Сыныптан тыс жұмыс Алтын асық

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Асығы алшысынан түскен Арыстан

Тұңғыш Президент күніне орай асық сайысы өтті



Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қарашаның 28-і күні Тұңғыш Президент күніне орай «Алтын асық» бағдарламасы негізінде асық ойындарынан сайыс өткізілді.

Мақсат - жас ұрпақ бойына патриоттық рухты қалыптастыру, Ұлттық ойынымызды дәріптеу, оқушылардың шынығуына, денсаулығына оң әсер етуге жағдай жасау.

Сыныптан тыс жұмыс Алтын асықСыныптан тыс жұмыс Алтын асық



«Алтын асық» бағдарламасы негізінде алдын ала 8, 9 - сынып оқушылары арасында асықтың «Құмар» ойынынан сайыс өткізіліп, өз сыныптары ішінде жеңімпаздар анықталды. Әр сыныптан асық сайысында өз қатарластарынан озып шыққан оқушыларға тоқталсақ:

8a - Алтаев Абылайхан

8b - Шатыбаев Мейіржан

8c - Жомарт Нұрбек

8d - Кушурова Айгерім

9 a -Ануашбекова Алтынай

9 b- Садықов Әділ

9c - Аланбаев Аслан

9 d- Әмірхан Шыңғыс

9 e- Берекеев Қайсар

9 f- Жолымбет Арыстан

Асық ойыны өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігін және қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Мұның сыртында асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жиырылу жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, , ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Осы аталған асықтың пайдасын үш күндік жарыста оқушылар өз тәжірибелерінен өткізді.

Топты жарып шыққан он сайыскердің арасынан көпшілік алдында, шаршы алаңда алшысы алшысынан түскен 9 «f» сынып оқушысы Жолымбет Арыстан болды. Ол екінші айналымда «Құмар» ойнының жеңімпазы атанды. Мектеп директоры Ә.Қ.Жанғозин ең үздік асық ойнаушыға бағалы сыйлық «Calaxy crand» ұялы телефонын табыс етті.

Сыныптан тыс жұмыс Алтын асықСыныптан тыс жұмыс Алтын асық



Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында қайта жаңғырту мақсатында 1 желтоқсан президент күні қарсаңында ұйымдастырылған асық сайыс кешіміз қызықты да тыртымды өтті.



«Алтын асық» бағдарламасының авторы - А.П.Байшагирова

© 2010-2022