Қазақ халқының ерлігі (сабақ жоспары)

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні 01.09.2015ж. «Бекітемін»

Сыныбы: 7 «А» -------------------

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ерлігі»

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ халқының басынан өткен оқиғаларға тоқталу, Ұлы Отан соғысы туралы, адамдардың еңбегі жайлы , батырлардың ерлік істері туралы түсінік беру.

2.Өз еліне деген мақтаныш сезімін дамыту.Көркем сөздерді өлеңдерді оқи отырып тілдерін, сөздік қорларын дамыту.

3.Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптасыра отырып, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, батырлардың суреттері,фильмнен үзінді,

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. (слайд Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері)

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің баяндамасы

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесінен байқасақ, ежелден - ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: "Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді" - деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді.Адамзат тарихында ұмытылмайтын ауыр да қасіретті Ұлы Отан Соғысы ең сұрапыл, жойқын соғыс ретінде есімізде қалды. Әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де, ешқашанда ұмытпақ емес. 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл - сан мыңдаған ұрпақ үшін, ұлты мен тілі бөлек, діні мен мәдениеті бөлек халықтар үшін ортақ мереке. Бұл мереке әлемді тыныштықта тербететін бейбітшілік пен қайырымдылықтың әрқашан жеңетінін дәлелдеді. Бұл мереке Отанын қорғаған қаһарман жауынгерлердің айбыны мен тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалды.
Біз соғысты көрген жоқпыз. Фашистердің жантүршігерлік қатыгездігін кинодан көрдік, қан майданның отқа оранған күндерін әдеби шығармалардан оқыдық. Менің үлкен атамның соғыс жайлы айтқан әңгімелері, майдангер достары туралы еске алған кездегі жасқа толы жанары есімнен кетпейді.
Александр Бектің халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының ерлігін баяндайтын «Арпалыс» романын оқып отырғанда мен фашистердің қатыгездігіне жаным түршікті. Бейбіт уақытта өмір сүрген жас жауынгерлердің қанды майдан ортасына түскен кездегі үрей мен намыс сезімдерінің арпалысына куә болдым. Бауыржандай батырдың өз батальонын бес рет жау қоршауынан алып шыққан сәттегі ерлігі мен ақылдылығына тәнті болдым.
Соғыс - адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Тарихта Гитлер сияқты қатыгез, әлемді билеуге ұмтылған жауыздардың арқасында қаншама қарапайым адамдар көз жұмды?50 миллионнан астам өмірді жалмаған ІІ дүниежүзілік соғыс әр қазақ отбасы үшін орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қаншама елімізді көркейтер жас қыздар мен жігіттер кете барды.
Ұлы Отан соғысында жеңіс сағатын жақындатуға Қазақстанның қосқан үлесі телегей теңіз.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары қонақжай халқымыз миллиондаған босқындарды бауырына басты. Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты повесінен оқығанымыздай, Ахмет ақсақал соғыс ашып отырған немістің баласын бауырына басу арқылы кеңпейілділік танытты. Ахмет қария қазақ халқының жиынтық бейнесі іспеттес.
Ұлы Отан Соғысы жылдары жауға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалды. Өз бала-шағасының аузынан жырып майданға аттандырған азық-түлік, жылы киім де вагон-вагон болып соғыс даласына аттанып жатты. Ұлы Жеңіске ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік". Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс - он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Ұлы Отан Соғысында аталарымыз мен апаларымыз өшпес ерліктері арқасында Отанымызды жаудан қорғап қалды. Аталарымыздыңерліктері, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері - Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Қанішер фашисті талқандаған аталарымыздың ерлігі мен Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері тарихта мәңгілік қала бермек. Өз кеудесімен Отанын қорғап қалған қазақ даласынан шыққан Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды батырларымыздың есімі тарихымызда алтын әріптермен жазылуға міндетті.
Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Уақыт көші алдыға жылжыған сайын Ұлы Отан Соғысының ардагерлерінің қатары сиреп барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ерлігімен келген Жеңіс күніне келесі жылы жетпіс жыл толғалы отыр. «Ер есімі - ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Келешек ұрпақ Ұлы Жеңістің қалай келгенін, бейбіт өмірге қалай қол жеткізгенімізді білуі керек. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт өмірімізге мәңгі шуағын шашпақ. Жеңістің туы мәңгілік желбірей берсін.

фильм көрсету
(интерактивті тақтаны пайдалану)



© 2010-2022