Сценарий на 8 марта

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сыйынар ем, ана деген тәңірге


Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің көрнекілігі: ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл, слайд-шоу т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, ойындар ойнау, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Барысы:

Тұрлыбек Назерке билеп шығады. «Шақырады көктем» әні шырқалады.

(музыка көңілді)

1-жүргізуші: Қайырлы күн, абзал жанды аналар, ақ жаулықты әжелер, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен, көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

2-жүргізуші: Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

Кеш жүргізушілері:

Сыванов Рамазан

Ильясова Анеля

1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші:

О, аналар осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы кәрің де,

Сыйынатын осы өмірдеқұдірет,

Сыйынар ем анадегентәңірге...

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Сыйынар ем, ана деген тәңірге» атты 4 «Б», 7 «Ә», 10 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер дейміз!

1-жүргізуші: Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен?

2-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз.

1-жүргізуші:1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбек ақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді.

2-жүргізуші:Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.

1-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда

8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

Музыка ойналады.

2 жүргізуші.Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

1 жүргізуші. Өсиетін айтсын көпке киелі,

Сөзі алтын, адал оның жүрегі.

Мектебіміздің басшысына сөз кезегін береміз,

Қабыл болсын жақсылардың тілегі,-дей келе құттықтау сөз кезегін мектебіміздің көрікті, ақылына көркі сай, баршамызға әрдайым қолдау көрсетіп жүрген, мектебіміздің жүрегі, мейірбан анамыз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, ҚР Білім беру ісінің үздігі Агильская Такура Айдарбекқызына береміз.

2 жүргізуші. Бүгінгі мерекенің шаттығы, көңілдердің ақтығы, пейілдердің пәктігі, ән мен күйдің тасқыны, нәзік жандылар сіздерге арналады!

1-жүргізуші:Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз

2-жүргізуші:Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

Әдеби монтаж(6 оқушы) 4 сынып оқушылары

2-жүргізуші:Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, - демекші, ендігі кезекте кішкентай ғана бишіміз Аяулымның «Үнді биі» қабыл алыңыздар!

2 жүргізуші:Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Айгерім мен Мөлдірдің орындауындағы

«Жан ана» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ортаға жүрекжарды тілектерімен 4және 7 сынып оқушыларын шақырайық.

(Ортаға 4-7 сынып оқушылары шығады)

2-жүргізуші: ұстаздарымыздың, аналарымыздың көңіл-күйін көтеру үшін өз өнерлерімен 7-ші,8-ші сыныптардың ұлдарын ортаға шақырамыз. (КВН)

2-жүргізуші: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
ұстаз, сізді құттықтап,
Әндетеміз бәріміз-дей келе Ажардың орындауында «Ұстазым» әнімен ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алсын, үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан

2-жүргізуші: Анеля байқадың ба, біздің оқушыларымыздың бәрі әнші, бәрі биші, күйші екен.

1-жүргізуші: Иа, Рамазан. Дұрыс айтасың. Такура анамыздың барлық балалары өнерлі ғой.

Тәрбие бар білімнің бастауы,

Мектебіміздің көп өнерлі жастары.

Қарсы алыңыздар, қошеметпен сахнада,

Оныншы «А» сыныбының ұлдары (БИ)

2-жүргізуші: Лесбек Ернурдың орындауында «Бол жанымда» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!-деп 10 сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің "Сыйынар ем, ана деген тәңірге" атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!

1-жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!




№7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар лицей орта мектебі











Сыйынар ем, ана деген тәңірге

(Мектепішілік іс-шара)

Сценарий на 8 марта





Жауапты сыныптар:

10 «А» сыныбы,сынып жетекшісі Нурсалиева Айнагуль Еркінбекқызы







Талғар қаласы

2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022