6 сынып Ата-аналар жиналысының жоспары

Ата-аналар жиналысының жоспарыЖоспар(жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу):1. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».2. “Өзін-өзі тану” рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері 3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері (бес құндылық). 4. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері (қыз бен бала тәрбиесінде)5. Шығармашылық жұмыс (3 топқа бөлу)
Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп: "Жеңіс" негізгі орта мектебі

Сынып: 6 «А»

Мерзімі: 28.11.2015 ж

Мұғалім: Суханова Алтынай Абдрамановна

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар - отбасындағы тәрбие негізі.

Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік беріп бала тәрбиесінде қолдану.

Міндеттері:

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру.

  2. «Өзін - өзі тану» пәні арқылы жетілген мінез-құлықты адамның қалыптасатындығын түсіндіру.

  3. Баланың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды бірлесе отырып, жарыққа шығарта білу керектігін түсіндіру

Ресурстары:

Жоспар(жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу):

1. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену».

2. "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері

3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері (бес құндылық).

4. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері

(қыз бен бала тәрбиесінде)

5. Шығармашылық жұмыс (3 топқа бөлу)

Талдау

1.Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға да тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға да бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, достарыңызға, мұғалімдеріңізге,таныстарың- ызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарыңызға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның түкпір-түкпіріне Нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашыңыз, күлімсіреңіз. Рахмет!

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері (сана, түпкі сана, тұлғаның құрылымы (рухани деңгей) туралы, өмір ағашы).

3. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар бір адамдықтың қыры. Дұрыс әрекет - бұл іс - әрекеттегеі сүйіспеншілік, сүйіспеншілік барлық құндылықтар арқылы өтеді.

Іс - әрекеттегі сүйіспеншілік - дұрыс әрекет.

Сезімдегі сүйіспеншілік - ішкі тыныштық.

Ойдағы, сөздегі сүйіспеншілік - қиянат жасамау.

Ақиқат - бұл өзгермейтін өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.

Дұрыс әрекет - бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар - ұждан дауысына сәйкес мінез - құлық.

Сүйіспеншілік - бұл таза, риясыз және сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат, таусылмайтын күннің нұрындай.

Ішкі тыныштық - ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты.

Қиянат жасамау - ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау. (Бәйтерек слайд)

4. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен жауапкершіліктері

Барлық баланы жақсы көру қерек. Жақсы көру барлығын жаңғыртатын күш.

Баланың шынайы табиғатын сезініп, табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап, түсіне білу керек.

Әрбір баланы жақсы көру, түсіну, сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.

Баланы ақылға құлақ қоюғыштыққа, тілалғыштыққа қалай жеткізуге болады?

Баланың жүрегінде жоғары «Мен» орын алған. Ол интуитивті түрде бәрін сезінеді.

Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап, табиғатына қарсы әрекет етсе онда бала тыңдамайды. Егер мамасы оған үлкендердің ақылын тыңдау керек деп тұрып, өзі күйеуін тыңдамаса онда бала да олардың ақылына құлақ аспайды.

Баланы ақылға құлақ қоятын, тілалғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастықа әрекет етіп, үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс.

Күнделікті өмірде ата-аналар балалаға үлгі болуы тиіс. Өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиіс екенін үйрету керек.

Ата-аналар отбасында мінез-құлық ережесін жасауы керек және оны өздері де бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек.

Үлгілі, жақсы ата-аналар:

Беделді болуы керек;

Ажырата білуге үйретуі тиіс;

Сүйе білетін балаларды өсіруі тиіс;

Балаларын әрекет етуден бұрын, жақсылап ойланып алуға үйретуі тиіс;

Өздері жақсы үлгі бола білуі тиіс.

Үлгілі, жақсы отбасының қасиеттері:

Барлығы сүйе білетін, айнала қоршаған ортасын жақсы көретін болады;

Әр қайсысы өз парызын, борышын дұрыс орпындайды;

Қуанышты, жан тыныштығына өмір сүреді;

Отбасында бір-бірімне жақсы қарым-қатынаста болады;

Адамгершілік қағидаларымен өмір сүреді.

5. Шығармашылық жұмыс (3 топқа бөлу)

І топ Мұғалімдер

ІІ топ Ата-аналар

ІІІ топ Оқушылар

3 топқа жағдаяттар беру. Жағдаяттан шығу жолдарын айтып, сахналау

Үй тапсырмасы:

Рухани адамгершілік білімдерін дамытып, балаларына көмектесу.Бойларын,жан дүниелерін ізгілендіруге әрекет жасап іздену.

Өздерін және балаларын тек тәнідерін ғана қамтамсыз етіп қоймай, жан дүниелеріне қажетті азықпен қамтамасыз ету

Жиналыстың қорытынды сәті:

Ата-аналардың ой қорытындысы, сауалнамаларды толтыру (не ұқтым, не ой түйдім... семинарға дейін, семинардан кейін (Ата-аналарға арналған сауалнама

(Р.А. Мұқажанова, Г.А. Омарова)).


Топпен ән айту

Кешікпей келем деп ең.../Ш.Қалдаяқов, с.М.Шаханов/


  1. Аңсаған бақытым сияқтанып,

Ай туып келеді қияқтанып.

Жол жаққа қараймын,

Сен жоқсың,арайлым.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


  1. Қайтемін кінәләп бұғансені,

Сағатың алдаған шығар сені.

Нұр ойнап көзіңде

Уәделі кезіңде.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет


  1. Көшеде сырласып, шалқып басып.

Құрбылар барады қолтықтасып.

Тағатым таусылды,

Аңсадым даусыңды.

Кешікпей келем деп ең,

Мен тұрмын елеңдеумен. 2рет

Мұғалім ___________А.А.Суханова

Директор міндетін атқарушы ___________ Ә.Л.Дүйсенбеков


© 2010-2022