Разработка классного часа на тему Ұраным-намыс, туым-бірлік!

Раздел Классному руководителю
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздердің айшықтары»

Сабақтың мақсаты:

а) Мемлекеттік рәміздер,олардың пайда болу тарихы туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси және құқықтық сауаттылықтарын арттыру; мемлекеттік рәміздердің қазіргі таңдағы мәртебесінің төмендеп кетгендігін айқындау, рәміздердің маңыздылығын ұғындыру;

ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;

б) Рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу,түрлі сала мамандықтарына бейімдеу.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті, ҚР-ның рәміздері туралы буклет,экран,проектор, презентациялар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2. Үй жұмысы.Топтар ортаға шығып жобаларын қорғайды.

-Рәміздер және олардың пайда болу тарихы туралы мағлумат

-Мемлекеттік рәміздердің халыққа танымалдығы

-Мемлекеттік рәміздердің пайдаланылу тәртібі

- Мемлекеттік рәміздер қорланған жағдайдағы жауапкершілік

3.Мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру жолдары.

4. Қорытынды сөз.

1.Кіріспе

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымыз тәуелсіз Отанымыздың ұлттық мақтанышы - мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы - мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Біз де бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық.

-Гимн орындалады

Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол - көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны. Еркіндікке ұмтылған елдердің бәрі де өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. Сол жұлдызды сәт туған кезде өз болмысымен тіршілік кешу мүмкіндігі пайда болғанын, саяси бостандық алғанын шын сезінеді.

Мемлекеттік рәміздер - белгілі бір елдің өзінше өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілінде де сөйлейді.

Олар мәдениет тіліндегі астарлы ұғымдардың маңызды элементтері ретінде халқымыздың тарихында жаңа кезең басталғандығын жария етіп, рухани төлбастауларға және өзіндік даму жолына берік бетбұрыс жасағандығын білдіреді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді.

«Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы-осы»,- деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз! Әрине, мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, қасиеттеу үшін, алдымен мемлекеттік рәміздер туралы терең түсінік болуға тиісті. Мемлекеттік рәміздер де белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Сонымен, бүгін өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық ғасырынан, сонау алғашқы адамзат пайда болған ерте кездерге ауысамыз да, мемлекеттік рәміздер туралы білімімізді сарапқа саламыз.

Қазақ жерінде ту қашан пайда болды?

Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге дейін жеткен Мөде, Бумын және Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған баһадүрлеріміздің қай-қайсысының да өз байрағы болғаны мәлім.

-Сөзді Тарихшылар тобына берейік.

«Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» құжаты мемлекет пен қоғамды тығыз байланыстыратын құндылықтардың мазмұнына терең үңіліп, оның мән-мағынасына жаңаша көзқараспен қарауға ұмтылдыратын маңызды дүние. Міне, осы тұрғыда Қазақстан Республикасының рәміздері - Мемлекеттік туы, Елтаңбасы және Әнұранының қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамытудағы құдіреттілік қасиеттерін жете ұғынатын боламыз. Мемлекеттіліктің басты нышанын білдіретін рәміздердің мағыналық мазмұнымен қатар, олардың қабылдану және бекітілу тарихын да білу қоғам үшін маңызды. Түптеп келгенде Мемлекеттік рәміздер ұлттың, мемлекеттің бай тарихының құнды белгісі ретінде халыққа және елге қызмет жасайды. Мемлекеттік рәміздеріміз арқылы елімізді бүкіл әлемге танытуға болады, өйткені онда халқымыздың бүкіл бастан кешкен тарихы, бүтіндей мәдениеті жатыр және болашақтың болмысы бар. Сондықтан рәміздер халқымыз үшін отансүйгіштік сезімнің бастау көзі бола алады.Ал жерлестеріміздің патриоттық сезімдерінің деңгейін жеткізу үшін ортаға келесі топ оқушыларын шақырамыз.Разработка классного часа на тему Ұраным-намыс, туым-бірлік!

-Сөзді Журналистер тобына берейік.

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында:«…Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек. …Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс.» деген болатын. Ендеше, мемлекеттік рәміздер біздің тарихи жадымыздың бейнесі және ақиқат құндылықтарымыздың бірегей факторы болып табылатыны сөзсіз.

Атақты зерттеуші Освальд Шпенглер айтқандай, бүкіл мәдениеттің бірлігі жалпы тілі мен оның символдарына негізделеді. Әр халық, мемлекет төл символдарын қалыптастырып, қастерлейді, идеялық және идентификациялық тұрғыдан соның төңірегіне топтасады. Ұлттық саяси символдардың аяққа тапталуына жол бермейді. Ресми патриоттық символдар, әнұрандар ұлттың кез келген жердегі визиттік карточкасы іспетті.Осы мәселеге қатысты ақпарат алу үшін ортаға келесі топты шақырамыз.

-Сөзді Бақылаушылар және Заңгерлер топтарына берейік.

Разработка классного часа на тему Ұраным-намыс, туым-бірлік! Разработка классного часа на тему Ұраным-намыс, туым-бірлік! Разработка классного часа на тему Ұраным-намыс, туым-бірлік!

5. Топтық жұмыс. «Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып, өмірде ешнәрсе жоқ Тудан биік» ұраны аясында әр топ Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу жолында қандай шараларды ұйымдастыруға болатындығын талқылап, жариялайды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Елбасы белгілеп берген, бес институтционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын қамтыған Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бөліміндегі алты қадам (85-қадамнан 90-қадамға дейін) қалыптасқан елдік құндылықтарға жаңа серпін беруге негізделген. «Мәңгілік Ел» мегажобасының аясында қазақстандық қоғамның жаңа сапалық сипаттағы келбетін қалыптастыру, рухани-мәдени санаттағы құндылықтарымызды дұрыс түсіну, оны қабылдаудың тың үлгілерін жасау және жаһандық кеңістікке барынша танымал ету - Ұлт жоспарындағы «Біртектілік пен бірлік» бөліміне енгізілген қадамдардың басты идеясы.

Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің ар-намысы, ұлттың айнасы, халықтың тарихымен тамырлас жан дүниесі. Ол саяси символ ретінде бір күнде пайда бола қалмайды, ұзақ жыл бойы қалыптасады. Сондықтан оларды қадірлеп қастерлеу, жастар арасында мақтанышпен үгіттеу, оларды қорлауға жол бермеу- еліміздің тәуелсіздігін сақтап қалудағы негізгі қадамымыз.



© 2010-2022