - педагогикалық журнал № 5, 2009 жыл

4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. № 1, 2007 жыл

5. Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Тараз, 1999.

6. Милько О.Е. Патриотическое воспитание среди факторов формирования патриотизма. Смоленск, Универсум, 2005 г.

7. Новый энциклопедический словарь. - М., 2002. - С.888

8. Современный политологический словарь / Под ред. В.И. Даниленко. - М., 2000. - С.621

9. Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. - Алматы, 2005. - 46-47 беттер.

10. Абсаттаров Р.Б. Воспитание казахстанского народа: вопросы теории и практики // Актуальные вопросы общественной жизни. Сборник статей. -Алматы,1994. -С.71.



© 2010-2022