Қазақ отбасындағы рухани адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану

Қазақ отбасындағы рухани адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тануҚазақ халқында әуел бастан отбасы ең басты құндылықтардың бірі саналған. Оған «Отан-отбасынан басталады» деген тәмсіл дәлел бола алады. Шындығында да отбасы –кіші бір мемлекет,яғни үлкен мемлекеттің кішкентай бір құрамдас бөлігі. Ертең үлкен қамалдарды бағындыратын,елі үшін еш нәрседен тайынбайтын,жұртына қамқор,патриот азамат осы отбасынан шығады. Ал оны біздің біздің халқымыз ертеден-ақ білген, Соның үшін де «Жақсылықта алдымен ана...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ отбасындағы рухани адамгершілік тәрбие және өзін-өзі тану

Қазақ халқында әуел бастан отбасы ең басты құндылықтардың бірі саналған. Оған «Отан-отбасынан басталады» деген тәмсіл дәлел бола алады. Шындығында да отбасы -кіші бір мемлекет,яғни үлкен мемлекеттің кішкентай бір құрамдас бөлігі. Ертең үлкен қамалдарды бағындыратын,елі үшін еш нәрседен тайынбайтын,жұртына қамқор,патриот азамат осы отбасынан шығады. Ал оны біздің біздің халқымыз ертеден-ақ білген, Соның үшін де «Жақсылықта алдымен анаңа жаса, «Өзіңді өзің жаттай сыйла,жат жанынан түңілсін», «Бала бауыр етің», «Әке асқар тау,ана-мөлдір бұлақ,бала - жағасындағы құрақ» деген сияқты мақал-мәтелдерді ұрпағына аманат етсе керек. Халқымызда баланың рухани-адамгершілік тұрғыда дамып,өзін қоршаған ортаға мейіріммен қарауға тәрбиелейтін салт-дәстүрлері жетерлік.

Және соның барлығы дерлік қазақ халқының отбасылық қарым-қатынастарды ерекше маңызды орынға қоятындығын көрсетеді. Қазақта отбасын құру адам өміріндегі ең маңызды қадамдар болып саналады. «Бас екеу болмай,мал екеу болмайды» деп түсінген халқымыз,бүгінгідей материалдық жағдайды жақсартып алып барып отбасын құру дегенді жақтырмайтын еді. Қанша көп табыс тапқанымен де, бас құрмаған адамға бақ құтаймаған деп түсінді. Отбасын болмашы себептермен бұзуға да жол берілмеген. «Ұя бұзған оңбайды». Тіпті Әз Тәукенің кезінде атақты «Жеті жарғының» бірі осы отбасы тақырыбына арналған. Онда «Өзге біреудің» әйелімен зинақорлық жсап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырсын» делінген. Ер жігітке тілейтін ең жақсы тілек: «Денсаулық,ақ жаулық,он саулық». Демек,денсаулығы бар адам үйленіп,отбасын құруы керек,содан кейін ғана материалдық байлық орын алады. Материалдық құндылықтардың өзі ертең өмірге келетін баланың денсаулығы мен бақытты өмір үшін ғана жиналатын.

Жалпы қазақ халқындағы бүкіл салт-дәстүр- отбасылық қарым-қатынастарды реттеуге бағытталған десек артық айтпайсыз. Үйлену,дүниеге бала әкелу,баланы бесікке салу,тұсауын кесу,сүндетке отырғызу,тоқымын тағу т.с.с толып жатқан салт-дәстүр,жөн-жоралығы- барлығы да баланың адамгершілік-рухани тұрғыда дамуына бағытталған әрекеттер. Баланың рухани кемел адам болуы үшін қазақ халқы салт-дәстүрлермен қатар тыйым сөздерді,ырымдарды жиі қайталап отырған.

Біздің халық жетімін жылатпаған халық. Тіпті сонау ерте кездегі қазақ халқы ертегілеріне көз салар болсақ «Баяғыда бір жетім бала балыпты», деп басталатын ертегі кездеспейтін, бұл сарындас ертегілер кейін пайда болды. Керісінше, «Баяғыда бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты, тек бір перзентке зар бопты» деп басталатын ертегінің көпшілігі. Бұның өзі халқымыздағы отбасының, артында қалатын ұрпақтың.ол қрпақтың сапасының ең алғашқы орында тұрғандығының тағы бір дәлелі.

Қазақ отбасында ұл бала мен қыз баланың тәрбиесі екі түрлі. Ұл баланы мейірімді,ізетті болғанымен,керек жерінде ержүрек,батыл,принципшіл болуын талап еткен. Сол бағытта тәрбие берген. Ал қыз баланың тәрбиесі мүде бөлек. «Қыз жат жұрттық» екенін ертеден есте ұстаған қазақ қыздары еркеше құрметтеген. «Қыздың жолының жіңішкелігін» әрдайым есте ұстаған. Себебі ол -болашақ ана, дәл осы өзің берген тәрбиемен ертең ол да бала тәрбиелейді. Қызға қырық үйден тыйым деген мақал бір қарағанда тым қатал болғанымен, шын мәнісінде қыз баланың тәрбиесі тек отбасында ғана мес,ел болып,қоғам болып қолға алып жүретін маңызды нәрсе кендігін көрсетсе керек. Бүгін үйедгі бұла өскен қызың ертең біреудің келіні. Ал келін инабатты болуымен көрікті. Көргенді келін тіпті,ата-енесінің,қайын жұртының атын тура атамайды. Қайын аға-апаларына ,қайын іні-сіңілілеріне өзі басқаша ат қойып,ат тергейтін болған. Мәселен қайындарын «Мырза жігіт,тентегім десе, қайын сіңілілерін Еркем,Кенжем,Сұлуым деген сияқты аттар қойып еркелеткен. Сондай ақ келіндер үлкен қайын аталарын,апаларын алдын кесіп өтпеген,кездескен кезде иіліп сәлем берген. Бұның өзі өзге жұрттан келген келіннің жаңа туыстарымен түсінісіп,бір-біріне басуын жылдамдататын әрекет.

Қазақ халқы ұл баласы үйленген кезде енші бөліп берген,қыз тұрмыс құрса ,жасауын жасаған. Бұл әрекеттер отбасын жаңа құрған екі жастың шаңырағы материалдық қиыншылдықтардың кесірінен шайқалмасын деген тілектен туындаған.

Халқымыз өз отбасында мейірім мен қамқорлыққа зәру болмаған бала да,қоғамда өмір сүргенде,болмаса өз отбасын құрғанда бауыр туыстарына мейірбан,әрі қамқор болып өсетіндігін білген.

Шын мәніндегі кемел білімімен терң сусындаған,және сол білімін ұлт мұратына құрбан еткен азамат-азаматтың төресі. Ал ол азаматты тәрбиелеп,ұясынан ұшырып,тұғырына қондыратын орта ол -отбасы.

Ал өзін-өзі тану пәні халқамызда бір дәстүрді ғылыми негізге түсіріп,пән ретінде оқытып,болашақ ұрпақ игілігіне айналдыру ниетімен жасалған десек артық айтпаймыз. Өзі өзі таныған,өзімен өзі толық гармониядв болған адам,өз бауырларына,отбасына,туған туысына,халқына,қала берді әлемге көзқарасы өзгеріп,өзіндік азаматтықкөзқарасы қалыптасады. Елбасымыз Н.Әбішұлы айтқандай: «өзгерістерден қорықпайтын,әлеуметтік жағынан белсенді» ұрпақ тәрбиелеуде «өзін-өзі тану» пәнінің мәні мен маңызы зор

© 2010-2022