Аталарымыз қазақша, әкелеріміз орысша, немерелеріміз ағылшынша, шөберелеріміз қытайша немесе арабша сөйлесе, тіліміз жоғалмай ма?

Сынып жетекшілеріне арналған бұл тәрбие сағатының жоспары пікір, ой толғау түрінде өтеді. Бұл жоспарда біздің тарихымыз жатыр. Жоспарланған сынып сағаты арқылы оқушылар тілдің ерекшелігін біледі. Тілсіз кез келген ұлттың өмір сүруі, танылуы, дамуы, мәдениетінің дамуы мүмкін емес екенін біледі. Және де әр дәуірдің ақындары мен ойшылдарының, жыршылары мен ғалымдарының айтқан сөздерінен дәлелдер келтіре отырып, бірін бірі толықтырады. Сынып сағатының мақсаты "Тіл - жүректің айнасы" екенін ұғындыру....
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» ММ





Аталарымыз қазақша, әкелеріміз орысша, немерелеріміз ағылшынша, шөберелеріміз қытайша немесе арабша сөйлесе, тіліміз жоғалмай ма?



Тарих пәнінің оқытушысы

______Г.Б.Рзағазы




Мақсаты

Тәрбиелік: «Тіл - жүректің тілмашы», «Шешеннің тілі - шебердің бізі» екенін жастарға жеткізу

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер, қонақтар және пікір сайысқа қатысушылар! Қазақ халқының дамуымен бірге дамып келе жатқан тіл мәдениетіне байланысты болып отырған пікір сайысқа қош келдіңіздер. Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп айтқандай мені де толғандырған осы мәселе болғандықтан «Аталарымыз қазақша, әкелеріміз орысша, немерелеріміз ағылшынша, шөберелеріміз қытайша немесе арабша сөйлесе, тіліміз жоғалмай ма?» деп алдым. Енді пікір сайысқа қатысушы топтармен таныстырып өтейін.

Тақырыпты жақтаушылар:

Топтың аты:

Топ мүшелері.

Тақырыпты даттаушылар:

Топтың аты:

Топтың мүшелері:

Және осы пікір сайысқа сын айтушылар: 3 тіл мамандары

Сайысымыздың шартымен таныстырайын:

1.Баяндама

2.Талқылама

3.Өз пікірің

4.Көрермен пікірі

1. «Қазақ тілі-түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы» деп Ш.Уәлиханов айтқандай тіліміздің жағдайынан хабар алсақ.

1-топ

2-топ

2. Пайдасыз сөзді көп айтпа

Пайдалы сөзді азайтпа деп Әлішер Науаи айтқандай кезекті талқылауға берсек

1-топ

2-топ

3. «Ақыл мен білімнің тілмашы тіл», «Алтын, күміс жиған-бай емес, сөз білген адам бай», деп Жүсіп Баласағұн айтқандай өз пікірлерін тыңдасақ

1-топ

2-топ

4. «Құлаққа жағымсыз боқты сөз айтқанша,

Жүрекке жылуы бар отты сөз айт», деп Майқы би айтқандай келесі кезекті көрермен пікіріне берсек.

«Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деген М.Әуезов. Сол себепті қортынды сөзді Сыни пікір айтушыларға берсек.

Қортынды

Тауға біткен қайыңның

Солқылдар басы жел өтсе

Тоғайға біткен жоңышқа

Солғын тартар күн өтсе

Ерні салпы ер аты

Семірмес қайта ер өтсе

Еңкейіңкі тартады

Ер қолынан мал кетсе

Арбадан үркіп жаман ат

Ер салдырмас жал бітсе

Қайыры болмас ғаріпке

Ақылсызға мал бітсе

Қасына қоңсы қондырмас

Қас жаманға әл бітсе

Тәңірден тілеп алған ұлдарың

Тіл қайтарар ер жетсе...

деп Есет би айтқандай келіп ой-пікірлеріңізді білдіргендеріңізге көп рахмет. Мәселе қанша тілде кісінесуде емес, мәселе бір тілде түсінісуде. Рахмет





© 2010-2022