«Б. Уахатов еңбектері-ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына» атты конференцияның өтілу сценариінің үлгі жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерғалым ауылы 2015

Б.Уахатовтың 80 жылдығына орай «Б.Уахатов еңбектері-ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына» атты конференцияның өтілу сценариінің үлгі жоспары

І бөлім.

Б.Уахатов бюстінің салтанатты ашылу рәсімінің сценариі. (10 минут)

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Киелі де қасиетті Мерғалым ауылына хош келдіңіздер.

2-жүргізуші:

Туған елдің топырағынан артында өшпес белгі қалдырған, еңбектері өлшеусіз,талапты да дарынды ғалымдар өсіп-өніп ұшып шыққаны белгілі.

1-жүргізуші:

Сарыарқа өңірі сияқты киелі өлкеде, қасиетті топырақта дүниеге келіп, өсіп-өніп өз білімін қазақ халқына аянбай паш еткен атақты ғалымдардың бірі- балтаның сабындай ғана қысқа өмірінде ғылымның қиясына өрмелеп шығып, оның көкжиегінен жан-жағына көз салып, барлай бастағанда, мезгілсіз өмірден кеткен, ірі фольклорист, сыншы, атақты ғалымымыз - Бекмұрат Уахатұлы Уахатов.

2-жүргізуші:

Б.Уахатовтың еңбегі өлшеусіз.Талапты әрі дарынды ғалым.Мұндай ғалымдар тарихта сирек кездеседі. «Ол шолпан жұлдызы секілді қайтадан тарихта жанған адам.Шолпан сияқты биікте тұрған адам. Түсіруге болмайды» деген екен досы Сұлтанғали Садырбаев. Иә, осындай із қалдырып, жеріне мол мұра сыйлаған Б.Уахатовтың еңбегі ұмытылмай, мәңгілік есте қалуы біздің алдымызға үлкен парыз және міндет деп санаймыз.

1-жүргізуші:

Ұлы Мұхтар Әуезовтің соңғы талантты шәкірті, фольклорист-ғалым, сыншы Бекмұрат Уахатовтың бюстін салтанатты түрде ашылу рәсімін ғалымның ұлы Уахатов Бауыржан мен ғалымның досы Ә.Ыдырысовқа тапсырылады./ гүл шоғы қойылады,музыка ойналады/

2-жүргізуші:

Құттықтау сөз кезегі аудан әкімі Курманова Айзада Амангелдіқызына беріледі.(гүл шоғы қояды)

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:

Келесі құттықтау сөз кезегі Б.Уахатовтың туысы қазақ тілі мен әдебиеті маманы Боранбаев Сағынбай Боранбайұлына беріледі.(С.Боранбаевқа гүл беріледі)

2-жүргізуші:

Әдебиетші,сыншы ,жерлес ғалым Б.Уахатовтың бюстінің салтанатты ашылу рәсімі жабық деп жарияланады.

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар,баршаңызды Б.Уахатов мектебінің жанында ашылған «Өлкетану»мұражайына саяхатқа шақырамыз.

Мұражайға саяхат -15 минут /Жүргізуші : Салимова М.С қазақ тілі маманы/

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар!

Б.Уахатов орта мектебінің жанынан ашылған «Өлкетану» мұражайына хош келдіңіздер. Мұражай 2002 жылы Жерлес ғалым Б.Уахатовтың 70 жыл мерейтойыныңы қарсаңында ашылған.Мұражай ішіндегі деректер,құнды материалдар,жәдігерлер осы мектептің мұғалімдері мен оқушыларының ұйымдастыруымен жинастырылды.Мұражай 3 бөлімнен тұрады.

І бөлім- жерлес ғалым,ауыз әдебиетін зерттеуші,сыншы Б.Уахатовқа арналаған

ІІ бөлім-бойына қасиет дарыған сынықшы,көріпкел ,қазіргі таңда ауылымыздың аты аталған Мерғалым атаға арналған.

ІІІ бөлім- Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне арналған.

Сонымен қатар әр бөлімнің ішінен ауыл тарихына,мектеп тарихына,осы ауылдан ұшып шыққан әйгілі тұлғаларға арналған бұрыштар бар.

85 жыл, яғни бір ғасырға жуық тарихы бар Қорт аулы 1929 жылы Сталин деп аталған.Сол кездерде колхоздың басшысы болып Бихиянов Мүсілім сайланған. Ол басшылық еткен колхоз 1953 жылға дейін тұрып, сол жылы Жаңауаыл колхозымен бірігіп Қорт ауылы атанды.

