«КӨКТЕМ АРУЫ» ҚЫЗ СЫНЫ САЙЫСЫ

  Мақсаты: v  Өзін-өзі таныстыра білу, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқу. v  Әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу. v  Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту. Көрнекілік: нақыл сөздер, үлестірмелі қиындылар, гүлдер, плакат, шарлар. v  Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар!ата- аналар,бүгінгі  «Көктем аруы» атты қыз сыны  байқауына қош келдіңіздер! Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен, Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?Қ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«КӨКТЕМ АРУЫ»
Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ержанқызы Төлеужан


Мақсаты:

  • Өзін-өзі таныстыра білу, мақал-мәтелдерді, өлеңдерді мәнерлеп оқу.

  • Әдептілікке, сыпайылыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.

  • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін дамыту.
    Көрнекілік: нақыл сөздер, үлестірмелі қиындылар, гүлдер, плакат, шарлар.

  • Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар!ата- аналар,бүгінгі «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!
    Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
    Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?
    Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
    Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.
    Қызғалдақтарым, қарлығаштарым,
    Жаза алмай жүрген жалын дастаным.
    Жанартау болып жарылды кеудем,
    Жүректің әлди әнін бастадым.

Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын - бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас - ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

(музыка әуенімен қыздар ортаға шығады)

Ендеше аруларымызды орналастырып алайық! Сан алып орын орына тұрғызу.
Олай болса бүгін байқаудың кезеңдерімен таныс болыңыздар:

Енді бүгінгі байқауымызға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік:
1.

1. Мен қазақтың қызымын. (таныстыру)
2. Өнерлі өрге жүзер. (Өнер сайысы)
3. Үй тапсырмасы. (үйден жасалып әкелген тағамдарын таныстыру.)
4. Салт дәстүрді білеміз бе?(Сұрақ-жауап.)
5. Қыздырға әсемдік жарасады. Сән үлгісі.
6. Шаш үлгісін жасау

жүргізуші: Арулар келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дуға
Ұшып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға - дей отырып, байқауымыздың 1-ші кезеңі

«Мен қазақтың қызымын» Арулар кезек-кезек өздерін таныстырады.
жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.

Келесі кезекті өнер сайысына берейік. (арулар өнерлерін көрсетеді)

жүргізуші: Келесі кезең «үй тапсырмасы». Арулар өздерінің үйден жасап келген ас мәзірін таныстырып көрсетеді.

жүргізуші: Азамат қуат алар ақ сүтіңнен

Мәпелеп әлдилеген пейілі кең

Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Ал арулар сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсеңдер сұраққа, жарайсыңдар!!

Салт-дәстүрді білеміз бе? (Сұрақтарға жауап беру)

1. Ерулік дегеніміз не? (Ауыл арасына жаңа көшіп келсе, сол ауылда бұрыннан тұратын адамдар жаңа үй иелерін ерулікке шақырады, яғни ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа көшіп келушілерді бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.)

2. «Төрт аяқты бота тату, Екі аяқтыдан бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім? (бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балалары.)

3. Қымызмұрындық деген не? (ол бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Бие сауылып, оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-қолаңдар «қымызмұрындыққа» шақырады.)

4. Шілдехана қандай дәстүр?

5. Жүннен жасалған бұйым (Киіз)

6. Сәндік бұйым жасайтын адам? (Зергер)

7. жиен кім? (күйеуге шыққан қыздан туған баласы)

8.Ұлыс күні жасалатын тағам? (Наурызкөже)
9. Түйенің сүті? (Шұбат)
10. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)
11. Қазақ қыздарының бас киімі (Сәукеле)
12. Екі ақынның сөз өнерімен сайысы (Айтыс)
13. Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адам (Ана)

14. Теріден тігілген киім (Тон)
15. Жылқы атасы (Қамбар ата)
16. Қыс қолайсыз болып малдардың жаппай қырылуы (Жұт)
17. Төрт түліктің жайылымы (Өріс

Байқауымыздың келесі кезеңі «Қыздарға әсемдік жарасады» сән үлгісін көрсету.

жүргізуші: Байқауымыздың соңғы кезеңі ару қыздарымыз шаш үлгісін көрсетеді.
жүргізуші: Енді әділ-қазылар алқасы қорытындылайды.



























© 2010-2022