Жаңа замандағы жаңашыл ұстаз

«Жаңа замандағы жаңашыл ұстаз» байқауы Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгін біздің мектепте дүбірлі той, Назарларыңызды қойып тыңдаңыздар, Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп, Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой. Ұстаз, ұстаз!Осы сөзде жатыр қанша ұлылық.Осы сөзде таусылмайтын жылылық.Жас ұрпақтың санасына сәуле құйған әмәнда,Үйрететін тек жақсылық, әсте емес жамандық,Бұл не деген құдіретті, ең таңдаулы мамандықБар әулетім қалап алған бағдар ғып,Жүрегі ақ шәкіртін...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жаңа замандағы жаңашыл ұстаз» байқауы

Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Назарларыңызды қойып тыңдаңыздар,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

Ұстаз, ұстаз!

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық.

Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

Жас ұрпақтың санасына сәуле құйған әмәнда,

Үйрететін тек жақсылық, әсте емес жамандық,

Бұл не деген құдіретті, ең таңдаулы мамандық

Бар әулетім қалап алған бағдар ғып,

Жүрегі ақ шәкіртіне тілейтін тек адалдық.

Ұстаз болдым өзіндейін өмірдің,

Ата рухы тілегімді қабыл ғып!

Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.

Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық

1. Кір шалмайтын ешқашанда қабағын,
Насихаттың қадамына қарағын.
Пән ішінде пәндердің бір төресі,
Алып жүрген орыс тілі сабағын - Нанаева Гульмира.апайды шақырамыз

2. Жанып түсер шәкірт десе жанары,
Жанат апай бастауышта сабағы,
Алып жүрген қоғамдық сан жұмысты,
Қамтиды ол қосымша көп сабақты - деп Жанат апайды шақырамыз

3. Биолог нағыз маман өзіңсің
Өзгелерге ісің үлгі, сөзің шын.
Жаңа әдіске үйретіп шәкірттерін,
Шәкіртіне қосымша білім берерсің - деп Тукибаева Гуля апайды шақырамыз


4. Басқарып бірлестікпен бірге келер,
Ал тарихи түсінік және берер.
Елгезек ,тіл алғыш қып тәрбиелеп

Шәкірттерді шығарды бірнеше рет деп Шаметова Алмагуль апайды шақырамыз


5. Білімді ұстаз, бейімді шетел тіліне.
Еңбегімен ортасына үлгі - өнеге.
Жұмысының жемісін көрсетеді,
Әрдайым мектебіне келгенінде. - Бердикулова Лаззат апайды шақырамыз

6. Ақырын жүріп келесің аяңменен,
Жұмысыңыз үнемі баламенен

Бала - шаға отбасымен бақытты,
Күнделікті шәкірттерге асықты.-деп бастауыштың мұғалімі Молдабекова Айгерім апайды шақырамыз
(барлығы сахнада)

Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым сынға түскелі отырған ұстаздарды тағы да қошемет көрсетіп қоялық.

Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан мұғалімдер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.

Әділдікпен баға берер ұстазға,
Әділдікпен қара қылды жаруға,
Әділқазы алқаларын сайлайық.
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.


1.№ .... мектеп директоры ..----------------------------------------------------------

2.№.....мектеп директоры ------------------------------------------------------------

3.№ мектеп директоры ---------------------------------------------------------------

Ескерту:

Әр мұғалімге жеке - жеке ұпай бересіздер. Әр сұрақтың толық
жауабы 5 - 10 ұпаймен есептелінеді.
(Енді ұстаздарымыздың сөйлеу ретін белгілеу үшін мына орындықтарға отыруларын сұраймыз).

Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты.
Білімділік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сондықтан да жақсы көрер жақын жаты

Байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Таныстыру. ( 3 -5 минут)

2. «Мен тарихымды жырлаймын».


3.Сандық технологиядағы мұғалімнің құзіреттілігі.

4 «.Ойлау туралы ойлану»логикалық тапсырмалар
педагогикалық тест., психологиялық ситуациялар.

1-тур Таныстыру

Бүгінде озық - дәстүр, салт-сананы
Берік ұстап, сүйетін от панасын.
Ұстаздар кетсін өзін таныстырып.
Қуантып жолдас-жора, құрдастарын.-

деп сайысымыздың келесі шарты, ата салтымыздан қалыптасып қалған «Сәлем - сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.( ұзақтығы 3-5 минут).

№1 сайыскеріміз ----------------------------

№2 сайыскеріміз-----------------------------

№3сайыскеріміз------------------------------

№4сайыскеріміз------------------------------

№5сайыскеріміз------------------------------

№6сайыскеріміз------------------------------

Әділ қазылыр әділ бағаларыңызды беріп кетсеңіздер -------------


№1, №2 ,№3 ,№4 №5, №6.------------------------------------------

2тур «Мен тарихымды жырлаймын»

Пікірлесіп көрейікші біз ашық,
Даурықпайық, берекесіз шуласып.
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан,
Дос көңілмен ақтарыла сырласып.

Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып -

деп сайысымыздың келесі кезеңі «Мен тарихымды жырлаймын» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің оқыған Қазақ хандығына 550жылдығына байланысты әдеби-тарихи шығармалардың желісінен үзінді (5-7мин.)



№1сайыскер-----------

№2сайыскер-------------

№3сайыскер--------------

№4сайыскер-------------

№5сайыскер-----------

№6сайыскер-----------------

Әділ қазылар алқасы бағаларыңызды беріп кетсеңіздер.

№1,№2,№3,№4,№5,№6 сайыскерлерге.

3тур «Сандық технологиядағы мұғалімнің құзыреттілігі»

Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», -

деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды білімді алу ,менгерту АКТ менгеру арқылы жүргізу қазіргі мұғалімге қойылатын басты талап . «Қазақ хандығының 550жылы,» «20жыл Қазақстан Ассамблеясына-20жыл,» «70жыл Ұлы Жеңіске» байланысты көрсетілімді қорғау(5-7мин)

№1сайыскер-----------------

№2сайыскер------------------------

№3сайыскер-------------------------

№4сайыскер---------------------

№5сайыскер-----------------------

№6сайыскер-----------------------------

Әділ қазылар алқасы бағаларыңызды беріп кетсеңіздер

№1,№2,№3,№4,№5,№6,

4тур «Ойлау туралы ойлану


Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ - дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық.

Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.
(Сайыскерлер интерактивті тақтадан қажетті нөмірді таңдап, таңдаған нөмірге сәйкес сұраққа жағдаятты шешу ұсынылады. .)

Әділ бағаларыңызды әділ қазылар алқасы беріп кетсеңіздер

№1,№2,№3,№4,№5,№6сайыскерлерге

Ұстаз - бұл ұлы адам ел таныған,
Шәкіртін үйретуден жалықпаған.
Кішкентайдан қолынан жетектеп ап,
Сырлы әлемге өзіңді алып барған.

Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.

© 2010-2022