Жаңаауыл ауылы 1938 жылы қаланған. 1935 жылы Тоз атанып, Салимов Шәпе басшылық еткен. Тозға халық төлдің қай түрін қосса,Тоз сол шаруашылықпен айналысқан. Яғни,қара мал шаруашылығы да\, қой шаруашылығы да қамтылған.Алайда,Тоз жұмысының барысында халық қолындағы бар затын яғни,шана,қомыт-сайман делінбей ортаға салынған.Сөйтіп Тоз үш жыл тұрып 1938 жылы Жаңаауыл колхозы болады.Молдахмет Мәди басшылыққа тағайындалады.Шаруашылық бағыты сол қалпында сақталады.

1942-1944 жылы Түркістан Әжімұрат басшылықты алды.Дүйсентаев Мұхамедияр 1944-1946жылғы дейін басшылық етіп,колхоз шаруашылығы екі бағытқа бөлінеді.Қара мал фермасының меңгерушісі Сәлім Шәпе,қой фермасының меңгерушісі Есенаманов Төлеу.

1946-51жылы Сыздықов Бекболат болса,1951-53жылға дейін Бихиянов Бәшар басшылық етеді.

1953жылдан бастап Жаңаауыл мен Сталин колхозы бірігіп,Қорт ауылы деп аталады.Сүйегі «Қорт» деген адамдардың шоғырланып орналасқан жері болғандықтан осылай аталған.

1954-60 жылы Қалиев Сембай басшылық етті.

1960жылы Майқарағай совхозының №2 бөлімшесі Қорт болады.Сол бөлімшені Қалиев Сембай,Омаров Уақбай 1963 жылға дейін басқарады.Шаруашылық негізі қара мал болады.

1963-64 жылдар аралығында Санатханов Қайролла бөлім меңгерушісі болып,сол кезде шаруашылықта қойдың саны он мыңға жеткен.

Смагулов Әбу,Ташимов Еренғайып,Ботақанов Сайлаубай,Әбдікаликов Мырза,Узыханов Жақай,Жангазин Жұмабай,Дүйсенов Құсман 1983 жылдар аралығында осы кісілер басшылық жасап,шаруашылық құрамындағы қойдың саны жиырма екі мыңға жеткен.Сол кезде атақты шопандар:Сәрсекенов Амантай,Играгимов Рашит,Балтабаев Мұқанғали,Сапаров Мадаш,Бикеев Доскен,Әбдилов Әкімжан,Бекетаев Тукен,Қараханов Саттар,Уахитов Жаңбырбай,Отаров Бекахмет,Шахметов Сапар,Арынов Уалихан,Айткенов Қалым,Балғабаев Бекен сияқты еңбекқор адамдар болды.Совхоз жүннің нормасын 100% орындап отырған.Атақты қырықтықшылар:Сәрсекенов Амантай,Габдуллин Мерғалым,Төлеуов Байтен,Хабдуллин Төлеутай,Сарин Тоқтар,Шарденов Боран,Теленгутов Зүппар,Төлеуова Балшакар,Салимова Қаншайым,Кучукова Ками,Хабдуллина Нүрила,Уахитова Гүлбағира,Исагалиева Санипа сияқтылар облыс қөлемінде сайыстарға қатысып,бағалы сыйлықтарға ие болып жүргендер.Айғожин Зейнолла,Асылбеков Қабидолла,Қанаев Оңғар,Бихиянов Аманжол,Қаражанов Мазан,Санатханов Тұрлыбек,Еслямов Жақия,Бихиянов Амантай,Жұматаев Мейрам,Казенов Серкен сияқты ел азаматтары ауыл шаруашылығын басқарып,өз үлестерін қосқандар.

Сарыарқа өңірі сияқты киелі өлкеде, қасиетті топырақта дүниеге келіп, өсіп-өніп өз білімін қазақ халқына аянбай паш еткен атақты ғалымдар баршылық. Сондай ғалымдардың бірі- балтаның сабындай ғана қысқа өмірінде ғылымның қиясына өршелеп шығып, оның көкжиегінен жан-жағына көз салып, барлай бастағанда, мезгілсіз өмірден кеткен, ірі фольклорист, сыншы, атақты ғалымымыз - Бекмұрат Уахатұлы Уахатов. 1932 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қорт атты киелі, қасиетті жерде Уахат деген адамның отбасында дүниеге келген.

Бекмұрат Уахатовтың есімі әдеби қауымға кеңінен танымал. Өзінің қысқа ғұмырын туған әдебиеттің тыныс, тіршілігіне арнады. Білім бастауын Жаңа ауыл жеті жылдық мектебінде, кейіннен Қызыл әскер орта мектебінде жалғастырып, 1949 жылы орта мектепті аяқтап, қазіргі Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны

1954 жылы аяқтап, сондағы қазақ әдебиеті кафедрасында аспирант болып қалдырылды. Біраз жылдар «Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби қызметкері, одан кейін 26 жыл бойы өмірінің соңғы күніне дейін Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет етті.

