Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру         Мен, Жылқыбаева А.Т., 5-сыныпта сынып жетекшісінің міндетін атқарамын. Сыныпта 7 оқушы: 2 – қыз бала, 5 – ер бала. І тоқсанда үлгерім сапасы 100% құрап, 2 оқу озаты (Мукашев Б., Кунибаев А.) және 5 екпінді оқушы болды. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша сыныпта 1 оқу озаты (Мукашев Б.), 6 оқушы екпінділер қатарында, жалпы үлгерім сапасы - 100%. Балалардың тәртіптері жақсы, барлық қоғамдық, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысады. Сынып бойынша тәрбиенің н...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыру

Мен, Жылқыбаева А.Т., 5-сыныпта сынып жетекшісінің міндетін атқарамын. Сыныпта 7 оқушы: 2 - қыз бала, 5 - ер бала. І тоқсанда үлгерім сапасы 100% құрап, 2 оқу озаты (Мукашев Б., Кунибаев А.) және 5 екпінді оқушы болды. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша сыныпта 1 оқу озаты (Мукашев Б.), 6 оқушы екпінділер қатарында, жалпы үлгерім сапасы - 100%. Балалардың тәртіптері жақсы, барлық қоғамдық, мектепішілік іс-шараларға белсене қатысады. Сынып бойынша тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша жоспарлар құрылып, бекітілді. Іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиесінің мақсаты: Отан алдында жауап беру қабілетін қалыптастыру, қоғам өміріндегі маңызды мәселелер жөнінде азаматтық позициясын қалыптастыру, ал міндеті өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен оған деген құрметті күшейту, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді қалыптастыру болып табылады.

1-қыркүйек күні алғашқы Бейбітшілік сабағын өткіздім. Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қонаққа оқушылардың ата-аналары келді. Ата-аналармен бірге оқушылар топтық жұмысқа қатысып, Ата Заң - Конституцияның негізгі баптармен танысты, «құқық» пен «міндет» деген ұғымдарының мағынасын білді.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке) Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

13-қыркүйек күні Тілдер күніне арналған «Тіл - халық мұрасы» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынды, тілге байланысты мақал-мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерді еске түсірді, топ болып жұмыс атқаруға үйренді. «Ақыл» және «Озат» екі топ сынға түсті. Жеңімпаз топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» атағына ие болды.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Осы іс-шаралардың әзірлемелерін «Инфоурок» сайтына жіберіп, сертификат алдым:

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

20-қазан күні «Қазақстан еліме саяхат» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан туралы білімін кеңейту және толықтыру; Отанға сүйіспеншілікке, намысқа дағдыландыру. Оқушылар Қазақстан туралы өлең оқыды, Отан туралы мақал-мәтелдер айтты, ноутбуктан Қазақстан қалалары туралы презентация көрді.

Еліміздің бас қаласы Астана - бейбітшілік пен достықтың қаласы екенін, оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және көпшілік ортада еркін сөйлеуге, өз ойларын дәлелді еркін жеткізуге үйрету мақсатында 17-қараша күні «Астана - мерейім, мәртебем, беделім» сынып сағатын өткіздім. Оқушылар тақырыптық буклетті және ноутбуктан фотосуреттерден слайд-шоу қарай отырып, Астана қаласына барған саяхаттары туралы әңгімелеп берді. Астана туралы өлең-тақпақтарды, әндерді еске түсіріп, айтып берді.

3-желтоқсан күні «Тұңғыш Президент күніне» орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар фотосуреттер, презентациялар мен бейнероликтер арқылы Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік алды.

4-желтоқсанда жерлес жазушымыз Мәди Хасеновтың туған күні аталып өтті. Жауапты мұғалім қазақ тілі мұғалімі Қалымжанова С.Т. кешті өте мазмұнды өткізді. 5-сынып оқушылары іс-шараға белсене қатысып, өздері жазған шағын өлең шумақтарын оқыды. Балалар шығарған тақпақтарын аудандық «Мектеп жаршысы» газетіне жібердік.

Тәуелсіздік күніне арналған мектепішілік іс-шараларға оқушыларым шамалары келгенше қатысты. Солай, «Жырлайды жүрек» патриоттық әндер сайысына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Құқықтық тәрбиесінің мақсаты: саяси және құқықтық қатынастар жөнінде бастапқы түсінік қалыптастыру; өздерінің құқықтары мен міндеттерін іске асыруға дайындығын қалыптастыру болып табылады. Құқықтық тәрбиесі бойынша келесі жұмыстар атқарылды: 29.09. - «Менің сыныбым. Сыныптағы міндетім» және айына 1 рет «Адам өмірінің қауіпсіздігі» және 2 рет «Жолда жүру ережелері» туралы әңгімелер өткізіліп тұрды. Нақтырақ айтатын болсам, ЖЖЕ-ге байланысты келесі тақырыптар қарастырылды: «ЖЖЕ атаулары және негізгі түсініктемесі», «Ескерту белгілері», «Реттелетін және реттелмейтін жол қиылыстары», «Жол-көлік оқиғаларының себептері», «Жол таңбаларының мақсаты» және т.б. Осындай жұмыстың мақсаты: жолда және көшеде жүру ережелерін пысықтау, жол ережелерін үнемі сақтап, көше тәртібін бұзбауға баулу, оқушыларды жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру.

