Тәрбие сағаты «Ұлтына қамқор әке –Нұрсұлтан» (5 сынып)

1 желтоқсан - Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн.Осы күні,яғни 1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпы халықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ шығар.Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды. Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, халықтың 98,78 %  Назарбаевты қолдап дауыс берді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың і...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ұлтына қамқор әке -Нұрсұлтан»

Мақсаты:

а)1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

ә)Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу;

б)Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру

Көрнекілігі: слайд, буклет т.б.

1.Гимн ( тұрып айту)

2. Бірінші желтоқсан - Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн. Осы күні, яғни 1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпы халықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ шығар. Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды. Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, халықтың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. Бұл жеңіс елдің Президентке деген ұлы сенімі мен жарқын болашаққа ұмтылған халықтың іс жүзіндегі нақты көрінісі еді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсылтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып - «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет.

Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз - бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық - алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.

1960 - 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. 1969 - 1973 жылға дейін Қарағанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында.

1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы.

1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы.

1979-1984 жылдары - Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы. 1984-1989 жылдары - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989-1991 жылдарда - Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1990 жылғы сәуірден бастап - Қазақстан Республикасының Президенті.

Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз мен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Өткен жылы тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің қол жеткізген жетістіктері жан-жақты саралана келіп, 1-желтоқсанды тұңғыш Президент күні ретінде атап өту туралы ойда айтылған-ды. Осы бастаманы үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдап, әрі ұсыныстарымен

«1-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» ретінде жаңа мемлекеттік мейрам болып бекіді.



© 2010-2022