1961 жылы «Қазақ совет прозасындағы характер жасау шеберлігі» деген тақырыпта академик М.О.Әуезовтің жетекшілік етуімен кандидаттық, ал

1975 жылы «Қазақтың халық өлеңдері» дейтін тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Б.Уахатов Мұхтар Әуезовтың сүйкті шәкірті болған. Көп жастардың ішінен М. Әуезов Бекмұрат Уахатовты таңдап, өз інісіндей жанынан қалдырмай, бүкіл кездесулерге қатыстырып отырған екен.

Б.Уахатовтың еңбегі үш үлкен салада көрінетіндігі анық. Оның біріншісі-халық мұрасын жинап жарыққа шығару ісі, екіншісі-фольклор мен мен қазіргі әдебиетті зерттеуші, үшіншісі- сол әдебиеттің оқытылу жолдарына байланысты әдістемелік еңбектер жазушы деуге болады.

Б.Уахатов әдебиеттану ғылымында, әсіресе оның фольклортану саласында тыңғылықты зерттеу жүргізіп, таңданарлық табыстарға ие болды. Ол қазақтың көне асыл қазынасы- ауыз әдебиетін зерттеуге 20 жылдан астам уақытын арнады.Қазақ фольклорының төркінін қопара ақтарып, оны сонау бағы заман мирастарынан іздестірді.Б. Уахатов «Қазақ фольклористика», «Қазақ фольклорының типологиясы», «Қазақтың тарихы жырлары», «Жар-жар», «Пернедегі термелер», «Ақындар жыры» коллективтік еңбектердің жауапты шығарушысы әрі авторы болды. Сын саласындағы Б.Уахатовтың еңбегі ұшан-теңіз. Біріне бірі ұқсамайтын, үлкенді-кішілі, әр деңгейдегі қаламгердің әр қырынан келіп, сыр шертеді. Уахатов ірі тұлғаға Ғабит Мүсіреповтің шығарамаларына «Шеберлік шарты» көлемді еңбегін арнаған болатын. Сонымен ол, С. Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің бір шоғыр прозалық шығарамаларына талдау шасаған. Оның нәтижесінде ғалым қазақ әдебиеті ғылымына елеулі үлестер болып қосылған сара да дара зерттеулерді дүниеге әкелген. Осы орайдағы үлгі Әуезовтік пайымдаулармен тікелей байланысты еді. Б.У.Уахатов соны іске асырды.

Ерекше зерттеген сала -қазақтың халық өлеңдері болды.Уахатов өлең жарының негізгі даму тендециясын анықтау, соның табиғатын, идеялық-көркемдік ерекшіліктерін аша білді.Қазақ өлеңінің ең алғашқы шығуын, таралу тарихын, калай өскенін, жетілгенің зерттеп көрсетті. Әдебиет сыншысы Б.Уахатов халық өлеңдерінің мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде 1975 жылы «Қазақтың халық өлеңдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы деген ССРҒА-ның М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында әуелде кіші одан аға ғылыми қызметкер бөлім меңгерушісі болып қызмет етті. Сонымен қатар, педагогика ғылымы мен практикасы үшін де тер төккен азамат.

Сонымен қатар, Уахатов мектеп жасындағы өспірімдерге арнап «Мұқаңның мінезі», «Жолда», «Қарақат», «Күнге сапар» атты әңгімелер арнаған.Онда ол қызықты қылық, мінез күйлерін суреттеп, оларды еңбек сүйгіштікке баулу идеясын ұстанды. Сондықтан Бекмұратты «Балалар әдебиетінің пірі» - деп атауға болады. Өйткені оның еңбектері ұрпаққа мәңгі өшпес мирас болып саналады.

Б.Уахатовтың еңбегі өлшеусіз.Талапты әрі дарынды ғалым.Мұндай ғалымдар тарихта сирек кездеседі. «Ол шолпан жұлдызы секілді қайтадан тарихта жанған адам.Шолпан сияқты биікте тұрған адам. Түсіруге болмайды» деген екен досы Сұлтанғали Садырбаев. Иә, осындай із қалдырып, жеріне мол мұра сыйлаған Б.Уахатовтың еңбегі ұмытылмай, мәңгілік есте қалуы біздің алдымызға үлкен парыз және міндет деп санаймыз.

