Сабақтан тыс жұмыс: Кел, шырқайық!

Сабақтан тыс жұмыс     Тақырыбы:Кел, шырқайық! Мақсаты:       Балаларды мейірімділікке, аналардыңөлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету, сезіну, жауапкершілікті түсіне білуге дағдыландыру.      Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.      Ананың еңбегін ақтауға , ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.   1-жүргізуші:          Армысыңәжелерім, аналарым, Мейірбан аппақ көңіл даналарым....
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтан тыс жұмыс: Кел, шырқайық!Сабақтан тыс жұмыс: Кел, шырқайық!Сабақтан тыс жұмыс: Кел, шырқайық!




Бозай ауылындағы Сергиополь жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Наширбекова Гүлім Мұратбекқызы

Сабақтан тыс жұмыс

Тақырыбы: Кел, шырқайық!

Мақсаты:

Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету, сезіну, жауапкершілікті түсіне білуге дағдыландыру.

Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру.

Ананың еңбегін ақтауға , ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

1-жүргізуші: Армысың әжелерім, аналарым,

Мейірбан аппақ көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.

2-жүргізуші: Армысыз ұстаздарым, әпкелерім,

Өздеріңе жоқ менің тең көрерім.

Алып та туған екен ұлы анадан,

Анадан туған ғой батыр, еңбек ерің.

1,2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!

Армысыздар, ұстаздар абзал жандар!

1-жүргізуші: Ана, Ана, Ана! Осы сөз адамға қандай күш қуат береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді? Жақсылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен жаралған. Халық арасында «Мерекеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың»,- деген сөз ананың қаншалықты қымбат екенін көрсетеді. Сондықтан да бүгінгі мереке осы қасиетті Аналарға арналады.

2-жүргізуші: Олай болса кезекті әнге берейік. 6-сынып оқушылары Ошақбаева Мақпал және Қайратова Салтанаттың орындауында «Аналарға тілек» әні.

2-жүргізуші: Міне, көктемнің гүлімен, жұпар лебімен,

Анамыздай аймалап, көктем мерекесі де.

Келді. Көктемнің алғашқы күндерімен,

Бірге аналарымыздың да мерекесі келді.

1-жүргізуші: Сахнаға 5-сынып оқушысы Қабдықалықова Әсемнің орындауында ән «...................................» қошеметпен қарсы алайық.

2-жүргізуші: Айнұр апай келе жатқан 8-наурыз мерекеңізбен! Бүгінгі біздің «Кел, шырқайық!» кешімізге хош келдіңіз! Міне қызыңыз Әсем сізге мейарамыңызбен құттықтап ән арнады. Ән көңіліңізден шықтыма? Қызыңызға айтар тілегіңіз қандай? Рахмет.

1-жүргізуші: Жас ұрпақтың қабілетін қалыптастырып, зейін-зеректікті жетілдіретін де ұстаздар. Нәзік жүректі талпындырып, құлшындырып, қайраттандырып адамзат әлеміндегі әдемі бір құбылыстың нәрін, нұрын құятын да ұстаздар.

2-жүргізуші: Олай болса келесі кезекті 7-сынып оқушысы Қалкенова Шырынгүлдің ұстаздарға арнап шығарған өлең жолын тыңдайық.

1-жүргізуші: Ана - дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана - дейміз жас сәбидей жарқылдап.

Ана - деген бәйтерегі өмірдің,

Ана - деген алтын қазық, алтын бақ.

2-жүргізуші: 8-сынып оқушысы Ермұхаметова Жұлдыздың орындауында ән «......................».

1-жүргізуші: Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең.

Айтып берер тағы әжем.

2-жүргізуші: Қарсы алыңыздар 9-сынып оқушысы Көбікбаева Жансаяның орындауында ән «Ақ әжем».

1-жүргізуші: Анам менің шаршамайды, талмайды,

Бітпей тағы бір жұмысы қалмайды.

Ана деген айналайын, адамдар,

Бар өмірін балаларға арнайды.

