Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері№ 25 жалпы орта білім беру мектебі







(Сынып сағаты)


Өткізген:

Теміржанова М.Ә.


2015 оқу жылы


Пән: қазақ тілі Пән мұғалімі: Теміржанова М.Ә. Сынып: 8 "А" Сабақ: 1 Күні: 02.09.2015ж.

Сабақтың

тақырыбы:

"Қазақ халқының ерлік ісі"

Сілтеме:

Электронды оқулық, ғаламтордан алынған мәліметтер.

Жалпы мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығының құрылу тарихын және КСРО құрамындағы Қазақстанды, тәуелсіз Қазақстан тарихын оқу мен оқудағы жаңа тәсілдерді кіріктіру арқылы оқыту;

Дамытушылық: Оқушылардың ой- өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, мәнерлеп айту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын, тілін сүюге тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

Топтық жұмыс үлгілерін енгізу арқылы сыни ойлата білу,диалогтік қарым- қатынасарқылы жұмыс жасауға бағыттау.

Негізгі идеялар:

Жас ерекшелігіне сәйкес мәтіндермен жұмыс жасату, қалыпты жұмыс жасауға мүмкіндік беру.

Дереккөздер:

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Электронды оқулық, ғаламтордан алынған мәліметтер.

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Білу.

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

Түсіну.

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері


Қолдану.

Талдау.

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

1.Сынып ішін ұйымдастыру. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Бір біріне тілек арнау.

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,

Ел үшін жанын қиып, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас

Арқаның селі, желі ,шөлі, белі,-

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас,- деп Мағжан

Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.


2.Топқа бөлу: тақырып бойынша бөліну, (Эмблема) төс белгілері болуы керек, Қазақ хандығының елі, Ресей патшасы, Кеңестендірілген қазақ елі, тәуелсіз Қазақстан елі.

3. Мұғалімнің сөзі: (қысқаша мәлімет беру)

1- топ: Хандық мемлекет

2-топ: Отаршыл Ресей патшасы

3-топ: Кеңестік мемлекет

4-топ: Тәуелсіз қазақ мемлекеті

4. Тілек айту:

5. Шығармашылық жұмыс:
«Менің елім- Қазақстан» тақырыбында ойтолғау жазу.

6. Өз тақырыптарына сәйкес рөлдік қойылым


7. Тапсырмалар:

Смайликтер бойынша топ жұмысын бағалау.

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

1.Оқушылар тілектер жазылған әр түрлі стикерлерді алып, сондағы тілектерді бір-біріне ұсыну арқылы ынтымақтастық орта құрады.

2. Қазақ хандығының елі, Ресей патшасы, Кеңестендірілген қазақ елі, тәуелсіз Қазақстан елі атты топтарға бөлінеді.

3.Бүгінгі тақырыпқа байланысты сурет салуға немесе қойылым көрсетуге, әңгіме құрастыруға немесе өлең шығаруға және модел жасауға болады.


4. Мысалы: Қажымас қайрат еңбекқор, Кеңес құрамындағықазақ елінің ерліктері, жеңісті жақындатқан, майдан жауынгерлерінің ерлігі мәңгі өлмесін!

Тәуелсіз қазақ елім дамыған отыз елдің қатарынан көрінсін, Қазақстан Республикасының Конституциясының

20 жылдық және Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 20 жылдық мерекесі құтты болсын!

Оқушылар өз ойларын қағазға түсіріп, ойымен бөліседі.

1-топ: Қазақ хандығы туралы

2-топ: Тәуелсіздік жолындағы қазақ батырлары

3-топ: Сталиндік озбырлық, Ұлы Отан соғысының батырлары, желтоқсан қаһармандары

4-топ: Бүгінгі Қазақстан

1-топ: Керей мен Жәнібектің Жетісу жеріне көшу себебі және қазақ хандығының шаңырақ көтеруі

2-топ: Қазақ хандығының Ресей империясына қосылу себебі. Отаршылдыққа қарсы болған тарихи тұлғалар

3-топ: Кеңес үкіметінің мақсаты. Кеңес құрамындағы Қазақстан мемлекетін билеген тұлғалар

4- топ: Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы. "Экспо- 2017", "Қазақстан-2030" стартегиясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Әр топ тақырыбына сәйкес жұмыс жүргізіп, постерін қорғайды.

1мин

1мин


5мин


1мин


9 мин



15 мин




2 мин

Жинақтау.

Бағалау.

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

6. Ағаш жапырақтарына өз тілектерін стикерге жазып, ағашты көркейту.

Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.



Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

  1. Стикерлеріне рефлексия жазуды ескерту.

Критерий бойынша бағалау.

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

1. Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Елбасымыз Н. Назарбаев дүниежүзі қазақтардың құрылтайында не деген екен ?
2. Енді қазақ тілі жайында кім айтар екен ?
3. Қай жылы «Тілдер заңы» қабылданды ?
4. Тіл білімінің атасы кім ?
5. Халық тілін ана тілі деп атаудың мәнін түсіндіріңіз.
6. «тілден қымбат қазына жоқ » дейміз осыған байланысты қандай мысал келтірер едіңіздер ?
7. Тілге байланысты қандай өлеңдерді жатқа айта

аласыңдар ?

Қазақ елі туралы шетел ғалымдарының пікірін жазып, қазақ зиялыларының пікірімен салыстыру. Берілген тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру.


Қазақ зиялыларының пікірі

Шетел ғалымдарының пікірі









  1. Стикерлеріне сабақтың рефлексиясын жазып, жапсыру.

  2. Топ басшыларының бағалауы.

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

8 мин


2мин

Үй жұмысы

Сынып сағаты: қазақ халқының ерлік істері

«Отаным- алтын ұям бесігім» деген тақырыпта ой толғау жазу

«Отаным- алтын ұям бесігім» деген тақырыпта ой толғау жазады.

1мин




© 2010-2022