Арайлы алтын күз. (ертеңгілік)

Раздел Классному руководителю
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін, сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Міндеттері: Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Топ бөлмесі күз мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар музыка ырғағымен сыныпқа кіріп, шеңбер құрып тұрады.

1.Жүргізуші:
Тоңазып отырып
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Судырап түседі.
Үстінде егінжай
Салқын жел соғады.
Гүл,жапырақ шөптер де
Қурап солады.
Айтындаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы. /Күзде/
Балалар орындарына отырады.
Залға сазды әуенімен Күз кіреді.
Амансыңдар ма балалар,
Ерінбестен еңбек етіп келетін.
Еңбекшіге бар жемісін беретін,
Мен -Алтын күз
Ынтымақты еліме
Берекелі ырыс болып енетін.
Балалар мен сендерге құр келген жоқпын,өзіммен бірге піскен жемістерімді ала келдім.
Күзде қандай жемістер піседі білесіңдер ме? /алма,алмұрт т.б/
Балалар мен сендермен бірге «Дәмін ажырат» деген ойын ойнағым келіп тұр.
-Сендер ойын ойнағыларың келе ме?
-Иә,ойын ойнағымыз келеді.
Ойынның шарты: Мен сендердің ауыздарыңа бір жемісті саламын, ал сендер сол жемістің дәмін татып көріп қандай жеміс екенін айтасыңдар.
3. Балалардың тақпақтары
Мирас:

Алтын сары, қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Медет:

Жемісті мол беретін,
Күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Нұрай:

Сары ала тон жамылған
Күз атамыз секілді,
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Кәусар:

Жайдары күз,жарқын күз
Аяулы күз алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз.

Аида:

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын күз

Мол өнімді әр іспен

Риза етіп халқымыз


4. Балалар енді біз күз ханшайымға арнап өлең айтып берейік /осы кезде топқа кір қуыршақ кіріп келеді.
Ән «------------------»
5. Жүргізуші:
Ал енді күз ханшайымы мен кір қуыршақ сіздерге арнап балалар кішкене балапандар болып би билеп береміз дейді.
Би «Балапан»
6. Жүргізуші: Балалар қане бәріміз тыңдайықшы біздің топқа біреу келе жатқан секілді.
Осы кезде қонаққа қолында үлкен сәбізі бар қоян келеді. Балалар мен амандасады.
Қоян балаларға «Сәбіз жинау» ойынын ойнатады.
Ойынның шарты: Жерде жатқан жемістердің ішінен себетке тек қана сәбіздерді жинап салу керек.
7. Жүргізуші:
Балалар енді біз қоянға арнап білетін әнімізді орындап берейік.
Ән «Сұр қоян»
Ән айтылып болған соң,ханшайыммен қоян балаларға рахметтерін айтып қоштасады.
8. Қортынды:
«Алтын күз»
Осы ма,осы ма күз деген?
Берекесін сыйлайтын кез екен,
Мына күздің сыйын қабыл алыңдар, балалар.
Бүгін сендермен өткізген алтын күз мерекесі осымен аяқталды.
Сау болыңыздар!












Қуағаш орта жалпы білім беретін мектебі




Арайлы алтын күз . (ертеңгілік)


(ертеңгілік)



Дайындаған: Ахметова Самал




2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022