2-жүргізуші: 7-сынып оқушылары Шырынгүл мен Меруерттің орындауында күй «Келіншек».Қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Сәлеметсіз бе әже? Бүгінгі біздің кешімізге кеогеңізге көп-көп рахмет. Бүгін немереңіз Жансая сізге арнап мерекеңізбен құттықтап ән айтты. Жансая сізге арнап ән айтатының білдіңіз бе? Келе жатқан мерекеңізбен!Рахмет.

2-жүргізуші: Сен биіксің құрбылардың арасында

Ақ көңіл, сабыр тұнған саласында

Қайырымды, кең пейіл мінезіңді

Ұқсатамын өмірде бар асылға -

деп өз әнін Аяла әпкесіне арнайды. Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Жансая соңыңнан ерген сіңіліңнің өзіне арнаған өлең жолдары көңіліңнен шықтыма? Рахмет.

2-жүргізуші: Жүрегі - күн, жаны - нұр, жүз - шапақ,

Ана - мақтан, ана - өмір, ана - атақ.

Ана - дәуір, ана - абырой, ана - жауһар,

Олармен күн кешудің өзі ғажап.

1-жүргізуші: Ән: «Аялайық ананы». 6-сынып оқушылары Серғазинова Айнұр және Қабласымова Айзеренің орындауында қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Ақ апамды менәрқашан,

Жүрсем деймін шаттандырып.

2-жүргізуші: 11-сынып оқушылары Айтқазин Бекжан мен Жалелова Салтанаттын орындауында ән «Апа».

2-жүргізуші: Бекжан ендігі кезегімізді ана туралы мақал-мәтелге берейікші. Қазір көрермендерге айтайық бірінші жолын, соңғы сөздерін жалғастырсын.

1-жүргізуші: Ал онда бастайық кім көп ана туралы мақал-мәтел біледі екен байқайық. 1 мақал-мәтел:

  1. Келіннің сөзі кетпендей,

Баланың сөзі баипандай.


  1. Әйел - үйдің көркі,

Еркек - түздің көркі.


  1. Ананың емген сүті үшін нағашыңды сыйла,

Балаңның емген сүті үшін әйеліңді сыйла.


  1. Ана баласын арыстанның аузынан алады


  1. Мылқаудың тілін анасы біледі.


  1. Ақ жаулығы ананың -

Ақ көрпесі баланың.


  1. Бала өсірген ата-ана

Бала болып ойнайды.

Бала оқытқан ұстаздар

Бала болып ойлайды.


  1. Әкеден - ақыл,

Анадан - мейір.Балаңды беске дейін патшаңдай сыйла,

Он беске дейін құлындай жұмса,

Он бестен асса, жан досындай құрметте.

2-жүргізуші: Ақ жарқын жан анам,

Анам мейірімді адам.

Анам - менің панам,

Анам - менің данам.

Құшағы кең далам,

Анам нағыз адам,

Құрметтейді ғалам. -

дей келе келесі кезекті 10-сынып оқушылары Қайратова Баян және Бердібаева Нұрсұлудың орындауында ән «.........................».

1-жүргізуші: О, анашым, таянышым тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

2-жүргізуші: 8-сынып оқушысы Қалкенова Шырайдың орындауында папури «........................» қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Алтынгүл апай келе жатқан мерекеңізбен! Бүгін қыздарыңыз сізге арнап ән айтып жатыр кеш көңіл-күйіңізден шықтыма? Рахмет.

2-жүргізуші: Жан анам, құттықтаймын мереке күнімен.

Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.

Өрлесің елің берген бақыт - бағың.

Жазылмасын шат көңілің шат күйіңнен.

1-жүргізуші: 3-сынып оқушысы Нұралидің орындауында ән «.................

...........» қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ана сені, әрбір адам бағалар.

Сенен ұшқан тәлім алып ағалар.

Сенен ұшқан дарынды да дана да,

Сен арқылы мынау ғалам жаңарар.

1-жүргізуші: Келесі кезекті онда мектептің ұл балалары дайындаған КВН-ге кезек берейік. Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мерейін.

Бар адамға берсе ананың мерейін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

2-жүргізуші: Мектеп директоры Ж.М. Мадымовқа сөз берейік.

2-жүргізуші: Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

1-жүргізуші: 6-сынып оқушылары Мақпал және Салтанаттың орындауында ән «................................» қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Бүгінгі біздің кешіміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет. Амандықта жүздесейік.

© 2010-2022