Тәрбие сағаты Таңғажайып жаңа жыл

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Таңғажайып Жаңа жыл

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салыды үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Жаңа жылдық сахна. Дүйсен Шұғыла ән шашу.

1-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата - аналар мен Жаңа жылды көптен күткен Қапайлықтар!

2-жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге,

Жаңа табыс тілейміз ісіңізге.

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін,

Мына отырған барша жан бәрімізге.

Білесің бе,осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп,әрі ең керемет тойланатын мереке екенін?

1-жүргізуші: Дұрыс, айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен.!

2-жүргізуші: Құтты болсын Жаңа жыл барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық.-дей келе Жаңа жылдық дастарханға 5-9 сыныптарын шақырсақ.

Қиындықтан сірә олар қашпайды,

Алғырлықпен тапқырлықты ұштайды.

Қияларға самғап ұшқан құстайды,

Шегінбейді жеңістерге бастайды.

Уа,халайық,халайық,

Өнерлі,9-сыныпты қарсы алайық

Бәйгеге түспей, жарыспай,

Бұл сынып алда болар ма?

Біліммен өнер жарысып,

Тәрбие,тәлім озарма ма?

Уа,халайық,халайық,

Білімді ,7-сыныпты қарсы алайық!

Ғылымның сырын ұғына,

Шығады білім шыңына.

Ұқыптылықпен зеректік,

Жеткізер сендей өренді,

Білімдінің шыңына.

Уа,халайық,халайық,

Арманшыл, 6-сыныпты қарсы алайық.

Олар дайын бұл сайысқа достарым,

Көрсетер өздерінде қандай күш барын.

Алға қойған мақсаттары бір екен,

Сәтті болсын сапарлары әрдайым.

Уа,халайық,халайық,

Жарқын көңіл 5-сыныпты қарсы алайық.

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Өмірбаев Даулет Қазбанұлына береміз.

2-жүргізуші:

Уа, халайық, жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдың бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Бишілерді қарсы алып,

Қуанышпен қараңдар.

7- сынып көрсетер қазір бізге өнерін,

Камила: Біз өнер көрсетпейміз, Аяз атамен Ақшақарсыз Жаңа жылдың еш мәні жоқ.

2-жүргізуші:Ендеше,балалар Аяз атамызбен Ақшақарымызды шақырсақ!

Балалар:Аяз ата,Ақшақар ау-у-у-у-у

Аяз ата: Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.

Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.

1- жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар. Сіздер келмесе би билемейміз деп, бишілеріміз реңжіп отыр. Өздеріңіз бір тілек айтып, биге шақырсаңыздар.

Аяз ата: балалардың би билеуін сұрайды.

1-жүргізуші: Кел, Жаңа жыл! Төрле, төрле жеріме!

Құт береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығыңа бөлегейсің мені де!

2-жүргізуші: Өзінің құттықтау ән шашуымен Жеңіс Сауяны «» әнімен қарсы алайық!

1-жүргізуші: Гүлшаш мен Васильковка мектебінің оқушылары жайдарман Республикалық деңгейде ойын көрсетеді деп естігенім бар. Сол топтардың бірін ортаға шақырсақ қалай қарайсың?

2 - жүргізуші: Олай болса, 7 сыныптың «Жастар» КВН командасын шақырамыз.


Әсет: Балалар! Мен сендерге шығыстың түні қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзінді жұмасын, ал екінші көзімен мына жәшіктегі тесікке қарайсын. Сонымен, ғажайып басталады….. (Ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе көре алмайды). Қалай, көрдің ба? (Ойыншы ештене көрген жоқ)

Әсет: (ашуланып): Бұны қалай түсінуге болады? Бұл не сұмдық сен ештене көрген жоқсынба? Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып, жұмбақ шығыс түні дегеніміз осы ғой.

Айнабек: (күліп): Ой, қойшы күлкімді келтірмей. Сондай да фокус болады ма екен. Одан да ойнайықшы.

Айнабек ойын ойнатады. Тағамдар туралы.

2-жүргізуші:

- Мейірім,нұрым-ұстазым,

Нәр алған сенен ұрпағың.