1996 жылы Бекмұрат Уахатовтың есімі Ғылым академиясы Жана ауыл мектебіне ғалымның есімі берілді. «Сүйсінерлік ұлың болса, сүй оны» деген екен.Біздің елдің атын шығарған асыл азаматтарымызды мақтан түтамыз. Міне осы, киелі жерде Ұлы Мұхтар Әуезовтің соңғы талантты шәкірті, фольклорист-ғалым, сыншы Бекмұрат Уахатов та туып, қасиетті топырағынан нәр алған болатын.Ал, біз бүгінгі күннің адамы аталған есімдер мәңгі есте қалатындай не істеп жүрміз деген сұрақ туындайды.

Бойында бар ерекше қасиетің,

Барша жұрт тағзым етіп,бас иетін.

Шипалы алақаның тигенде,

Сынық түгіл,бусанып тас иетін,-

дей отыра мұражайдың келесі бөлімі есімі Кеңес одағына танымал,сан мың ауруды сауықтырған сынықшы,емшілік құдіретіне ел табынған, оташы сынықшы да емші-Мерғалым атаға арналады.

Атақты сынықшы,қасиетті Мерғалым ата Қорт ауылында (қазіргі Мерғалым ауылы) 1935 жылы 8 ақпанда Мұхтарихан мен Рабиғаның отбасында дүниеге келген.Әкесінің әжесі Айша апа желек астында сынық салған шипагер,емші болған. Сол кісінің сынықшылық қасиеті Мерғалымның бойынан табылды. 12 жасқа келгенде Мерғалым қатты ауырып ,төсек тартып жатып қалады.Анасы Рабиға баласын жақын ауылдағы бақсы атаға көрсетем деп жолға шығады.Жолда нөсерлі жаңбырдың астында қалып,киімдері сығып алғандай су болған екен.Бақсы ата көйлегі денесіне жабысқан тыртыған баланы көріп:

-Ей,қарағым-ай, бұл баланың арғы тегінде сынықшылық қасиет қонған адамдар болған екен.Тұқым қуалау деген осы,бұның бойында сондай сынықшылық қасиет бар.Балаға ем жасату керек.Ұзатпай ауылдарынңда мертіккен адам болса,осыған көрінсін,-депті.Мерғалымға ең алғаш көрінген ауылдағы бұғанасы сынған Жәлел ақсақал болған.Осыдан кейін «сынықшы бала» деген атағы ауыл,ауданнан асып облыстан тысқары жерлерге тарап, жан-жақтан ем алуға сырқаттар ағылып жатқан екен.Мерғалымның тағы бір қасиеті:ол ешкімді де ренжітпейді.Оны ренжіткен адам не мертігеді,не ауырады.Және сол кісінің өзінен ем алуға мәжбүр болады.Мұңдай оқиға Шоқтал ауылында болса керек.Сатушы Нұртаза дүкенге келген бала сынықшыны нақақтан ренжіткен.Ренжіп кеткен балаға көңіл де бөлмеген.Кешке дүкен жабылар шақта қолы тартылып,саусақтарын аша алмаған.Келесі күні Мерғалымды халқы аса қатты сыйлап,бағалаған.Құдай қосқан қосағы Бәтес апай,Батыр-ана,он бала тәрбиелеп өсірген.

Елу бір жасында көз жұмған Мерғалымның тосын қазасы отбасының да,ауылының да,ем алған адамдардың да қабырғасын қайыстырып кетті.Аруағына бас иген халқы осындай ұлы емші,сынықшы Мерғалым сынды ұлының 61 жылдық мүшел тойына орай аруағына бас иіп,1996 жылы 16 тамызда ас берген болатын.

Мерғалымның ата-тегі:Уақ руының ішінде Жансары-Тоқай-Өтебай-Тоғайбай-Жанай-Өзбехан-Ғабдолла-Мұхтарихан.

Емшілік-сынықшылық қасиет ұлы шешелері-Ғайшадан бері қарай қонған көрінеді.Ғайша Тәукеқызы.Ежелден қарағай ішінде тұрып өмір сүрген Жаңайдың қайратты да епті ұлы-Өзбехан қарағайға өрмелеп,бұтақ отап жүріп құлап,қабырғаларын қаусатады.Оның осынау жағдайын көрген туыстары маңайда емші-сынықшы аталған адамға ат шаптырып алғызса да шипасы болмай азап тартып,2-3 күн жатқан соң,оның жас жұбайы Ғайша ата-енесінен рұқсат алып қарап,емдеп жазып шығады. Осы жағдайдан соң сынықшылық-емшілік аруақ осы әулетте қалыпты.Өзбехан мен Ғайшадан Ғабдолла,Шайқым атты екі ұл туған.Ғайша қайтыс болған соң оның емшілік киесі кіші баласы Шайқымға ауысады.Ол қайтыс болған соң аруақ ағасы Ғабдоллаға қоныпты.

