Классный час на тему «Тіл тағдыры – ел тағдыры»

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Тіл тағдыры - ел тағдыры».

Сабақтың мақсаты: Студенттің сөйлеу мәдениетін, өзіндік ой - пікірін ашық айта білу, баяндау шеберлігін, шығармашылығын арттыра отырып, пікірталас мәдениеті сырларын меңгеруге ықпал жасау. Білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, сөйлеу мәдениеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру.
Алған білімдерін өз бетінше жұмыста қолдана алуға жағдай жасау. Өмірдегі әр сәтке байыппен қарауға үйрету.

Көрнекілігі: Плакаттар мен буклеттер.

Сабақ әдісі: Пікірталас.

Бүгінгі пікірталасты жоспарламас бұрын алдыма мынадай мақсат қойдым:

  1. Осы тақырып бойынша оқушының ойын оятып, пікірін айтқызуға қандай мүмкіндіктер жасау керек?

  2. Пікірталастың маңыздылығы не болмақ?

  3. Әдістер таңдау арқылы ой қозғап, пікір айтуға бағыттауды көздедім.

Мағынаны тану

Өздігінше ізденіп ақпараттарға жауап іздейді, тілді дамыту туралы өз бағытын баяндайды.

Топта жұмыс істеу

Тілдің ұлттық болашағы үшін маңыздылығын түсіну.

Пікір айту. Жаңа ойлар айту. Сұраққа жауап іздейді, тұжырымға келеді. Ойларын көпшілікке ұсынады. Өзін-өзі тануға талпыну.

Стратегиялар. Студенттерді топтастыру. Студенттерге тіл парызынан мағлұмат беру. Пікірталасқа тарту. Пікірталас барысында өз пікіріне сенімді жауап беру қабілетіне ерекше назар аударылады.

Студенттердің қызығушылығын ояту үшін студенттерге ұсынылатын сұрақтар.

  1. Тіл тағдыры - ел тағдыры.

  2. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының орындалуына көңіліңіз тола ма? (өз пікірің)

  3. Қазақстан азаматына орыс, ағылшын тілін білудің қажеттілігін бар ма?

  4. Қазақ алфавиті ретінде латын алфавитін енгізуге қалай қарайсың?

БАРЫСЫ

Әр топтан бір-бір студент «Тіл тағдыры ел тағдыры» деген тақырыпта өздері жазған пікірлерін оқып жеткізеді.

Екеуі өзі жазған ой пікірлерін қорғайды. Студнеттердің сұрақтарына жауап береді.

Тілдің өмір-ұлттың өмірі. Тілсіз ұлт болмайды. Негізгі идеяны тану. Тілімізді дамыту үшін өз тілімізде қолданылып жүрген сөздердің мағынасын толық түсінуіміз керек.

ПІКІРТАЛАСҚА ТАРТУ

Тілдерді қолдану мен дамыту туралы Президент Жарлығымен таныстыра отырып, Қазақстанды мекендейтін 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстардың тілдерін дамыту мен қолдану.

Барлық студенттерге қазақ тілі, ағылшын тілі мен орыс тілінің бүгінгі жағдайы мен болашағын болжау (пікірлесу).

Қазақ тілінің бүгінгі жағдайына көңіліңіз тола ма?

Қазақ тілінің Отаны - Қазақстан.

Қазақ тілінің дамуының кенжелеп келе жатқанына кім кінәлі?

Қазақстан Республикасының Конститутциясындағы тіл туралы бапқа өзгеріс жасауға қалай қарайсыңдар.

Сөйлеу барысында айтылған пікірлерді нақтылап дәлелдеу арқылы қорытамын.

Қорытынды. Студенттердің еңбектерін бағалау. Жалпы қорытынды пікір айту.


© 2010-2022