Ризамын, туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық жолы)

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Ризамын,туғаныма адам болып,

Өкінбен қаламын деп бір күн солып.

(Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл)

Сабақ мақсаты:

-Жыр жұлдызы, ақиық ақындардың бірі Қасым Рақымжанұлы Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық жолымен, артында қалған бай мұрасымен таныстыру.

-Отансүгіштікке, сыршылдыққа, ақындық мәдениетке баулу.

-қазақтың дауылпаз ақыны, жерлесіміз Қасым ағаның өлеңдерін оқу, жатқа білу, мерейтойына үлес қосу ұрпағына тиеслі екенін ұғындыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, жатқа мәнерлеп оқу, слайдпен жұмыс

Көрнекілер: Слайд: Ақын жанұясы, Қасым құдығы, 80,90 жылдық тойдан көріністер, хронологиялық кесте т.б.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Жаңа тақырыпты меңгеру

Өмірінен деректер:

Жылдар

Болған оқиғалар

1911

қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қызыл деген жерде дүниеге келген.

5 жас

Әкесі Рақымжан қайтыс болады. Анасы Айғашаны туыстары малы көп байға сатып жібереді.Қасым мен қарындасы жетім қалады, кейін қарындасы дүниеден озады.

1923

Ағасы Ахметжан оны Семейдегі бастауыш мектепке береді. Зеректігімен алғашқыда 2 сыныпты бір-ақ бітіреді, өлең жаза бастаған.

1924-1926

Семей балалар үйінде тәрбиеленеді, сыбызғыда жақсы ойнайды.

1927-1930

Семейдің мал дәрігерлік техникумында оқиды. Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген қайраткері Атығай Шанин екеуі техникумның қабырға газетін шығарып, оның алғашқы беттеріне Қасымның тырнақалды туындылары жарық көреді. Техникумды бітіруге мүмкіндігі болмайды.

1930

Алматыға келеді, бірақ қалаған оқуына түсе алмайды. «Лениншіл жас», «Қызыл әскер»газетіне орналасады.

1931

Ленинград орман шаруашылық институтына түседі.Тұманды, жауын-шашынды ауа-райы денсаулығына жақпай 1 жылдан соң тастап кетеді.

1932

Орал қаласы «Екпінді құрылыс»газетіне орналасады. Өнерге, поэзияға деген құштарлығы өседі.

1933

Әскери борышын өтейді. Оралдағы соғыс-оқу пунктінде жауынгерлік парызын атқарады.

1935-1936

Оралда жаңадан ашылған қазақ театрында жұмыс істейді,жетекші болады.

1941-1943

Ұлы Отан соғысы басталғанда өзі тіленіп майданға аттанады.19-атқыштар бригадасының аға сержанты болады.

1955 17.01

Соғыстан кейінгі жылдары өкпесіне жабысқан дерт Қасымды ұзақ жылдар қармағына ілген, ақырында талантты ақын, ақындардың жұлдызы атанған Қасым Аманжолов қайтыс болады.

Ақын қайтыс боларынан бірнеше күн бұрын жүзеге асыра алмай бара жатқан арманы жайлы былай деген екен, жөтел қысқан бір сәтінде тер моншақтап отырып:

Жым-жырт түн

Мұнша неге бұйықтым,

Қозғашы, ой салшы.

Келші бермен сүйіктім.

Әперші бермен домбырамды,

Бір салайын қоңыр әнді,- деп домбыраның қос ішегін баяу күмбірлетіп отырып «Өзім туралы» өлеңін дүниеге әкелген.

  • «Өзім туралы» өлеңін оқушы жатқа оқиды.

Мұғалім сөзі:Ризамын, туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық жолы)

Дүниеден өтер алдында сүйген жары Сақыпжамалға: «Енді менің дәмімнің таусылған уақыты жақындап қалған сықылды. Өлім үшін өкінбеймін, өйткені екінің бірі өледі ғой. 3 нәрсені армандап бұл дүниеден өтіп барамын»,-дейді.

  • 3 арманын оқушы оқиды: (Айша)

1) Абайдан асамын ба деп едім,аса алмай бара жатырмын.

2) Қазақтың Евгений Онегинін жазамын ба деп едім, оған да ажал шіркін жеткізбей әкететін түрі бар.

3) Көшеге шыққанын бүкіл Париж аңдып тұратын Виктор Гюгоның құрметіндей қошеметке бөленсем деп едім, бұл таусылмас арман болып, қара жер қойнына менімен бірге көмілетін болды.