Мерғалымның сынықшылық қасиеті дарыған ұлы Кабдуллин Қаршыға 1959 жылы 21 шілдеде Қорт ауылында дүниеге келген. Қаршыға әкесі әрі тірі,әрі ірі емші болғаннан кейін қабілетін көрсетуге асықпаған. Мінезі әкесінің мінезіне мүлде ұқсамайтын,жуас,томаға-тұйық,сөзге сараң тек күлімсірейді де тұрады.Ешнәрсені елең қылмаған,қатты толқып көрмеген Қаршыға әкесінің қазасы ерекше әсер етеді.Бәтес апайдың түсінде ақ сәлделі,ақ сақалды қария оң босағадан тұрып: «балам» деп Қаршығаны шақырып,маңдайынан сипады. «Әкесінің сынықшылық қасиеті Қаршығағ адариын деп жүр-ау» деп жорамалдаған.Сол жорамал дәл келген.Әкесінің қырқын берген күні Мерғалым жатқан бөлмеде ес-түсін білмей ауырады.Қарттар жағы «әкесінің сынықшылығы дарып жатқан шығар,ақырының қайырын күтіңдер» деп жұбатты.Сол күні атасы Мұхтарихан немересіне ақ батасын берген. Ең алғашқы емді ұлы Жарасқа жасаған. Содан бастап әкесінің орнын жоқтатпай,сырқаттарға ем жасап келеді.

Сегізінші класты Қортта,оныншы класты Майқарағай орта мектебінде ,шоферлық курсты Шалдайда тамамдаған.Зайыбы Шолпан екеуі екі ұл,бір қыз тәрбиелеп отырған жанұя.

Мұражайдың 3-бөлімі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған.1941 жылы қан майданға жүздеген адам аттанып,оның 105 -і майдан даласынан оралған жоқ. «Ер есімі ел есінде» дегендей қан майданнан оралмаған жерлестеріміздің есімі ауылымыздың қақ ортасында орналасқан ескерткіште мрамор тасқа қашалып жазылған.Жыл сайын 9-мамыр күні Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарды еске алу үшін митинг өткізіліп тұрады.Назарларыңызды мына стендке аударуларыңызды сұраймын. Жерлес майдангер Қарағожа Ергөкше екі мәрте Даңқ орденінің иегері атанған.Кеңес Одағының кезінде бұл атаны Қазақстан түгілі Ресейдің барлық қалаларында білген. Осы атаның суреті сол кездерде майдандас досы екуінің кездесу сәтін Ресейдің бірнеше баспа беттері жариялаған болатын. Сексенбев Сүлеймен ата, Нокин Багау, Сартаев Мырзахан аталар өздерінің бар саналы ғұмырларын бала оқытуға арнаған майдангерлер. Сұрапыл соғыс жылдары Багау ата, Жұмажан ата, Мәмлям ата өз хаттарын өлең жолдарымен жазып, сол өлеңдері туған-туыстырының арқасында бүгінгі күні біздің мұражайдан орын алды.. Шын мәнінде сол кездегі аталардың жазған естелік өлеңдері нағыз шынайы жыраулар поэзиясы іспетті.Боранбай жырау деген атпен елге әйгілі ақсақалдың барлық хаты,естеліктері жыр түрінде жазылған.Б.Уахатовтың ағасы Шаймарданға арнап жазған өлеңі мұнда көрсетілген.

Мына суретте Санатханов Қайролла ақсақалдың Елбасынан алған алғыс хаты, Ибрагимов Ташен атаның Сталиннің қолынан алған алғыс хаты мұражайдан орын алды.Ұлы отан соғысының ардагерлерінің төс белгілері туысқандарының ұйғаруы бойынша мұражайға табысталды.Осындай жарқын бейбіт күнді әперген аталарымызды есімізде мәңгі сақтап, ерліктерін дәріптеп жүру біздің, болашақ ұррпақтың міндеті.

Мұражайдың мына бұрышы ауылымыздан шыққан дарынды тұлғалар, ғалымдарға арналған. Сондай дарынды тұлғалардың бірі Баденов Ескен аға химия ғылымының профессоры, Қаратаев Мерғалым аға-ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.

Сапаров Қуат-география ғылымының докторы, профессоры. Ғылым сардары,Үздік оқытушы

Бихиенова Қадиша Мамлямқызы- Қазақ ССР-нің және КСРО білім беру үздігі ,екі мәрте Қазақ Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған,қазақстан мұғалімдерінің Ү,ҮІ съезінің делегаты,қазіргі таңда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша педагог қызметкердің біліктілігін арттыру институтындағы мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасында аға оқытушысы.

