Сабақтың тақырыбы: Көңілді қыс

Балалардың қыс мезгілі жайлы түсініктерін молайта отырып ерекшеліктерімен таныстыру. Қысқы ойындарымен таныстыру, тілдік қорын молайту және көңіл күйлерін көрету, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Табиғатқа деген қызуғушылығын оята отырып, шығармашылық ынтасын ояту.Табиғатқа деген қамқорлығын , сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту. Дұрыс сөйлеуге үйрету. Қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру, тіл байлығын молайту, сөйлеу мәдениетін арттыру. Алған әсерлерін...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылады оқу іс - әрекеттерінің технологиялық картасы.

«Балапан » бірінші сәбилер тобы.

Білім беру саласы: «Таным» , «Қатынас»

Бөлімдері:Құрастыру ,Тіл дамыту .

Тақырыбы:Көңілді қыс .

Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту . Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету . Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау . Табиғатты аялауға ,әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу .

Әдіс -тәсілдері : Әңгімелесу , түсіндіру , сұрақ - жауап , көрсету, ғажайып сәт , ойын.

Көрнекілігі :Суреттер , аққала , ойынға қажетті заттар .

Қостілділік компоненттері: қыс - зима , аққала -снеговик .

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І кезең -

Мотивациялық- қозғаушылық

Балалар, күн суық болса да , біздің жүрегіміз жылы.

Жылулық шеңдерін құрайық :

Ақ пейілді тілекпен ,

Амандасып алайық

Келіп қалған қонақтарды

Сүйіп ,сүйіп алайық.

Балаларды жылуымызды жан - жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.

ІІ кезең - Ұйымдастырушылық іздеушілік

-Балалар, мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.

Шанамен зырғып желетін ,

Коньки, шаңғы тебетін ,

Аққала жасап ойнайтын ,

Қай мезгі деп ойлайсыңдар балалар ?

Жарайсыңдар балалар , қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

Ендеше ,боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз ?

Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?

Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?

Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді).

Қандай ойындар ойнайсыңдар ?

Балалар , қыста ауа таза болады . Сондықтан да сендер ауырмау үшін , денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек.

Ойын арқылы денелерің шынығады .

Балалар ,біздер қыс мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?

Балалар мынау ненің суреті?

Аққала неден жасалады?

Қане, барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік .

Қардың түсі қандай ?

Қар мұздай ма, жылыма?

Аққала неше бөліктен тұрады?

Оның бөліктерінің пішіндері қандай ?

Ғажайып сәт. Осы кезде Ақшақар келеді .

Ақшақар : Сәлеметсіңдер ме балалар ! Мен сендермен ойнауға, сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім .Мына сандықшаның ішінде сендерге арналған сыйлықтарым бар .

Тәрбиеші : Кел төрлет ,сенің досың туралы айтып отыр едік Балалар ,қонаққа кім келді ?

Ақшақар : Балалар ,мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр .

«Қар жинау »ойыны .

Ойын шарты : Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау .

Тәрбиеші : Жарайсыңдар ,бәрекелді !Балалар ,бізге ақшақарымыз құр келмепті , тапсырмалар алакеліпті .

Ақшақардың 1тапсырма:

Балалар сендерге қыс мезгілі ұнайма?

Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?

Сергіту сәті

Шынығамыз бәріміз ,

Иіліп, бүгіліп ,денеміз

Қар лақтырып ойнаймыз

Қорықпаймыз аяздан .

2.Тапсырма Кім қыс туралы тақпақ біледі ?

Қыс мезгілі көңілді ,

Аспаннан ақ қар төгілді .

Қар жауғанда топ бала ,

Соқты қардан аққала.

Далада қар борайды ,

Ақ мамыққа орайды

Тәрбиеші : Қане, балалар ойын ойнап жіберейік .

Ақшақарға : аққаланың суретін құрап берейік .

Ойын : «Аққала құрастыру»

Тәрбиеші : Балалар ,енді үйден ата -аналарымызбен жасап әкелген аққаламызды құрастырайық .

Ақшақар : Балалар менің тапсырмаларымды орындадыңдар!

Рахмет ! Балалар ,сендер өте ақылды , өнерлі , тапқыр екенсіңдер! Топтарың ыстық екен ,мен жылы жерде көп тұра алмаймын ,еріпбара жатырған сияқтымын .Өзіммен бірге алып келген сандықшамдағы сыйлықтарымды берейін . Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын ,жаңа жылда кездескенше сау болыңдар .


Балалар : қыс мезгілі.

Қар жауады , аяз болып ,боран соғады .

Балалар қолдарын жоғары көтеріп ,гуілдейді .

Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады .

Алақай ,деп қолдарын көтереді.

Балалар : Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.


Балалар : жаңа жыл !

Аққала.

Қардан.

Балалар қарды қолмен ұстап көреді .

Ақ .

Мұздай.

Үш дөңгелектен тұрады .

Дөңгелек .

Ақшақар кіреді .



Ақшақар.

Балалар ойынды қызықтап ойнайды


Жаңа жыл келеді ,шанамен сырғанаймыз , қар жауады , қар лақтырып ойнаймыз.

Қатты аяз болады боран соғады .

Балалар бәрі бірге жасайды.

Балалар тақпақтар айтады .

Әмина



Балалар алдарындағы аққаланың суреттін құрайды .




Балалар ақшақарға саубол дйді .

111 кезең -

Рефлексивті - реттеушілік.

Сабақты қорытындылау.

Балалар ,бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік ?

Бізге бүгін қонаққа кімкелді ?

Біз не құрастырдық ?

Балалар ,енді келген қонақтарымзбен қоштасайық .

«Жүректен - жүрекке »

Балдай тәтті баламыз ,

Айтқан тілді аламыз

Ойынменен өседі ,

Көріскенше күн жақсы ,

Сау болыңыз бәріңіз!

Қыс мезгілі

Ақшақар

Аққала құрастырдық

Балалар бәрі бірге айтады тәрбиешімен

Күтілетін нәтиже:

Біеді:Қыс мезгілінің ерекшілігін білу .

Түсінеді: Қысқы ойындарды білдіруге үйрету .

Қолданады: Аққаланы өздері жасап ,көрсетуге тәрбиелеу .


© 2010-2022