Шығармашылығы

жылдар

Шығармалары

1934

«Айбынды қызыл әскер» (Орал)

1936

«Тұрмыс толғауы»(Алматы), «Хантәңірі»(Алматы), «Ұлы Октябрь»

1938

Тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры»

1939-1940

Өлеңдері: «Нар тәуекел», «Бурабай толқындары», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Сұлтанмахмұт туралы баллада», «Өз елім», «Ғашық едім қайтейін», «Лондон», «Күлемін де жылаймын».

1941

«Мазасыз музыка», «Қоштасу», «Бейсекештің бес ұлы», «Отан үшін жан пида» өлеңдері.

1942

«Сәбитке», «Ғабдоллаға»

1943

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы майдандас досы Абдолла Жұмағалиевке арналады.

1943

«Елге хат»(5 бөлімнен тұратын ұзақ толғау), «Орал», «Сарыарқа», «Байкал», «Өтіп бара жатырмын», «Ұлы күтіс», «Үстімде сұр шинелім», «Подполковник Әлпинге», «Қапанға», «Сәбитке»,.

1944

«Ғалиға жауап», «Қызғалдақ», «Сен фашиссің, мен қазақпын»өлеңдері.

1945

«Күз» өлеңі

1946

26 өлең жазған. «Дариға сол қыз», «Жамбылға», «Достар», «Туған жер», «Құрбыма», «Сауыншы жеңгейдің жыры», «Домбыра», «Май келді», «Күйім тасып барады, күйім тасып»,т.б.

1947

«Біздің дастан»поэмасын бастайды.

М.Лермонтовтың «Маскарад»драмасын, А.Твардовскийдің «Василий Теркин»атты ұзақ та күрделі поэмасын аударады.

1948

«Бауыржанға», «Өзім туралы» өлеңдері,

«Дауыл», «Балбөбек» жинақтары

Пушкин, Лермонтов өлеңдерін, Пушкиннің «Полтава» поэмасын аударды.

1950

«Нұрлы дүние» өлеңі

1952

Таңдамалы өлеңдері жарық көреді.

1949

«Сырбайға» өлеңі

1954

«Өзім туралы» толғауын аяқтайды.

1946

Өлеңдері орыс тілінде «Гроза» деген атпен жеке кітап болып басылды.

Поэмалары:

«Ақын өлімі туралы аңыз» (1943)

«Қытай қызы»

«Құпия қыз»

«Бикеш»

«Естай-Қорлығайын»

«Абдолла» немесе «Ақын өлімі туралы аңыз» атты шағын поэмада бүкіл халықтың басқыншы жауға деген өшпенділігі, жанқиярлығы өз тәуелсіздігі үшін жан беріп, жан алысқан сәті ұтымды көрінеді. Бұл оқырманын патриоттыққа жетелейтін шығарма.

Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1949 жылы Москвада болған онкүндігінде Николай Тихонов: «Қазақ поэзиясының інжу-маржаны» деп бағалады.

Ендіше поэзиясына кезек берсек:

  • 1938 жылы жарық көрген «Дауыл» өлеңінде ойнақы, өрісті ойлар, терең сезім, өткір тіл байқалады.

Осы өлеңін электронды оқулықтан тыңдап көрелік.

Ақынның 1940 жылы жазған «Орамал» атты лирикалық өлеңінде махаббаттың баяндылығы мен тұрақтылығының өнегесі өте әдемі жеткізілген. Майданға аттанғалы тұрған жауынгерлерге сүйген жары орамал ұсынады.

  • «Орамал» өлеңін бізге мәнерлеп оқушы жатқа оқып береді. (Айша)

Иә, бұндай сөздер махаббаты берік, жаны сұлу адамның аузынан ғана шығады.

Ақынның 80 жылдық мерекесін Сарыарқа жері ат шаптырып тойлады. Ақынның шыр етіп дүниеге келген Аққора жеріндегі тойдан көріністер.Тойға ақынның жары Сақыпжамал апай, жазушы Ғафу Қайырбеков, Сырбай Мәуленов келген екен. (Слайдпен жұмыс)

Қасым-өзінің ақындық мәдениетімен көрінген ақын.Қасымның бойынан қазақ жырының екі арысы Абай мен Махамбеттің қалайша қайта туғанын көреміз.Қасым өзінің өртке тиген өлеңдерімен ізгілікке -тәнті, сұлулыққа шөлі қанбайтын бүкіл қазақ халқының рухын аспанға көтерген ақын.

  • Мына суретте Қасым Аманжоловтың жұбайы Сақыпжамал, Анасы Айғанша, қыздары Жанна мен Дариға.Ризамын, туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық жолы)

  • Ақынның 90 жылдық мерекесі Қасым ауылында тойланды.(Слайд)

  • «Алты алаштың ардағы» атты мақаланы оқыған оқушы әңгімелеп береді. («Орталық Қазақстан» газеті, 2001 ж)

Дауылпаз ақынның 90 жылдық мерейтойына орай Дариға Қасымқызынан Есей Жеңісұлы деген журналист сұхбат алған екен.

