Дені саудың - тәні сау сынып сағаты

Сынып сағаты: 6 және 8 сыныптарға денсаулыққа байланысты сынып сағаты өткізілді. Сабаққа Балалар белсене қатысты . Өздеріне көптеген пайдалы мәліметтер алды. Ең алдымен балалар үйлерінде дайындап келген шағын эсселерін автор орындығында оқып берді. Шаттық шеңберіне балалар шағын топтарға бөлінді. Сабақтың тақырыбы: Жаны саудың – тәні сау Мақсаты: а)Жас күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіндер? - Ата-бабамыз табиғи күш куаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген. Сол аталы асыл сөздерден мысал келтіріндер. ІІ топ «Ептілер мен күштілер» тобы. -Денені шынықтырудың маңызы
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 және 8 сыныптарға денсаулыққа байланысты сынып сағаты өткізілді. Сабаққа Балалар белсене қатысты . Өздеріне көптеген пайдалы мәліметтер алды. Ең алдымен балалар үйлерінде дайындап келген шағын эсселерін автор орындығында оқып берді. Шаттық шеңберіне балалар шағын топтарға бөлінді.

Сабақтың тақырыбы: Жаны саудың - тәні сау

Мақсаты:

а)Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

ә)Қимыл-әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, жерін қорғауға қажетті күш қуатын молайту.

б)Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру.

в)тазалық және жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылығы:Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыны денесін шыңдауда шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

а)Жас ұрпақ дұрыс өсіп жетілу үшін денсаулығын күтуді үйрету.

ә)Күнделікті қимыл-қозғалысын дамыту арқылы қуатын молайту.

б)Дене жаттығуларын жасауға дағдыландыру, сенімділікке үйрету.

в)Салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруге дағдыландыру.

Барысы:

1.Психологиялық дайындық.

Оқушыларды шаттық шеңбері арқылы шағын топтарға бөлу.

Ой толғаныс.

Балалар үйлерінде дайындап келген «Салауатты өмір» туралы эсселерін автор орындығында оқиды.

Оқушыларды төрт шағын топқа бөліп жеке тапсырмадан беру.

І топ «Табиғи күш» тобы

- Сендер қандай қажеттілік туралы сыр шертесіндер, олар қандай күштер?

- Күн, таза ауа, судың денсаулыққа тигізетін пайдасы қандай?

- Өз достарыңа табиғи күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіндер?

- Ата-бабамыз табиғи күш куаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген. Сол аталы асыл сөздерден мысал келтіріндер.

ІІ топ «Ептілер мен күштілер» тобы.

-Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтырудың түрлерін ата.

- Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығулар түрлері? (оқушы

өзінің күнделікті айналысатын жаттығуларын көрсетеді)

-Ертеде балаларды қалай шынықтырған? Неге? Ұлттық ойындар оның пайдасы?

-Соңғы кезде шыққан спорттың түрлерін ата. Оның мақстаы қандай?

ІІІ-топ «Шипалы тағамдар» тобы.

- Дұрыс тамақтану жолдары қандай?

-«Батпайтын ас - жеген кісінің өзін жейді» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндір.

-Тағамның түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет (сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті сусындар).

- (Топ мүшелері «Қолтырауынның тіс ауруы» атты көрініс көрсетеді).

IV топ «Әдемілер» тобы.

- Жеке бас тазалығы деген не? Өз ойың.

- «Тазалық - саулық негізі,

- Саулық - байлық негізі»

- деген мақалдың мағынасын түсіндір. Өзің білетін, оқыған мақал-мәтелдерді айт.

- Таза жүретін баланы не деп атайды?

- Оның достары нелер?

- Тазалықты сүймейтін баланы не деп атайды?

- Оған оқыған шығармаларыңнан қандай мысалдар келтіресіңдер?

- Ана тілі пәнінен денсаулық, тазалық туралы кімнің ақыл-кеңесін жаттадындар?

- Оны санамалап айтып бер.

Ұжымдық жұмыс

Әр шағын топ өздерінің ойларын флипчартқа түсіреді, өз тақырыптарына байланысты шағын көрініс көрсетеді.

Ой тұжырымы.

- Біз бүгін қандай тақырыпта ой қозғадық?

- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?

- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек? (оқушылар жауаптары тындалады және сарапшылар қай топтың көбірек жауап бергенін ескеріп, қорытындылайды).

Мұғалімдердің қорытынды сөзі.

Шығыста:

Сау дене, азат ақыл, адал көңіл -

Үшеуімен бақытты болады өмір

- деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіндер.

Ел басы Н.Ә.Назарбаев «2001-2005 жылдар аралығында дене тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту» туралы Заңға қол қойды. Бұл- үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғандығының айғағы.

Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.

Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.




Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.

Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.



Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.



Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.Дені саудың - тәні сау сынып сағаты.

© 2010-2022