Осындай дарынды тұлғалар біздің ауылдан шыққанына біз мақтан тұтамыз. Ғалым ағалар мен апайлардың осы мектеп түлектері болғанына қуанамыз.

Келесі назарларыңызды мектеп тарихына арналған бұрышқа аударуларыңызды сұраймын. Мектеп- кеме,білім -теңіз деген сөздің мағынасыа көз жүгіртсек,ой бойлатсақ шынымен мына екі қабатты зәулім ақ үй мектеп үлкен ақ кеме сияқты.Сол кемемен білім деп аталатын теңізде тоқтамай жүзіп келе жатқан кеменің тарихы 80 жылдан аса кезеңді қамтитын екен. Осы 80жылдық тарихқа көз жүгіртсек ,мектептің алғашқы іргетасы 1933 жылы қаланған . 1936 жылы Сергазин Қаратайдың басшылығымен бастауыш мектеп болып ашылды.1947 жылы 7 жылдық мектеп болып,кейін Жаңа ауыл сегіз жылдық болып өзгертілді.1996 жылы қазіргі мектеп ғимараты бой көтерді.Өткенге ой салып,көз жүгіртсек ең алғашқы оқушылары Сабира апай мен Бихиянов Башар атайлар болған.Кейіннен Сапаров Шарам,Абденбаев Дияр,Хасенов Темкен,Салимов Неғмат,Каббасов Сатай,Садыков Әлім,Елубаева Зада,Дуйсенова Зульфия,Санатханов Қайролла сияқты аталар болған екен.19747 жылдары Асылханов зура,Асылханов Зура,Сартаев Мырзахан сияқы ұстаздар қызмет етсе,ең алғашқы директорлар қатарына Тағлимов Ғани,Жанибеков Оспан ,Сағитов Аспандияр сияқты ұстаздар жатады.Сегіз жылдық мектеп ашылғаннан соң Нокин Багау,Боранбаев Жалел,Сергазин Ануарбек исяқты азаматтар басшылық еткен.1996 жылы мектебіміз орта мектептер қатарына еніп, еліміздің жергілікті тұлғасы,әдебиет сыншысы Б.Уахатов аты берілген,мектеп директоры Дуйсенов Ержан болып тағайындалды

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар!

«Б.Уахатов еңбектері-ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына» атты конференцияның ІІ бөліміне мектептің акт залына өтулеріңізді сұраймыз.

Конференцияның жүргізушісі Дуйсенов Ержан Құсманович

Дуйсенов Ержан Құсманович:

Б.Уахатов еңбектері-ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына» атты конференцияны ашық деп жариялаймын.

Конференцияға қатысушы баяндамашыларды президиумға шақырамыз.

Трушев Айтмұхамбет Қасымбайұлы- Қазақ филология ғылымының магистрі

Карипжанова Гүлназ Тукеновна- филология ғылымының кандидаты, доцент

Сапаров Қуат Табылдинович- География ғылымдарының докторы, профессор

Боранбаев Сағынбай Боранбаевич- Б.Уахатовтың туысы , қазақ тілі,әдебиетінің маманы

Курманова Айзада Амангельдиновна -Лебяжі ауданының әкімі

Дуйсенов Ержан Құсманович:

Бүгінгі конференцияның жоспары:

тақырыбы

Аты-жөні

уақыты

1

Б.Уахатовтың ұлы Уахатов Б.Б,Боранбаев С.Б,

жас мамандар арасындағы Б.Уахатов еңбектері баяндамасының жеңімпаздары,

8-11-сынып оқушылары арасындағы «М.Әуезов шығармалары» шығармалары сайысының жеңімпаздарын марапаттау

Курманова Айзада Амангельдиновна

Баяндама+презентация

Дүйсенов Е.К-

Б.Уахатов атындағы орта мектебінің директоры

10 мин

2

Баяндама « »

Сапаров Қ.Т-г.ғ.д.профессор

5 мин

3

Баяндама « »

Трушев А.К-ф.ғ.магистрі

5 мин

4

Баяндама « »

Карипжанова Г.Т

ПМУ-нің доценті

5 мин

5

Баяндама « »

Боранбаев С.Б-қазақ тілі ,әдебиет маманы,ғалымның туысы

5 мин

Жарыс сөз

1

Уахатов Б.Б-Б.Уахатовтың ұлы

2 мин

2

Бихиянова Қ.М-КСРО-ның білім үздігі, «Өрлеу» орталығының әдіскері

2 мин

3

Баденов Е,Б-х.ғ.к,профессор

2 мин

Қорытындылау-мектеп директоры Дуйсенов Ержан Құсманович

Құрметті қонақтар,конференцияға қатысушылар!

