Урок

Тақырыбы: «Қыз өссе- елдің көркі» « Қызсыны» байқауыМақсаты:Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттықмәдениет,ізгі салт,әдет-ғұрыптарыноқушылар бойына терең сіңіру.Имандылық,ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру.Оқушылардың бойындағы өнері мендарындылығын дамыту.Көрнекіліктер:Мақал-мәтелдер, суреттер, сұрақтар,слайд.Барысы:І.Ұйымдастыру. Кіріспе. Құрметті асыл-аналар,қыз-қызғалдақтар, қадірліұстаздар. Алда келе жатқан көктемгі күндей жарқырап,гүлдей ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жамбыл облысы ,Тұрар Рысқұлов ауданы,Құлан ауылы

Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шайханова Ж.А.

Тақырыбы: «Қыз өссе- елдің көркі»

« Қыз сыны» байқауы

Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениет,ізгі салт,әдет-ғұрыптарын оқушылар бойына терең сіңіру. Имандылық,ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру.Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Көрнекіліктер: Мақал-мәтелдер, суреттер, сұрақтар,слайд.

Барысы: І.Ұйымдастыру.

Кіріспе. Құрметті асыл-аналар,қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар. Алда келе жатқан көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған,гүл мерекелеріңіз ,күн мерекелеріңіз құтты болсын!

«Қыз өссе-елдің көркі»атты мерекелік «Қыз сыны» байқауын тамашалаңыздар.

Байқау 8 кезеңнен тұрады.

І.Таныстыру.

ІІ. «Өнер алды -қызыл тіл» .Мақал-мәтел.

ІІІ. «Он саусағы майысып». Қолөнер.

ІҮ.«Әлди әуен әлемі». Өнерлерін көрсету.

Ү. «Әдептен озбайық». Тыйым сөздер.

ҮІ. «Біле білген білімді». Сұрақтарға жауап.

ҮІІ. «Ас-адамның арқауы».

ҮІІІ. Тал бойына жарасар сәндік киім.

Сары май»дай салтымның

Дауылпаздай даңқымның

Арулары алдында

Қазақ деген халқымның.

Қызғалдағы жерімнің

Ізгі арманы елімнің

Өнері бар ,әні бар

Қыздары бұл елімнің.

Білім құйған бойына

Қанық өмір жайына

Салт дәстүрдің әр сөзін

Сақтап жүрген ойына.

Ал,бастайық көрермен

Өлең өрнек дегенмен

Бастайық біз «Қыз сынын»

Қадірменді көрермен.

Әділдікпен баға берер қыздарға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Әділқазы алқаларын сайлайық

Ақ аруды таңдап бүгін алуға. Әділқазылар сайланады.

Музыка ойналады. Қыздар ортаға шақырылады.

Ал,халайық аруға тамсанайық

Қыз қылықты дегенде ән салайық

----------- деген аруымыз

Келе жатыр қошеметтеп қол соғып қарсы алайық.

Қыздардың сұлуы бар,дәруі бар

Дәруде дәрі болар зәруі бар

Әншілік өнерімен қант қаққан

-------------- деген аруы бар.

Бұралған тал шыбықтай ол бір гүлің

Шіркін-ай тыңдар болсаң нәзік үнін

Биіменен көрерменді тәнті еткен

Қарсы алайық ---------------------.

Қыздардың білсеңіз таң қалдырған

МАқалдан сөз мәйегін жандырғанын

Ағайын қошеметтеп қарсы алайық

Ару қыз -------------- ---------------.

Ай секілді өзі де

Сыңғыр-сыңғыр сөзі де

------------- қыздың сыныпта

Әдемі ғой көзі де.

Айтқөанда әнді әуелі

Ерекше шығар әуені

Биязы қыз -------------

Өзі де ұяң әдемі.

Сабағын да меңгерген

Жақсылықты жөн көрген

Ата -анасы-----------------

Әдемі есім теңгерген.

Билейді кейде айнала

Көркіне ақылы сай ғана

--------------- біздіңәдемі

Сөйлейді бірақ жай ғана.

Ақ тілеуі ата-ананың аялаған

Баласын шапағаты саялаған

Ежелден қыз өсірген қайран қазақ

Ақ батасын арулардан аямаған.

Бата: Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілекті төгейін.

Денсаулығың зор болсын

Білімдерің молболсын

СЫнақтардан сүрінбей

Абыройың зор болсын,Аумин.

І.Таныстыру. Бүгінде озық дәстүр ,салт-санасын

Берік ұстап,сүйетін ,от панасын

Арулар кетсін өзін таныстырып

Қуантып,достары мен ата-анасын.

ІІ. «Өнер алды-қызыл тіл».

Мақал-мәтел сөз мәйегі,тілегі

Әр сындарда асыл сөздің тірегі

Қарапайым қазақ тілі-өз тілім

Өз тілімде бұлқынады жүрегім.

ІІІ. «Он саусағы майысып»

Сырмақ ойып,текемет,киізбасқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

«Шеше көрген тон пішер»деген рас

Қыздарым бар шебер қолға араласқан.

Мерекелік ән : Анашым.

ІҮ. «Әлди,әуен әлемі».

Өнері өрге жүзер талаптының

Таланты талмай ұшар қанаттының

Әлди әуен әлемі өнер оты

Шарпып өтсін лебімен қанатының.

Ү. «Әдептен озбайық».Тыйым сөздер.

Ата дәстүр салтымның тозбағаны

Ырымменен белгілі қозғағаны

Қырық үйден тыйым көрген арулардың

Дұрыс қой әдептен де озбағаны.

ҮІ. «Біле білген білімді». Сұрақ-жауап.

Біле білген білімді зерек дейміз

Білімімен ер жұрттан ерек дейміз

Егеменді еліміздің қыздарына

Оқу оқып, білім қуған керек дейміз.

Сыныбымыздың ұлдары қыздарға жыр арнайды.

ҮІІ. «Ас -адамның арқауы».

Тағамдардың қалай жасалғанын айтып өтеді.

ҮІІІ. «Тал бойына жарасар сәндік киім».

Қыздарға әсемдік жарасады

Талғамы таң нұрымен таласады.

Қыпша бел,сұңғақ бойлы қаракөзге

Жан біткен таңдай қағып қарасады

Ұлтымыздың әр сөзі

Асып жатыр кәдеге

«Қыздар сыны» мінеки

Келіп жетті мәреге.

Ән: «Қазақ қызы»

Әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Аруларды анықтап, құттықтау, марапаттау.

Қорытынды.



© 2010-2022