Сабақ жоспары қазақ әдебиеті Шешендік-өнер бастауы (8 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Райымбек ауданы

Шалкөде орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Нусипова Мадира


Сыныбы: 5-8-сынып

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті (сыныптан тыс сайыс сабақ)

Тақырыбы: «Шешендік - өнер бастауы»

Мақсаты:

-Оқушылардың қазақтың би-шешендері жайлы білімдерін тереңдетіп, шешендік сөздерді меңгерту, шешен сөйлеу мәнерін қалыптастыру;

-Оқушыларды ұлтжандылыққа, шешендікке, имандылыққа тәрбиелеу;

-Оқушыларды өз бетімен ізденуге, шешен сөйлей білуге дағдыландыру, дүниетанымын, ақыл- ой белсенділігін дамыту.

Сабақ түрі: сыныптан тыс сайыс сабақ

Әдіс тәсілдер: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, сахналық қойылым

Көрнекілік: қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, үлестірмелер, интерактивті тақта.

Барысы:

Ұйымдастыру. Мұғалім сөзі:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз 5-8-сыныптар арасында «Шешендік - өнер бастауы» тақырыбында сайыс өткізгелі отырмыз. Сайысымызға қош келдіңіздер!

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры - шешендік сөздер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер- ғасырлар бойы халық сынынан екшеленіп өткен асыл мұра, баға жетпес құнды мұра. Ендеше, сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық.

1-топ - 5-сыныптың «Зерек» тобы,

2-топ - 6-сыныптың «Қыран» тобы,

3-топ - 7-сыныптың «Қазына» тобы,

4-топ - 8 а-сыныптың «Жас шешен» тобы,

5-топ - 8 б-сыныптың «Жиренше» тобы.

Қайсысы шешен, қайсысы көсем,

Талабын байқап қарайық.

Кімдер жылдам, кімдер зерек,

Топтарды сынап бағайық,- демекші, алдымен топтарға әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.

1. Топтарды таныстыру.

2. Шешендік өнерге байланысты сахналық қойылым.

3. «Тіл-өнер» сұрақ-жауап.

4. «Шешен сөйлей білейік» берілген тақырыптарға шешен тілмен сөйлеу.

Негізгі бөлім.

Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:

Көш бастау қиын емес-

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес-

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын-

Шешімін таппас дау бар,-деген екен.

1-кезең -Таныстыру.

Топ басшылары өз топтарын, топ мүшелерін шешен тілмен таныстырып өтеді.

«Шешендер - ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі»

2-кезең- Сахналық қойылым.

Бұл кезеңде топтар би-шешендердің өміріне, айтқан шешендік сөздеріне қатысты көрініс көрсетеді.

«Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа тұт,

Жасы кіші демеңдер, ақылы асса аға тұт»,- деп Төле би бабамыз толғағандай келесі 3-кезең оқушылардың ақылдары мен тапқырлықтарын сынайтын сұрақ-жауап бөлімі. Сұрақтар интерактивті тақтадан көрсетіліп тұрады. Топтар рет саны бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Мақалдың жалғасын тап. Шешен сөз бастар, ... (Батыр қол бастар)

2. «Қаз дауысты» деген атауды Қазыбекке кім, қандай себептен қойған? (Қалмақ ханы Қоңтажы)

3. Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Кімнің шешендік сөзінен берілген үзінді? (Төле би)

4. Мақалды жалғастыр. Таппасаң сөздің жүйесін,... (Отына өзің күйесің)

5. Үш көзді ата. (Су анасы-бұлақ, жол анасы-тұяқ, сөз анасы-құлақ.)

6. Дау мұраты не? Саудагер мұраты не? Қыз мұраты не? Жол мұраты не?- деген сұраққа Сырым батырдың берген жауабын айт. (біту, ұту, кету, жету)

7. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,...»,- деп қалмақ ханын тізе бүктірген би кім? (Қазыбек би)

8. Алты алаш деген кімдер? (Алаша ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылған)

9. «Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ» Кімнің шешендік сөзі? (Әйтеке би)

10. Жиренше шешеннің шешендік сөздерінен мысал келтір.

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып айтатын тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болу қажет.Біздің шешендердің бойында осы қасиеттер бар ма екен, көрейік.

4-кезең- «Шешен сөйлей білейік» берілген тақырыпқа шешен тілмен сөйлеу.

1. Тілдер мерекесінде сөйленген сөз.

2. Ұстаздар мерекесіндегі құттықтау сөз.

3. Тәуелсіздік күні мерекесінде сөйленген сөз.

4. Туған күн кешіндегі құттықтау.

5. 8 наурыздағы аналарға арналған құттықтау.

6. Ұлыстың ұлы күнінде сөйленген сөз.

Қорытынды.

Сайыс қорытындысын айту үшін қазылар алқасына сөз беріледі. Сайыс жеңімпаздарын анықтап, марапаттау.

Барын риза болсын көрермендер,

Үйреттік шәкірттерге өнер- білім.

Осымен бұл сайысты тәмамдасақ,

Тағы да үйретерміз аман болсақ.





© 2010-2022