Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үлгілі тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Үлкендер жолы - ұлылық,

Ұрпағы жүрер ұғынып»

Мақсаты:

1) Қоғам қайраткері А.Аюбаевтың еліне сіңірген еңбегі мен үлгілі ісін насихаттау.

2) Жас жеткіншектердің бойында ізгіліктен ұлағат алу сезімін қалыптастыру.

3) Адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жабдығы: өмірдеректер.

Өтетін орны: өлкетану мұражайы.

Барысы:

І. Кіріспе бөлім.

1) Саз әуенімен Қания Бекқұтымқызын қарсы алу.

2) Өсіңіз, өркендеңіз, тасқындаңыз,

Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.

Сен мықты, ол осалдау, мен орташа

Бәріміз бір аспанның астындамыз

деп ақиық ақын М.Мақатаев тебірене жырлағандай ерен еңбек, маңдай терімен өмір белесіне шықса да бармын деп ешқашан асқақтамаған, адамгершілігімен ерекшеленген ауылымызда бүгінде төрімізде бейнесі тұрған Ақат Рәшұлы Аюбаев атамыз болған.

Жүрегіңіз парасат нұр төгеді,

Абыройлы ағасыз мәртебелі.

Қыран қонған биіктен көріндіңіз,

Туған елдің тау тұлға мәрт өрені.


  • Иә, балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың арқауы ауылшаруашылығы өндірісінің ірі ұйымдастырушыларының бірі, Жетісу жерінің гүлденуі мен көркеюіне зор үлес қосқан, Кербұлақ ауданының Құрметті Азаматы, Алматы облысының Құрметті Азаматы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті Азаматы, «Жомарт жүрек» белгісінің иегері осы Ақат аталарың.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда А.Рәшұлының өнегелі өмірінен ұлағат аламыз. Сондықтан да тақырыбы «Үлкендер жолы - ұлылық, Ұрпағы жүрер ұғынып» деп аталады. Тәрбие сағатымыздың құрметті қонағы атамыздың жары Қания Бекқұтымқызы.

ІІ. Негізгі бөлім.

1) а) Ендігі кезекті есіл ердің өмірі мен еңбегіне шолу жасауға берейік.

(Кәмшат, Айсана, Аделья, Алуа, Карина)

ә) «Өмір өрнегі» кітабынан туған жер туралы толғауынан үзінді оқу. (6-7 беттер).

Алуа мен Адельяның орындауындағы «Ауылым» әні.

2) Иә, еңбекпен есейген Ақат атамыз көзі тірісінде «Өмір өрнегі» атты кітап жазып өз өмірін кейінгі ұрпаққа өнеге етіп қалдырып кетті. Сол кітапта қамтылған даналық сөздер бүгінде мұражайымызға әр беріп тұр.

(Кезектесе дауыстап оқиды)

3) Ғасыр ақыны М.Мақатаев кезінде «Айтылар естеліктер мен туралы,

Біреулер ер екен дер өр тұлғалы» дегендей ұрпақтарына өнеге етіп, өмірін жас жеткіншектерге үлгі етіп насихаттау мақсатында жары Қания анамыз осы өлкетану мұражайын ашып, жәдігерлерді мектебімізге орналастырды. Өйткені А.Рәшұлының елі үшін еткен еңбегі орасан зор. Атап айтар болсақ ауылымызға почта ғимаратын тұрғызды. Ауыл қарияларына ұн таратып беріп ризашылығын алды. Дәулетбай бабасына балаларымен бас демеуші болып кесене де тұрғызды. Еңбегін елі жоғары бағалап, жомарт жүрек белгісімен марапаттаса, мектебіміздің 7 - сынып оқушылары арнау өлеңін арқау етті.

(Айсана, Аделья, Карина, Кәмшат, Алуа).

Дана халқымыз «Әке көрген оқ жонар,

Ана көрген тон пішер» дегендей Аюбаевтар әулетінің балалары жыл сайын әкелерінің рухына арнап құран бағыштап, еске алып отыруды да назардан тыс қалдырмаған. Ал қос қарлығашы Айгүл мен Динасы мектебімізде наурыз айында өткен «Бәрінен де сен сұлу» атты қыз сыны байқауына демеуші болды.

«Әке туралы жыр» қыздар тобы.

  • Ақат атамыздың өсіп өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, құдай қосқан қосағы біздің Қания анамыз бүгінде жарын мұңая сағынып еске алады.

«Сағындым сені» әні Айсана мен Кәмшаттың орындауында.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

1) - Біз Ақат атамыз туралы іздендік, жинастырдық. Қания анамыз жазған «Кең даланың кемеңгері» кітабынан көп мағлұмат алдық. Онда ол кісі туралы «Кім көп дерек біледі?» екен соған назар аударайық.

2) Бүгінде балалары қызмет бабымен қалада болғандықтан, ауылдағы шаңырағының түтінін түтетіп, қолдары қалт етсе аңсап ауылға келетін балаларын күтіп отыратын аналарына балаларының атынан орындалатын «Анашым» әні өзіңізге арналады. Қабыл алыңыз!

3) Қорытынды, тәрбиелік мәнді сөз бен жас жеткіншектерге де ақ тілек сөзді өзіңізге берейік қадірлі анамыз.

4) Жыр жүйрігі І.Жансүгіров «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі қайдан табар кемеңгерді» деген екен. Олай болса, өз ерлеріміздің даңқы асқақтай берсін!



© 2010-2022