Бүгінгі жерлес ғалым ,әдебиет сыншысы Б.Уахатовтың 80жылдығына орай өткізіліп отырған конференция өз мәресіне жетті.

«Сүйсінерлік ұлың болса, сүй оны» дегендей біздің елдің атын шығарған асыл азаматтарымызды мақтан түтамыз. Міне осы, киелі жерде Ұлы Мұхтар Әуезовтің соңғы талантты шәкірті, фольклорист-ғалым, сыншы Бекмұрат Уахатов та туып, қасиетті топырағынан нәр алған болатын.Ал, біз бүгінгі күннің адамы аталған есімдер мәңгі есте қалатындай осындай мағынасы бар конференциялар,кездесулер ұйымдастырып отырсақ,болашақ ұрпақ өз елінен шыққан дарынды тұлғаларды,ғалымдарды мақтан тұтары сөзсіз.Мектебіміздің алар асуы әлі алда.Киелі топырақтан алдағы уақытта да ғалымдар шығар деген үміттеміз.

Құрметті қонақтар!

Бүгін бізбен бірге ұлы ғалымның мерей тойында бірге болып,өздеріңіздің құнды еңбектеріңізбен бөлісіп,тәжірибе алмасып,уақыт бөліп келгендеріңізге алғысымыз шексіз.Алдағы уақытта сіздерге жаңа табыстар тілейміз.

Құрметті қонақтар!

«Б.Уахатов еңбектері-ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына» атты конференцияны жабық деп жариялаймын.

Б.Уахатовтың 80 жылдығына арналған іс-шараға шақырылатын қонақтар тізімі

Аты-жөні

1

Трушев Айтмұхамбет Қасымбайұлы

Қазақ филология ғылымының

2

Карипжанова Гүлназ Тукеновна

Доцент,филология ғылымының кандидаты

3

Боранбаев Сағынбай Боранбаевич

Б.Уахатовтың туысы , қазақ тілі,әдебиетінің маманы

4

Уахатов Бауыржан Бекмұратович

Б.Уахатовтың ұлы

Алматы қаласы

5

Сапаров Қуат Табылдинович

География ғылымдарының докторы, профессор

6

Баденов Ескен Баденович

Химия ғылымдарының кандидаты,профессор

7

Бихиянова Қадиша Мамлямовна

СССР және Қазақ ССР-нің білім беру үздігі, «Өрлеу» орталығының әдіскері

8

Курманова Айзада Амангельдиновна

Лебяжі ауданының әкімі

9

Еркенов Ерсин Еркенович

Лебяжі аудандық оқу бөлімінің бастығы

10

Имангазина Гүлжанат

журналист

11

Таглимов Алтынбек

Аудандық мәдениет үйінің директоры

12

Бижанова Айсұлу Қайроловна

Аудандық «Аққу үні» газетінің бас редакторы

13

Аудан мектептерінің директорлары

20



ІІІ бөлім

Концерттік бағдарлама 30 мин



Б.Уахатов атындағы орта мектебінің оқушылары. «Ғалымға арнау»

Әдеби монтаж 5 мин

Рахат

1.Тыңдаңыздар артқы іні,алғы аға,

Қариялардан жырым бүгін,ал баға

Арналады жүрегімнің бұл күйі,

Уахатов Уахатұлы Бекмұратқа

Бұл ағаңның аз сыйлығы мол сана

Мол сыйлықтар мектебіңе толса да

Жайқалып өс,жақсы адамның ұрпағы

Сақтап, жаттап әр еңбегін бағала

Ризат

2.Талай даңқты елімізде аталарды біз көрдік,

Өмірлері олардың біздер үшін бір ерлік.

Есімі әр жүректе сақталсын деп,

Мұражайда ағаларға орын бердік.

Ертеден аты мәлім дүйім жұртқа,

Қай ұлыңды сыйдырам бала жырға,

Көтеріп шоқтығыңды асқақтатып,

Туар-ау талай әл нар тұлға.

Кімдерді әкелмеді туған елім,

Айналдым қасиетіңнен ару жерім.

Баршаға аян болған қасиетімен

Өзіңде өспеп пе еді Мерғалымдай ерің.

Нұрым

3.Шолпан жұлдыз секілді қайта жанған,

Шолпан жұлдыз секілді биік тұрған

Сыншы ғалым Уахатовтың еңбегі

Қазыналы мұра болып бізге қалған.

Қазынасын талай ішсең сарқылмас,

Еңбектері толған халық мұрасы

Сол еңбекке көз жүгіртіп қарашы,

Қалай оқып,қарасаң да таусылмас.

