Оқушының оқуға оң көзқарасын ынталандыру

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен тест сұрақтары

І- нұсқа

1. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке В) қысаң, ашық С) үнді, ұяң Д) еріндік, езулік Е) қатаң, ұяң

2. Тек тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

А) Ең, өте, тым. В) Аш, әл, әк. С) Ал, жай, көр. Д) Есі-дерті, еш. Е) Ет, кет, аса.

3. Буын үндестігін құрайтын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Жуан, жіңішке. В) Ұяң, қатаң. С) Қатаң, жуан. Д) Үнді, ұяң. Е) Дауыссыз, қатаң.

4. Жатыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін табыңыз.

А) Ол. В) Оны. С) Онан. Д) Онда. Е) Оған.

5.Көңіл-күй одағайын табыңыз.

А) Тәйт. В) Құрау-құрау. С) Айт. Д) Шай-шай. Е) Алақай.

6. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Ұлы жібек жолы- сауда жолы. В) Ұлы жібек жолы өтті. С)Қытайдың жібегі осы жолмен тасмалданған. Д) Ұлы жібек жолы қазақтың кең даласын басып өтті. Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.

7. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Әл-Фараби ежелгі Фараб қаласында туып-өскендіктен, араб елдерінде оны Фараби деп атаған. В) Солардың 117-сінің аты белгілі, ал әзірге табылған36 кітап. С) Ол 200-ге жуық ғылыми кітап жазған. Д) Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб тілдерін жетік білген.

Е) Жұрт жиналып болған соң, Самат көрген-білгенін асықпай айтып берді.

8. Сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Жиналыс бітті де, халық тарай бастады. В) Мен үлкенмін, содықтан сен мені тыңдауың керек.

С) Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады. Д) Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды.

Е) Ертең күн жылы болса, біз тауға барамыз.

9. Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.

А) Су табиғатта кең тараған, себебі бүкіл атмосфера судан тұрады. В) Бүгін үш сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды. С) Күн біресе жауады, біресе басылады. Д) Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.

Е) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.

10. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қыз баласы әдемі болып өсіп келеді. В) Ермек шахтадан шығып кетті, себебі шахта астында жарылыс жиі болып тұрады. С) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетті. Д) Күн сайын жер бетінде төтенше жағдай болады, бірақ оған ешкім таңданбайды. Е) Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді.

Қазақ тілінен тест сұрақтары

ІІ- нұсқа

1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қандай түрлерге бөлінетінін белгілеңіз.

А) Үнді, қатаң В) Езулік, еріндік С) Жуан, жіңішке Д) Қатаң, ұяң Е) Ашық, қысаң

2. Тұйық, бітеу және ашық буындары бар сөзді табыңыз.

А) аққу В) аударма С) елдер Д) бірлік Е) мектеп

3. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз.

А) Оқушы. В) Орман. С) Ғарышкер. Д) Мектеп. Е) Дәптер.

4. Дұрыс тіркескен сөзді табыңыз.

А) Менде кел. В) Мен кел. С) Маған кел. Д) Менің кел. Е) Мені кел.

5. Одағай сөзді табыңыз.

А) Паһ-паһ. В) Талапты. С) Ұлдың. Д) Мырс. Е) Жеңіс.

6. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Келе жатқан үшеу екен. В) Інім маған көмектесті. С) Нұрлан мектепте оқиды.

Д) Біз Қазақстанда тұрамыз. Е) Ертең жаңбыр жауады.

7. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

А) Сабақтас құрмалас сөйлем. В) Жай сөйлем. С) Толымды сөйлем. Д) Салалас құрмалас сөйлем. Е) Аралас құрмалас сөйлем.

8. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті. В) Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр.

С) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады. Д) Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады.

Е) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.

9. Себеп бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Бала жақсы болу үшін жақсы тәрбие керек. В) Егер мен шақырсам, досың бізге келер ме?

С) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие түсті. Д) Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.

10. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Ақшамыз болмағандықтан, біз циркке барған жоқпыз. В) Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді. С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды. Д) Оладамдар еститіндей қаттырақ сөйледі. Е) Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.





Қазақ тілінен тест сұрақтары

ІІІ- нұсқа

1. Қай дауысты дыбыс әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататынын анықтаңыз.

А) е В) у С) о Д) а Е) ү

2. Ашық , тұйық , бітеу буынды сөзді табыңыз.

А) Туысқан. В) Жұрағат. С) Қиылыс. Д) Жиналыс. Е) Қатысқан.

3. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз.

А) Үйге В) Балалар С) Талапты Д) Ағаштікі Е) Мектепте

4. Сұрау есімдігінің соңғы қосымшасы қандай?

Қонақты сағат нешеге шақырдың?

А) Көптік жалғау. В) Жұрнақ . С) Септік жалғау. Д) Тәуелдік жалғау. Е) Жіктік жалғау.

5. Одағайды табыңыз.

А) Дүрс-дүрс В) Ойбай С) Мырс Д) Жорта Е) Ғой

6. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Досым кітап сатып алды. В) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста. С) Көлдің деңгейі төмендеген. Д) Көлдер ластанып жатыр. Е) Ол бізбен кездесті.

7. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

Ол жақсы оқыса, университетке түседі.

А) Қарсылықты. В) Шартты. С) Себеп. Д) Мақсат. Е) Мезгіл.

8. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкенді араладық . В) Мен барғанша, ол кетіп қалды. С) Күн жылы болды деп, біз серуенге шықтық. Д) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз. Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.

9. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды. С) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді. Е) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді.

10. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады. С) Еңбек баланы мықты етеді. Д) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.

Е) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.

Қазақ тілінен тест сұрақтары

ІV- нұсқа

1. Дауысты дыбыстардың жақтың қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке В) еріндік, езулік С) ұяң, қатаң Д) ашық, қысаң Е) үнді, жуан

2.Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Қант, бұлт. В) Сөз, қамал. С) Ас, ұн. Д) Қол, бас. Е) Ағаш, сезім.

3. Буын үндестігін тағы қалай атауға болады, табыңыз.

А) Орфография. В) Орфоэпия. С) Дыбыс үндестігі. Д) Сингармонизм. Е) Ассимиляция.

4. Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Жалпы. В) Айнала. С) Бауыр. Д) Бұлар. Е) Бұдан.

5. Одағай сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

А) Дефис В) Үтір, леп белгісі С) Нүкте Д) Сызықша Е) Нүктелі-үтір

6. Толықтауышты табыңыз. Досым қызық кітап сатып алды.

А) Қызық. В) Сатып. С) Досым. Д) Алды. Е) Кітап.

7. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті. В) Ауылда жаңа мектеп салынды. С) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. Д) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. Е) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады.

8. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Айжан дүкенге кетті. В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады. С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр. Д) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар. Е) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.

9. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әтеті бойынша далаға шығып отырған секілді. В) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жуып алыпты. С) Ағам келетін уақыт болды. Д) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті. Е) Түн. Ай жап-жарық .

10. Кезектес салаласты табыңыз.

А) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. В) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы тартылып қалады. С) Қалада жаңа үйлер салынды. Д) Машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып жүреді. Е) Біз асыға кірдік.


Жауаптары:

І -нұсқа

ІІ-нұсқа

ІІІ-нұсқа

IV-нұсқа

1

Д

С

В

Д

2

В

В

А

С

3

А

С

Д

Д

4

Д

С

С

Е

5

Е

А

В

В

6

Е

В

С

Е

7

В

Д

В

С

8

Е

Е

А

Д

9

В

Е

В

А

10

Д

Е

В

Д


© 2010-2022