Қазақтың ұлы тұлғалары

Қазақтың ұлы тұлғалары Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері, нақыл сөздер. Тәрбие сағатының барысы: 1.     Кіріспе (мұғалім сөзі) Өткен 20 ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалды. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен  1930-1938 жылдар ау...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақтың ұлы тұлғалары

Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақтың ұлы тұлғаларының портреттері, нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының барысы:

  1. Кіріспе (мұғалім сөзі)

Өткен 20 ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалды. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.

Өркениетті қоғамға қадам басқан еліміз үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу - өте қажетті іс.

Бүгінгі сынып сағатымыздың мақсаты сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру, ұлы есімдерді ұмытпау, оларды мәңгі құрметтеп өту.

Тарих парақтары

1 Жүргізуші:

Өлкелік басшылыққа келген Ф.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жасамақшы болды.

Наразы болған Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, С.Сейфуллин т.б. ұлы зиялыларын «ұлтшыл» деп айыптап, қуғынға ұшыратты.

2 Жүргізуші:

Жер-жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау, шаруалардың малын жөнсіз кәмпескелеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты тұратын жерінен күштеп көшіру орын алды.

1 Жүргізуші:

Республикадағы 6,2 млн тұрғынның 1931-1933 жылдары аштықтан 2,1млн қырылды, оның ішінде келімсек халықтың 0,4 млн адам шығыны болды.

2 Жүргізуші:

1937-1938 жылдарда террор жаппай санат алды. Бұл жылдары кеңес өкметін орнату мен нығайтуға қатысқан «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы жазаға ұшырап, «халық жауы» деп қудаланды.

1 Жүргізуші:

Жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушылар Ш.Құдайбердіұлы, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.

  1. Портреттер сөйлейді (слайд арқылы ұлы тұлғалар сөзі)

Ә.Бөкейханов

А.Байтұрсынұлы

М.Дулатұлы

Ш.Құдайбердіұлы

М.Жұмабаев

С.Сейфуллин

І.Жансүгіров

Б.Майлин

1 Жүргізуші:

Қазақстанда 101 мың адам репрессияға ұшырады, қазір олардың бәрі ақталды.

Енді бізге қайта оралды заңғарлар

Сталиндік тозақтарда жанғандар

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар

2 Жүргізуші:

Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік төрінде

Өзіңдікі туың да, от пен ауа суың да

Жаса, Қазақстаным, белді бекем буын да!

1 Жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік

Ғасырдың тойы болшы келе берер

2 Жүргізуші:

Тәуелсіз ел Қазақстан тұғырым

Жарқыратқан нұрлы өмір шырағым

Көк байрағым еркіндікті паш етіп

Қыран қанат көкке самғар жыр әнім

«Атамекен» әні орындалады.

© 2010-2022