Дастан

4.Сүйем сені туған ел,атамекен.

Абзал анам сенсің ғой құшағы кең.

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не таптым,қайда кетем.

Топырағыңнан жаратқансың Мерғалымдай атамды.

Қасиетіңнен тудырғансың Бекмұраттай ағамды.

Сүйем сені туған ел,атамекен.

Өсе берсін қасиетті адамдардың ұрпағы.

Аяулым

5.Өз халқың бүгін сенің мұрагерің,

Ол дағы талай-талай сынайды ерін,

Сен жайлы әңгіме де көп ел ішінде

Сен бақыт таба білдің сол өңірден.

Нұрым

6.Ұрпағы едің,асқарлы елдің,асқақ ең,

Тартып алды бізден сені басқа әлем.

Лүп-лүп соққан жүрегіңнің қанымен

Жазып кеттің өшпестей ғып аңызды сен.

Жәмилә

7.Дәуірлеп,көтеріліп дара тұлғаң

Сөйледің өзің туған даласынан

Жүректі желпіп өткен жібек желдей

Еркелеп қиқулы аққу қанатынан

Дамир

8.Халқымның ұлы ғалымы

Артық туған дарынды.

Атқарған істер ауқымды,

Өзіне тартар бәріңді.

Диляра

9.Өздеріңнен қашанда нәр аламын,

Айналамды қоршаған даналарым.

Бекмұрат пен Мерғалымдай аталардың тұрағы

Туған жердің төскейінен нәр аламын.

Құдіретінен асырып таң да атпаған,

Кезінде бұл арманмен алға аттаған.

Аңқылдаған ақ жырым,ақ көңілім,

Өздеріңе бабаларым арнап бағам.

Айсана

10/Кеткен соң орындалып мұратың,

Дарындармен бірге аталып, жүр атың.

Жүректердің сүңгіп кеткен түбіне

Сендей болар осы өмірде бір ғалым.

Қуанышбек

11/О, киелім,игі бір тілек тілесіп,

Отырмыз бүгін тамаша бір жыр үлесіп,

Жүректі желпіп өткен жібек желдей,

Еңбектерің жүр заман үніне ілесіп.

Іздейді бүгін мына ұрпақ, мына күн,

Шулап жатыр ма ғалымым бүгін құлағың.

Рухың бүгін ғарышқа қанат қағып,

Ерттеп мініп жыр тәңірдің пырағын.

Бақберген

12/ Атың мәңгі шықпай ұрпақ есінен,

Ойлы сөзің жүректерде сақталар.

Кеттің аға сен тарихтың көшімен,

Алдымда сен, артыңда мен мақтанар.

Ақерке

14/ Сен менің еліме бар, жерімді көр,

Жандар бар әр нәрсенің жөнін білер.

Қонағы бол жыл сайын келіп жүрер.

Асылы бол жыл сайын көріп жүрер.

Ардағы бол артатын сенім жігер.

2/ Концерттік бағдарлама.

1-жүргізуші:

Тыңдаңыздар артық іні,алғы аға,

Қариялардан жырым бүгін,ал баға

Арналады жүрегімнің бұл күйі,

Уахатов Уахатұлы Бекмұратқа.

Б.Уахатов орта мектебінің 2008 жылғы түлегі ,халықаралық «Бозторғай» сайысының лауреаты Серікбай Алиханның орындауында

1/« » әні

2/Келесі әнімді «Елім менің»

2- жүргізуші:

Бұл ағаңның аз сыйлығы мол сана

Мол сыйлықтар мектебіне толса да,

Жайқалып өс, жақсы адамның ұрпағы

Сақтап,жаттап әр еңбегін бағала

3/ 4-сынып оқушысы Қалым Еркежанның орындауында «»

1-жүргізуші:

4/Б.Уахатов орта мектебінің 2009 жылғы түлегі , қазіргі уақытта ұстаздық жолды таңдаған Павлодар қаласының Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 мектебінің ұстазы Халел Қайраттың орындауында «»

5/ Халел Қайраттың орындауында «»

2- жүргізуші:

6/4-сынып оқушыларының орындауында қазақ биі « »

1-жүргізуші:

7/Ауыл жастарының атынан Мусалимов Азаматтың орындауында «Еркесылқым» күйі

2- жүргізуші:

8/Серікбай Алиханның орындауында « »





Б.Уахатов атындағы орта мектеп.



Б.Уахатовтың 80 жылдығына орай «Б.Уахатов еңбектері-ұрпақ тәрбиесіндегі асыл қазына» атты облыстық конференция.

Ғалымға арнау. Әдеби монтаж.

Құрастырушы: Салимова М.С















2013. Мерғалым ауылы.

© 2010-2022