Қасым ақынның аузынан «дариға» сөзі түспепті, оған дәлел өлеңдері екен. «Қайда екен, қайда, Дариға сол қыз?!», «Дариға қайда шын досым», «Уа, дариға, алтын бесік туған жер» сияқты жыр жолдарынан ақынның өмір бойы әлдекімді,әлденені іздеп жүргенінің куәсі боламыз. Сол себепті болар өмірге шыр етіп қызы келгенде іздеген бар асылы осы болды ма екен, қызының атын Дариға қояды.

  • Енді сол Дариғаның естелігіне назар аударайық.

«Әкем қайтыс болғанда 1-сыныпты аяқтағанмын. Туғаннан денсаулығым нашар болыпты.3 жасымда жүріппін.1949 жылы 1- мамыр мерекесінде әкемнің мойнында отырып парад көріппін. Үйге қайтып бара жатып, сап түзеген солдаттарды көріп, жерге түсуге сұранып, адымдап кетіппін. Өзімнің жүруіме патриоттығым көмектесті.

Бірде әкеммен бірге ауыл мұғалімінен хат таныған Мекебай Жазыбаев ағаммен кездесіп қалдым. Әкем жайлы көп әңгіме айтты. Бала жасында әкем тентек болыпты. Біржолы әкем тығылып тұрып, мұғалімді шалып қалыпты. Әкемді кластан шығарып жіберіпті. Кластары қазақ үй, оқушылар айнала отырып жазады, тыңдайды. Кіруге рұқсаты болмаған соң әкем сабақты жабықтың артынан тыңдапты.Балалар сыртқа шыққан соң әкем олардың оқығанын қаз қалпында айтып береді екен.Сол оқиғадан соң әкем басқа жерге оқуға ауысып, фамилиясын ауыстырыпты.

Әкем Мекебай ағамен арада 33 жыл өткен соң Бурабай санаторийінде кездесіпті.

Әкемнің өмірбаянына көз салсаңыз, «Семейде оқыған», «Оралда оқыған» деген жолдарды кездестіреміз. Бірақ, әкем сол оқулардың ешқайсысын аяқтамаған. Өзі анкета толтырғанда «Білімі»деген графаға: «Ортадан жоғары, жоғарыдан орта» деп жазады екен.

  • «Дариға, сол қыз» өлеңін жатқа оқып береді. (Бердембек)

2001 жылы Қасым Аманжоловтың 90 жылдық мерейтойына орай Сарыобалықтар Қасым тойына 3-4 ай бойы дайындалыпты. Ауыл болып рақымжан қорасын ретке келтіріпті. Қасым құдығын тауыпты. Ғасырға жуық тұрған Қасым құдығы тартылмапты. Суын тазартып, ернеуін бір құлаштай көтеріп шегендеген. Келген қонақтар алдында ұялмайтындай болыпты. Бұл игі істі бастаған ел ағасы, ақын, Сарыобал жерінің азаматы Бағдат Шахмерденов ағамыз.

Сарыобал жеріндегі Қасым құдығы (Слайд).Ризамын, туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып (Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылық жолы)

Қасым Аманжолов ақын, прозашы, аудармашы, драмашы. (Прозалық шығармалары, драмалық шығармаларымен таныстыру) (Слайд).

Пайдаланған әдебиет: Қасым Аманжолов шығармалар жинағы 4том Алматы «Жазушы»1980 ж.

Ақынның жасы жылдарымен өлшенбейді, елге берген еңбегімен есептеледі. Туған елге, туған жерге арналған өлеңдеріжылдар қанатымен бірге самғап келешек күндердің кеңістігіне көтеріледі, яғни мәңгі жырланады.

  • Олай болса бізге Мейрам «Туған жер» өлеңін оқып береді

  • Сабақты қорытындылау.

Ақынның 80 жылдық мерейтойында ашылған ескерткіш басында жазушы Ғафу Қайырбеков оқыған мына жыр жолдарымен сабағымызды қорытындыласақ деймін.

Еске алсам, ескі күннің мұнарынан, Жасамай кеткен сабаз жарым жасын

Бой созып бір өзгеше шығады ұлан Бұл күнгі біз қайтеміз деймін тағы

Еңіреп ерте айырылып кеткен еді ол, Өлеңнің жазып кетсе бәрін Қасым.

Өмірдің маздап жанған шырағынан.

Еске алдым мінезіңді сағынғасын,



© 2010-2022