Тәрбие сағаты Темекінің зиянды жақтары

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: оқушыларға темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.

Көрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.

Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 11-сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Темекі-ғасыр дерті» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз. Бұл сабақтың мақсаты - темекі туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Ендігі сөз кезегі сынып оқушыларында.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 11-сынып оқушыларының арасында «Темекі - ғасыр дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Осы ашық тәрбие сағатына шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:

  1. Мектеп директоры Рахимжанова Гауһар Нәсіпқызы.

  2. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәнінің мұғалімі Кудайкулов Жумабай Ильяшович.

  3. Биология пәнінің мұғалімі Кусаинова Меруерт Муратовна.

  4. Мектебіміздің психологы Смагулов Қуаныш Ермекұлы.

  5. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Валиев Қуаныш пен Ильяшев Жасылан.

2-жүргізуші: Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.

1-жүргізуші: Алдымен «ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік. Оқушылардан қандай жауап болар екен.

Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, СПИД мәселелері. Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.

2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.

1-жүргізуші: Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.

2-жүргізуші: Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.

1-жүргізуші: Баяндама : «Шылымның адам өміріне зияны» . Оқитын Тоқманбет Раушангүл.

Жанжігіт: Бұл отырған шылымқор, сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды, «тартпа» деген тіліңді.

Қой десең де қоймайды, көк түтінге тоймайды,

Сора-сора уыты өн бойына жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды,

Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.

2-жүргізуші: Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген? Ол туралы бізге сыныбымыздың тарихшысы айтып береді.

Тарихшы (Серікжан): Темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда жер көрінеді» депе айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлады. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен.

Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккен».

Биолог (Гүлден): Темекі алқатұқымдас класына жатады. Бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің үш түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грамында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады.

Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі. Дүниежүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.

Мұғалім: Оқушының берген осы ақпаратына биолог маманның алып-қосары бар ма екен? Сөз кезегін Меруерт апайға береміз. Қысқаша шолу жасап өтсеңіздер.

1-жүргізуші: Адам үнемі білуге құмарланып тұрады. Осыған байланысты араларыңызда өмірінде бір рет болса да темекі тартып көргендерге сұрақ қояйық. Бірінші рет тартқанда қандй күйде болдыңыз, осыдан кейін тағы да тартқыңыз келеді ме, жаман әдетті неге тастап кетпедіңіз? Темекі шегу әдетке айналады. Бұл сұраққа жауапты дәрігер ретінде зерттеу жүргізген Жанжігіттен алсақ.

Дәрігер (Жанжігіт): Темекі түтігіндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігі артады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Бір жыл ішінде ол адам шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді.

2-жүргізуші: Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді? Бұл туралы сыныбымыздың социологы не ақпарат берер екен, соны тыңдайық.

Социолог (Әділбек): Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, тбірақ темекі шегуді неге тоқатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді.

Осы ақпарат туралы мектеп психологының пікірін білсек.

1-жүргізуші: Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме? Осы сұраққа жауап беру үшін химик ретінде зерттеу жүргізген Раушангүлге сөз береміз.

Химик (Тлеген): Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-90 0 - қа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиян түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунд ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг дейін никотин тартады. Темекі түтінінде никотиннен басқа да улы заттар бар. Олар: аммиак, иіс газы, синиль қышқылы, мышьяк, висмут, 20 жыл ішінде өкпеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ған фильтрде тұрады.

Мұғалім: Оқушының осы ақпаратына Меруерт апай сіздің қосар пікіріңіз бар ма?

2-жүргізуші: Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы сынып дәрігері Мирасбектен сұрасақ.

Дәрігер: Әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян әкеледі. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.

1-жүргізуші: Темекі шегуді қалай қоюға болатынын дәрігерден сұрайық.

Дәрігер: Темекіні қоюдың әр түрлі әдістері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен арылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты.

2-жүргізуші: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.

Бронхит: Біз темекі тартқанды жақсы көреміз.

Қатерлі ісік: Біз темекі тартқанды жақсы көреміз.

Туберкулез: Сендердің сандарыңның көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы.

1-жүргізуші: Темекі тақырыбына арналған әдеби-монтажымызды бастаймыз.

Темірлан: Күрк-күрк көк жөтел, Күркілдеген көк жөтел.

Жасыңнан шексең темекі, Түбіңе сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап өкпені, Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы, Мишықтың құрғап кеткені.

Салауатты өмір сүреміз, Темекіні шекпейміз.

Еркеблан: Қор болған темекіге қайран жігіт,

Тұрады-ау танауынан түтін шығып,

Сасығы ық жағынан жүргізбейді,

Жағымсыз көңірсіген исі шірік.

Серікжан: Уланған темекімен қайран қыздар,

Тартқанда қыз-келіншек денең мұздар.

Тіпті де үйлеспейді нәзік жанға,

Көргенде осындайды жүрек мұздар.

Гүлден: Қолда шылым, Тартып күлін түсіремін табаққа.

Кейде ұмытып, Түтін жұтып, жіберемін тамаққа.

Өмір -бұлақ , Үміт - құрақ, жүзейін деп түсемін.

Дәл түсерде, Су кешерде, Ұмытып су ішемін.

Кейде ұмытып, Түтін жұтып, Шашаламын, жөтелем,

Өмір - құрақ, Үміт жырақ,

У ішемін де өлемін!

Жанжігіт: Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оң білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем беретін нәрсе.

Тлеген: Ешбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген,

Ол - табиғат заңдылығы ешбір ғылым шешпеген.

Көңіліме желік кірсе, қасиетті сол заңға,

Қарсы келіп қалам ба деп сескенем.

Мұғалім тақтадағы схема бойынша темекі тақырыбына арналған ашық тәрбие сағатты қорытындылайды.

© 2010-2022