1 желтоқсан Президент күніне «Жас Ұлан» ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 желтоқсан Президент күніне «Жас Ұлан» ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау. Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы

Жарқын ауылы

Жарқын жалпы орта

білім беретін мектебінің

мектеп тәлімгер

Садуова Айнұр Жеңісқызы


1 желтоқсан Президент күніне «Жас Ұлан» ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау.

Өтетін орны: мектеп фойесі (мектеп фойесі ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).

Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.

«Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері.

Күні: 30.11.2015ж. Сағаты: 11 00.

Түрі: Салтанатты лездеме

Жүргізуші: Ұланбасы Мерекеқызы Мадина.

Жауапты: Тәлімгер А.Садуова




Мадина:

Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Жасболат:

1.Сап түзелсін, салтанатты жиынға «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының туы енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалсын.

Мадина : «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

І жүргізуші: Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.

ІІ жүргізуші:

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат,жігер

Шырқалсын шаттық Әнұран әнім!

І жүргізуші:

«Жас Ұлан»ұйымының туы енгізілсін

(Атамекен өлеңі әуенімен ту кіргізіледі.)

ІІ жүргізуші: Ендеше, Бірінші Президент күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Жасұлан -жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жасұлан -жалынды ұйым, айбарлы ұйым.

І жүргізуші:

Білімді -көкіректе нұр деп түсін

Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.

Аталған мақсат, талап, ережені,

Орындауға бәріңде міндеттісің!

ІІ жүргізуші: Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

І жүргізуші: «Біз ...»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

ІІ жүргізуші: - ұранымыз:

Оқушылар: «Қазақстан - Нұрсұлтан - Жас Ұлан» - 3 рет.

І жүргізуші: Қабылдауға жас ұландар дайын.

ІІ жүргізуші:

Егеменді еліміздің тірегі

Мектептің болашағы жігері

Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі

І жүргізуші: Құрметті мектеп әкімшілігі және ұстаздар! Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы 1 сынып оқушыларына береміз.

( «Жас Қыранның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

Мадина: 1 сынып оқушыларына «Жас Қыран» төсбелгілері мен галстуктарын тағу үшін мектептің озат үлгілі оқушыларын ортаға шақырамыз.

  1. Мақсатқызы Аяжан

  2. Досжанқызы Гүлсім

  3. Қызырбек Аружан

  4. Сексенбаева Ардақ

  5. Зайтзаменова Гүлім

  6. Әмет Ғалбиат

  7. Омарханова Эльвира

  8. Маутханова Ажар

  9. Қайсаев Темірлан

  10. Қамбарбекова Гүлім

1-сынып оқушыларының жүрек -жарды тақбақтарын қарсы алыңыздар.

Келесі кезекте «Жас Ұлан»ұйымының қатарына өтетін 5-сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

Анттың мәтіні:

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным - Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

Мадина: 5 сынып оқушыларына «Жас Ұлан» төсбелгілері мен галстуктарын тағу үшін мектептің озат үлгілі оқушыларын ортаға шақырамыз.

  1. Омарханов Салихан

  2. Абжиков Диас

  3. Ниязбеков Аспандияр

  4. Мұратова Бибігүл

  5. Нұрғазина Жұпар

  6. Мырзабекова Ақерке

  7. Ерболова Айдана

  8. Зикенова Асель

  9. Оралбеков Қуантхан

  10. Қабылова Жанерке

Сонымен, «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларының әр бір мүшесі қандай болуы керек екендігін бүгінгі «Жас Ұлан» ұйымына қабылданып отырған 5 сынып оқушыларынан сұрап көрейік.

(«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі шығып айтады).

1 оқушы - Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

2 оқушы -Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту қажет.

3 оқушы -Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

4 оқушы -Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

5 оқушы-Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

6 оқушы - Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал. Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.

7 оқушы - Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.

8 оқушы - Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

9 оқушы - Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.

10 оқушы - Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек (оқушылар кол шапалақтап, қошемет көрсетеді).

Жүргізуші: Бүгінгі салтанатты лездеменің құттықтау сөзі мектеп директоры Гүлжаухар Халелқызына және «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі қонағымыз беріледі.

ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

(Жас Ұлан ұйымының әнұраны орындалады)

Жасболат. Мектеп! Тік тұр! «Жас Ұлан» ұйымының туы шығарылсын.

І жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

ІІ жүргізуші:

"Жас Ұлан" - Қазақстанды сүйеді

"Жас Ұлан" - мектепте үздік оқиды

"Жас Ұлан " - үлкендерді құрметтейді

"Жас Ұлан " - тек шындықты айтады

"Жас Ұлан " - спортпен еңбекті ұнатады

"Жас Ұлан " - болашақ "Жас Отан"

І жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.



© 2010-2022