Әлемнің жарық сәулесі,

Шұғыласындай нұр таңның,-дей келе мейірімді ұстазымыз Жанат Абзаловна мен

Салтанат Серікқанқызына сөз кезегін берсек.

1- жүргізуші: Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымызда бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата бізде ақын жастар да бар еді.

2-жүргізуші: Мынау жатқан қазақтың жері емес пе?

Ақындарын сыйлаған ел емес пе?

Ендеше бабына келіп отырған өлең жүйріктерін жібер ортаға! Өнеріне бізде,сізде тамсанайық! (5,6,7,8,9 - сынып өлең жолдарын арнау)

Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой.

1-жүргізуші: Біздің сыныпта «ойын» ғылымдарының докторы Бижанов Дәулеттің бауыры Бақытбек Тілек деген атағы жер жаратын, өз ісінің білгірі бар еді. Құрметтеп шақырайық ортаға.

Тілек ойын ойнатады. Сурет салу.

1-жүргізуші: Гүлшаш мен осы 9 сыныптың оқушыларын тікелей эфирден көріп қалып едім.Сол нөмірді қайтадан көре алмай жүрмін. Шіркін, жаңа жыл кешінде армандар орындалады дегендей.

2-жүргізуші: 9 сыныпқа сөз кезегін берейік! Мүмкін сенің көре алмай жүрген нөмірінді көрсетер.

1-жүргізуші: 6 сыныбымыз жеке дара ғой,

Алыстан атойлататын қара ғой.

Ұлдары мен қыздары дана ғой.

6 сыныптың ару қыздары мен сымбатты ұлдарынан ән шашу. Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Бізге қонаққа Америкадан «Жаңа жыл» биімен кішкене аяз аталар тобы келіп қалыпты .ортаға шақырамыз. тамашалап көріңіздер!

2-жүргізуші: Уа, халайық той бүгін,

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық алтының,

Әзілімен шындығын.(6-сынып әзіл)

1-жүргізуші: Сөз кезегін тағы Тілекке берейік, баларға ойын ойнаған ұнап қалды ғой деймін. Сыйлықтар туралы ойын.

2-жүргізуші: Ел байлығын жер байлығын сақтаймыз

Бабалардың аманатын ақтаймыз.

Қазақстан мәртебесін көтеріп,

Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.

5 сыныптың көрінісіне баға бере отырыңыздар!

1-жүргізуші:

Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Әдемі тілектерге қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып .

5,6,7,9 -сыныптардың жүрек жарды тілектерін тыңдайық.

Тілек ойын ойнатады. Түйме жайлы.

2-жүргізуші: Қазақтардың ұғымында әр жылдары қандай қиындық көрсе де, жылдың жаманы жоқ деген екен.

1-жүргізуші: Ия,сондықтан: Тышқан жылы тыныштық,

Сиыр жылы сыйлық,

Барыс жылы бірлік,

Қоян жылы қамбалы,

Ұлу жылы үлгілі,

Жылан жылы жайлы, деген екен.

2-жүргізуші: Ал жылқы жылы жұтсыз,

Қой жылы құтты.

Мешін жылы мерейлі,

Тауық жылы табысты,

Ит жылы игілік,

Доңыз жылы дүниелі, деп , қазақы қалыппен баға берген. Әр жылдың қадір қасиетін ұлықтап түсіндіріп отырған.

1-жүргізуші: Иә, бұл адамдардың жан дүниесінде ешбір жылдан қорықпау керектігі туралы сенімді ұялатады. Олай болса қой жылы мен мешін жылына сөз берейік.

Қой жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.


Мешін жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Мешінмін мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қой жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.

Бірге: Қой жылы той жылы

Мешін жылы вечер жылы

1-жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда шаттықты!

Біз тілейміз Жаңа жылда бақытты!

2-жүргізуші: Біз тілейміз Жаңа жылда махаббат!

Біз тілейміз Жаңа жылда шапағат!

1-2-жүргізуші: Тілейміз біз баршаңызға жақсылық,

Құт береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы,

Шаттығына бөлегейсің мені де.

1-жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Жүздеріңізден күлкі кетпесін.

2-жүргізуші: Біз Сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше дейміз. Келгендеріңізге рахмет!







© 2010-2022