Білім шыңы (Интеллектуалды сайыс) 9-сыныптар

Тақырыбы: «Білім шыңы»(Интеллектуалды сайыс)Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.Әдісі: сайыс сабақКөрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру. 2) Әділқазылар алқасын сайлау. 3) Сайыстың мақсатымен таныстыру. 4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңб...
Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім шыңы (Интеллектуалды сайыс) 9-сыныптарПавлодар облысы

Май ауданы

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Иманбаева Зауреш Жұмабайқызы












(Интеллектуалды сайыс)
9-сыныптар

Білім шыңы (Интеллектуалды сайыс) 9-сыныптар




2014-2015 оқу жылы

Тақырыбы: «Білім шыңы»
(Интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.


1-жүргізуші: Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

С.Торайғыров.

Тіл - өте маңызды құрал.Тіл болмаса ,адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді.Өткен тарихымыз,халқымыздың әдет- ғұрпытары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі өте бай ,әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-дың мемкеттік тілі қазақ тілі.Мемлекеттік тілді меңгеру-ҚР-ның азаматының парызы.

Жүргізуші:

Ана тілім- өмірдегі тірегім,

«Тілім» дейді жұдырықтай жүрегім.

Болса екен арыстандай айбарлы

Бойымдағы күш-қайратым, білегім!

- Қош келдіңіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдыңызға «БІЛІМ ШЫҢЫ » атты интелектуалдық шоудың қатысушыларын шақырамыз.Қошемет етіңіздер!

І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.

(Қатысушылар өздерің таныстырады.)

Әділқазылармен танысу.....

Жүргізуші:Бүгінгі сайыс бес асудан тұрады.

1 тур: Бәйге

2 тур : Полиглот

3 тур : Алты жұмбақ

4 тур: Ғажайып алаң

5 тур:Жекпе-жек

Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып , 1 тур Бәйгені бастаймыз.

Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңданыздар. Бұл турда қазақ тілі пәніне қатысты 20 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

І тур «Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)

І топ «Тұлпар» тобына сұрақтар
1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік жалғауы бар? (7)
8. «Ақ киізге көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)
15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)
20.Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн)

ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар
1.Екпін түрі нешеу? (4)
2.Үндестік заңы нешеу? (2)
3.Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
4.«Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)
5.Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
6.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7.Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)
8.Көзқарас қандай сөз? (біріккен)
9.Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)
10.Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11.«Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)
12.«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)
13.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
14.Дауыстылардың саны қанша? (12)
15.Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)
16.Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
17.Қосымша нешеу? (екеу)
18.Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
19.Зат есімнің мағыналық түрлерін ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)
20.Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы)

І турдың қорытындысын тыңдау.

ІІ тур "Полиглот"(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту.)

1. ...қылды қақ жарған. (қара,

2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман,

3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер болмаса - ер азады. (жер,

4.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау,

5. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл,

6. ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы,

7. ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз,

8. ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау,

9. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді.(білім,

10. ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз,

ІІ турдың қорытындысын тыңдау.

ІІІ тур «Алты жұмбақ»
(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт -дәстүрдің бар екенін анықтауы керек.)
- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) ("Ер Төстік"ертегісі, құда түсу)

- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп - мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).

- Алтынмен ішін безеген,
Сырты күміс ақ отау
Келістіріп түзеген
Арттыруға сайланды.
Қырық түйе қазына ,
Қырық құл мен қырық күң,
Қосып берді қызына.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ер Төстік» ертегісі, жасау беру.

Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,
Кім деп ол баланың несін қойды?
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.

Көтібар қызды қосты Әлібекке
Атақты өзі батыр асыл текке.
Жүз-жүзден кілем, тон, ішік қылып,
Арттырды елу нарды әділетке.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Айман-Шолпан» жыры, киіт кигізу, жасау беру, үйлендіру.

Балталы , Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.

ІІІ турдың қорытындысын тыңдау.

ІҮ турғажайып алаң. Әдебиет пәнінен сұрақтар.

ІҮ турдың қорытындысын тыңдау.

Ү тур. "Жекпе жек"
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)
ҮІ турдың қорытындысын тыңдау.
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.
Қорытынды:

1-жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

2-жүргізуші: Туған тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Ә. Тәжібаев.

Екеуі бірге қосыла:Кіршіксіз қардай сақтаңдар,

Қазақтың тілін ғаламат.

Ана тіл - арым, иманым,

Аманат, саған, аманат.

М. Әлімбаев.





Өткізілген шараның сараптамасы

Қатысқан сыныптар:

9 «А» сынып : «Тұлпар» тобы

9 «Ә» сынып: «Домбыра» тобы

Оқушылар саны:12оқушы

Тақырыбы: «Білім шыңы» (Интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.

І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра», таңбасы - домбыра суреті.

Сайыс бес асудан тұрды.

1 тур: БәйгеБілім шыңы (Интеллектуалды сайыс) 9-сыныптар

2 тур : Полиглот

3 тур : Алты жұмбақ

4 тур: Ғажайып алаң

5 тур: Жекпе-жек

Оқушылар «Бәйге сайысында» 20 сұраққа жауап берді. ІІ турда тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айта білді.ІІІ турда «Алты жұмбақ». Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт -дәстүрдің бар екенін анықтауы керек болды. «Тұлпар тобы» 5 сұрақтың үшеуіне дұрыс жауап берсе, «Домбыра» тобы 4 сұраққа дұрыс жауап берді. ІҮ тур ғажайып алаңда әдебиет пәнінен сұрақтар қойылды, топтар өздеріне ұнаған ұяшықтарды таңдап, жауап бере білді.Ү тур. "Жекпе жек". Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрады. Тұлпар тобы 9 сөз құраса, домбыра тобы 24 сөз құрап, шапшаңдықпен көзге түсті.

Қорытынды: Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін - бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып, «Домбыра» тобы І орынды, «Тұлпар» тобы ІІ орынға ие болды. Мақтау қағазы тапсырылды.

Сарапшы: Иманбаева З.Ж.











© 2010-2022