Жеке Тұлғаның қалыптасуы доклад

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеке тұлғаның қалыптасуы


Адамға ең алдымен білім емес

тәрбие беру керек.Тәрбиесіз берілген

білім адамның дұшпаны. Әл-Фараби

Тәуелсіз мемлекет ретінде елімізде көптеген өзгерістер болуда. Елдің ертеңі - жасөспірімдерге ғасырға лайықты тәрбие беру басты міндет болмақ. Елімізде жастарға құқықтық тәрбие беру барысы өз деңгейінде жүргізілсе, соғұрлым құқықтық білім алған жастарымыз мемлекетіміздің көркеюіне, дамуына үлес қоса алатын болады. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Заңдарға терең құрмет сеземін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау - ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екені жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Жасөспірімдердің мектептегі өмірі тұлғаның қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады.

Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз. Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері - Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат - мұраты бар. Мұрат - алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат - ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші - идеал.

Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты - әрбір Қазақстан азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне көтерілуі.

Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» - біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс.

Тәрбие өмiр бойы үздiксiз жүретiн болса да, халқымыз жетелеген тұлғаның сипатын "Сегiз қырлы бiр сырлы " деген бiр ауыз сөзге сыйғызып, түйiндеген. Адам санасы үш түрлi құрамнан тұрады, ол ақыл-ой, сезiм, ерік. Осыған орай оның санасында адам жаратылысының қай сипаты басым болса, оның өмiрдегi iзденiсi мен ұмтылысы да соны бейнелейдi..

Жастар тәрбиесі қай кезеңде де отбасына және білім ордасы мектеппен тығыз байланысты. Жұмысыңның адал жемісі - алдыңа келген көмекке мұқтаж және дәріс алған оқушының дұрыс тәрбиеленуімен, білім алуымен қатар азаматтық, адамгершілік тәрбиенің бір саласы - құқықтық тәрбиені қоса игеру болып саналады. XXI ғасырдың лайықты азаматы етіп қалыптастыру ұстаздар мен ата-аналардан сындарлы жауапкершілікті талап етеді. Еліміздің өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, біліммен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу.

© 2010-2022