Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары: Табиғатқа қамқорлық

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Табиғатқа қамқорлық

Сабақ мақсаты: Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығын ұғындыру.

Сабақ міндеттері:

  • Оқушыларға табиғатқа қамқорлықтың қиянат жасамау екендігін ұғындыру.

  • Оқушылардың бойынан сүйіспеншілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту.

  • Оқушыларды айнала қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Мультимедиа, оқулық, дәптер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтағы жағымды күйге келу.

«Орманға ойша серуен»

Омыртқаларыңызды тік ұстап, көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз.

Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, әрі қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға енген сайын, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оның діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (1-2 мину үзіліс жасау).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзімізді ашып, күлімсіреңіз!

Ескертулер

Үй тапсырмасын тексеру

Ә. Табылдиевтің «Атаның өнегесі» мәтінін оқып келу.

Мазмұны бойынша сұрақтар:

  • Атасы немересін неліктен жол үстіне тоқтатты?

  • «Жол жүрсең, жоралғыңды сақта» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Атасы мен немересінің бұлақ көзін ашуын табиғатқа қамқорлық деп айтуға бола ма? Неліктен?

  • Атасы мен немересінің табиғатқа қамқорлығы тағы қандай істерінен көрінді?

Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

«Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық».

Дәйексөзді тақтаға жазып, оқушыларға бірнеше рет қайталатып, дәптерлеріне жаздырып, мағынасын түсіндіру.

  • Біздің ата-бабамыз біздің жақсы өмір сүруіміз үшін

табиғатты қорғап, күтіп-баптап, сақтап бізге жеткізді. Ал енді осы мұраны жоғалтып алмай өзімізден кейінгі болашақ ұрпаққа тапсыру біздің мойнымыздағы қарыз. Ол үшін өз ауылымыз бен қаламыздағы ағаш бұталарды кеспей, санын көбейтіп, көктем сайын ағаш егіп, су көздерін тазалап отыру, ауаны таза ұстау - біздің міндетіміз.

Оқиға айту (әңгіме)

Табиғат туралы бейнефильм көрсету.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

  1. Топ: «Жер тобы» - Жұмбақты шешу, сұраққа жауап.

  2. Топ: «Су тобы» Ребусты шешу.

  3. Топ: «От тобы» Аңыз әңгімені сахналау.

  4. Топ: «Ауа тобы» жақсы қасиеттер пайдасын әңгімелеу.

6. Топпен ән айту. Айгерім Қалаубаева «Ертегілер әлемі»

Үйге тапсырма Дәптермен жұмыс.

М.Қуанышбековтың «Отырғыз ағаш көктемде» өлеңіндегі сұрақтарға жауап беру.

Сабақтың қорытынды сөзі

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

Ал, енді балалар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.



© 2010-2022