Классный час на тему: Первый Президент Республики Казахстана Н. А. Назарбаев – Лидер нации, Лидер народа

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ЕЛБАСЫ - РУХЫ БИІК, ДАРА ТҰЛҒА»


Ысмағұл Жәния

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы

Қазалы аграрлы - техникалық колледжі


Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін тереңдету. Елбасының өмір жолын үлгі ете отырып, елін, Отанын сүюге, туған жерді қадірлеуге, азаматтық қасиеттерге тәрбиелеу. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Студенттердің бойында Елбасына деген құрмет сезімін ояту.

Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент портреті, бүктеме, презентация, кітап көрмесі, бейнефильм

Барысы:
І.Кіріспе

1 - Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен студенттер!

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні - тарихи маңызды мереке. Осы мереке күніне арналаған «Елбасы - рухы биік, дара тұлға» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2 - Жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.

Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалады.

Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденовтікі


Классный час на тему: Первый Президент Республики Казахстана Н.А. Назарбаев – Лидер нации, Лидер народа Классный час на тему: Первый Президент Республики Казахстана Н.А. Назарбаев – Лидер нации, Лидер народа

2 - Жүргізуші:

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
- деп атаулы мерекеге арналған тәрбие сағатымыздың алғашқы құттықтау сөзі колдледж директоры Исмайлов Темірбек Кәнішұлына беріледі.

1 - Жүргізуші:

Бүгінгі мерекеде құттықтау сөзбен қатар мерекелік марапаттау жүргізу үшін колдледж директоры Темірбек Кәнішұлы және кәсіподақ төрайымы Кибекбаева Жанар апайды ортаға шақырамыз.

2 - Жүргізуші:

Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Ендеше, еңбектері еленіп марапатталған жандарға игі тілігімізбен бірге ән - жырымызды арнаймыз.

Ән «Мерекем» орындайтын топ студенттері

1 - Жүргізуші:

Қазақ елі өз тәуелсіздігіне жеткізгенше талай қиындықты бастан кешірді. Өзге елдің құрсауында болып, өз жерімізде емін - еркін тұра алмай, өзгелердің билігінен шыға алмай ел болудан құрып кетуге сәл - ақ қалған болатын. Жүрегінде намыс оты бар, көзі ашық, көкірегі ояу жандардың ерен еңбегінің арқасында бүгінгі күнге де қол жеткіздік.

2 - Жүргізуші:

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірібаяны. Оқитын Қарлаңбай Жандос

1 - Жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Президентінің - Мемлекет басшысының қызметінің көлемі. Оқитын Жұмабай Рамазан

2 - Жүргізуші:

Қазақстан Республикасының Президентінің шығармалары. Кітап көрмесін таныстыру. Таныстыратын Ильяс Мейрамбек

1 - Жүргізуші:

Енді кезекте Елбасының даналық, тәлім - тәрбиелік мәні зор дәйексөздерінде.

  1. - Жүргізуші:

Біздің Президентімізге - біздің тілектеріміз.

1 - Жүргізуші:

Елбасымыз еліне деген сүйіспеншілігін тек азаматтық істермен ғана емес, ән, жыр жолдарымен де білдіргенін. Соның дәлелі - еліміздің Әнұранындағы Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мақсат-мұратын айқындайтын өлең жолдары. Елбасы Н.Назарбаев «Үшқоңыр», «Елім менің», « Менің Қазақстан» әндерінің авторы. Хор «Елім менің» әні.

2 - Жүргізуші:

Халқының көтерген ел даңқын,

Елімді көркейткен жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Көркем сөз « Президентке арнау » оқитын Қуаныш Нұрболат

1 - Жүргізуші:

Басыңнан серпіп бодандық жүгін,

Ойымда менің Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Ән «Астана» орындайтын топ студенттері

2- Жүргізуші: Көрініс «Өнегелі өмір» топ студенттері

Классный час на тему: Первый Президент Республики Казахстана Н.А. Назарбаев – Лидер нации, Лидер народаКлассный час на тему: Первый Президент Республики Казахстана Н.А. Назарбаев – Лидер нации, Лидер народа

1 - жүргізуші:

Елбасының шығармашылығы. Топ студенттері

2- Жүргізуші:

Барша ұлты мекен еткен, елім бар

Арналатын менің саған жырым бар.

Ана тілін ұмытпаған халықтың

Жоғалмайтын тарихы мен діні бар.

Ән «Көк тудың желбірегені » топ студенті Жанқуат Нұргиса

Классный час на тему: Первый Президент Республики Казахстана Н.А. Назарбаев – Лидер нации, Лидер народа

1 - Жүргізуші: Осындай дара тұлғаның құрметіне құттықтау сөз кезегін тобымыздың ата - аналар комитетінің мүшесі Дәрменқұлова Рая әжемізге беріледі.

2 - Жүргізуші:

Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін ортаға директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мусаев арман ағайды шақырамыз.

1 - Жүргізуші:

Баршамыздың дана Елбасымызға алғысымыз шексіз!

2 - Жүргізуші:

Тәуелсіз елімізді қорғайтын, еліміздің ертеңіне жауап беретін ұрпағы бар деп сенім білдіре отырып, тәрбие сағамызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент күні-тарихи маңызы зор мереке» мереке құтты болсын!



© 2010-2022