Конспект внекласнай работы Мен егемен елдің болашағымын

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Мен егемен елдің болашағымын

Мақсаты: Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жерінеғ атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, партиоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

  1. жүргізуші: Армысыздар, жаны жайсаң қазақ елі!

  2. жүргізуші: Қайырлы күн, қарыштаған Қазақстан!


  1. жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата- аналар!

  2. жүргізуші: «Мен- егеменді елдің болашағымын» - атты

сайысымызға қош келіпсіздер!

  1. жүргізуші: Жүректен жасыл жырым жалын қылар,

Білімді биіктерді бағындырар

Байқауға бүгінгі жиналыпты,

Талапты, талантты, дарындылар - демекші, бүгінгі сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық.

  1. жүргізуші: Намысын ақиқаттың халық қуған,

Болмайды әділ биде сірә туған.

Келіпті ортамызға әділ жандар,

Аулақ қып, бойын ұстар, әркез шудан- дегендей, кешіміздің әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

1- жүргізуші: Отаным кең дала орманды

Болаттан соғылған қорғанды.

Бақыттың, шаттықтың мекені,

Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды!- демекші сайысымыздың «Отан жайлы ой толғау» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімнің шарты бойынша әр топ «Отан» сөзіне ассоциациялар жазады. «Отан» сөзінің мағынасын қай топ толық ашатынын көрелік.

2- жүргізуші: Шалқытып сайыстарда ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Ән шашуын біздерге алып келген,

Әділханова Шынардың орындауындағы әнге берейік.

1- жүргізуші: Мен жеткіншек баламын,

Халқымнан өнеге аламын.

Тәуелсіз еліме өлеңмен,

Жыр арнап, суретте саламын,- демекші сайысымыздың келесі «Тәуелсіздік шежіресін білеміз бе?» бөліміне берейік.

2- жүргізуші: Бұл сайыстың шарты бойынша еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі өткенге көз жүгіртеміз. Мұнда әр топ тақтада көрсетілген бір жылды таңдай отырып, сол жылы елімізде қандай елеулі оқиға болғанын айтып берулері керек. Әр топ кезекпен жылдарды таңдайды. Қалып қойған жылдарды белгілеп отырып, сайыс арасында атап шығамыз.

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2003

2005

2008

2010

1-жүргізуші: Әділқазылар алқасы ІІ сайыстың бағасын шығарғанша біз тақтаға қарап Тәуелсіздік шежіресіне толығырақ көз жүгіртейік.

1991- Нарықтық жкономикаға көшкен жыл. ТМД дүниеге келді. ҚР тәуелсіздік алды.

1992- Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1993- Ұлттық теңгеге көшу жылы

1994- Еуразия одағын құру туралы конференция болды. Т. Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға шықты.

1995-ҚР Конституциясы қабылданды. А. Құнанбаевтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді.

1996-Мемлекеттің жаңа әнұраны, елтаңбасы, туы қабылданды. Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997-Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуған- сүргін құрбандарын еске алу жылы

1998-Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы. ЕлордамызАстана болды.

1999-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы

2000-Мәдениетті қолдау жылы

2001-Тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл

2002-Денсаулық жылы болды

2003- Н.Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.2003-2004 ауыл жылы болды.

1- жүргізуші: Келесі сайыста «Мақал - сөздің мәйегі». Мұнда әр топқа мақалдардың қиындылары беріледі. Сол қиындылардан мақалды құрастыру керек.

1. Туған ел -тұғырың,

Көк туың - қыдырың.

2. Отан үшін күрес- ерге тиген үлес.

3. Елінен безген - ер оңбас,

Көлінен безген, қаз оңбас.

  1. жүргізуші: Қазақстан менің байтағым,

Аз емес саған айтарым

Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын

Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң.

Келесі сайысымыз: «Кім білгір?». Мұнда әр топқа

«Қазақстан» атты сөзжұмбақ беріледі. Қай топ қаншасын дұрыс шешкендігімен бағаланады.

1- жүргізуші: «Кім жылдам?» ойынында сұрақтар қойылады.

1. Қазақстанда қанша халық бар?

2. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері?

3. Қазақтың билерін ата.

4. Қазақтың ұлттық мейрамы?

5. Конституция күні?

6. Қазақстанның тұңғыш Президенті?

2- жүргізуші: Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер,

Ата- жұрттың арысы мен бергісі- дей келе сабағымызды қорытындылаймыз.



© 2010-2022