Рухани-адамгершілік бағыты бойынша атқарылған жұмыс. Қайырымдылық жасау айлығы аясында мектебімізде «Қарттарым, аман-сау жүрші» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. «Ұстаздар күні» де аталып өтті. Оқушыларым осы мектепішілік іс-шараларға белсене қатысты. Ата-әжелеріне арнап жазған шағын шығармалар мен тақпақтары аудандық «Мектеп жаршысы» газетінде жарияланды.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Адамгершілік туралы түсінік беру, бойларындағы рухани адамгершілік касиеттерін арттырып, дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу мақсатымен 13-қазан күні «Адамгершілік - асыл қасиет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар көздерін жұмып, әдемі әуеннің ырғағымен іштерінен жақындарына, достарына, жандарына жақын адамдарға жақсы тілек тіледі. Содан кейін шеңберге тұрып, бір-бірлеріне гүлді ұсына отырып мақтау айтып, жақсы тілек айтып, жақсы тілек жолдады. Келесі кезекте «Мен» деген сөзге әркім өзі туралы берілген сұрақтарға жауап беру арқылы сызба толтырды. Сабақтың барысында түрлі жағдайаттар ойнатылды, шешілді, Венн диаграммасы толтырылды. Сабақтан оқушылар үлкен әсер алды.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

24-қараша күні «Есіміңді құрметте» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға есімдердің мәні мен мағынасы туралы мәлімет беру, өз есімдеріне лайықты азамат болуға және есімдерін бұрмаламауға тәрбиелеу. Сабақта оқушылар есімдер сыры туралы айта отырып есімнің адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін және өз есімдеріне лайықты адам болу керектігін ұғынды. Қазақ халқы балаға ат қоюға ежелден ерекше мән берген. «Атына заты сай болсын» деген ниетпен бала өмірге келсе, оның атын ізгілік, даналық шақыратындай етіп қоюға тырысқан және оны көпке сыйлы, құрметті адамға қойдырған. Адам баласы үшін оның есімінің мәні зор. Есімдердің мағыналары кең, ауқымды. Өмірге келген ұрпағына мәнді, мағыналы есімдерді қоя отырып әр ата-ана оған әлемдегі бар жақсылық атаулыны тілейді. Сабақ барысында оқушылар есімдер сырына үңіліп, көптеген ақпараттармен танысты. Есімдердің оңай қойыла салмайтынын ұғынды. Соңында келесі сұрақтарға жауап бере отырып өз есімдері туралы ой бөлісті:

  1. Өз есіміңнің қойылуы туралы не білесің?

  2. Сенің есіміңді кім қойған?

  3. Өз есіміңе ризасың ба?

Осы бағыт бойынша тағы да «Кітап - білім бұлағы» сынып сағаты және мектепішілік «Алтын күз» мерекесі мен «Жаңа жылдық» шырша тойы өткізілді. 5-сынып оқушылары тапқырлық пен белсенділікті танытты.

Салауатты өмір салтын насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру, өз денсаулықтарын күту мақсатымен келесі жұмыстар атқарылды: 6-шы қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі» өтті; басқа балалармен бірге оқушыларым күзгі орманға серуенге шықты; «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» акциясына қатысты. Сыныпта келесі іс-шаралар өткізілді: «Денсаулық - зор байлық», «Жемістер, көкөністер - дәрумендер көзі», «Денсаулық - баға жетпес құндылық» танымдық сабақтар, «Оқушының гигиенасы мен күн режимі», «Дене тәрбиесі мен шынығудың маңызы», «Ауыз қуысының гигиенасы», «Зиянды әдеттер туралы ұғым» әңгімелері. Әр сабақтан балалар денсаулық - зор байлық, баға жетпес құндылық екеніне көздерін жеткізді, дәрумендер туралы түсінік алып, олардың ағза тіршілігіне қажеттілігін, өсіп дамуға, дұрыс тамақтануға керек екенін түсініп, өздеріне қажетті көп мағлұматтар алды.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Оқушыларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу, табиғатқа деген адамгершілікті қарым-қатынас және оның тағдырына жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында 26 қыркүйек күні мектепішілік «Таза жол» акциясына қатыстық. Сонымен қатар 5-сынып оқушылары «Жасыл ел» акциясына және мектепішілік сенбілікке де үлкен жауапкершілікпен қатысты. Әр бейсенбі күндері «Тазалық күні» өткізіледі, сынып кезекшілігі арнайы құрастырылған кесте бойынша жүргізіледі.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Талғам мәдениетінің мақсаты қоршаған өмірдегі тамаша құндылықтарды, әдемілік пен сұлулықты қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру, ал міндеті әдемілік, сұлулық, талғам құндылықтарына деген қызығушылық пен осы мәдениет саласы бойынша негіз қалыптастыру болып табылады. Осы бағыт бойынша мектеп оқушылары 13-қаңтар күні Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрына барып, «Қар ханым» атты ертеңгілікті тамашалады.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Сыныптан 3 оқушы (Жумабаева З., Мукашев Б., Тасберген С.) республикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына қатысып, сертификат алды.

Осы уақыт аралығында сынып 3 рет мектепішілік кезекшілік міндетін атқарды. Кезекшіліктің қорытындысы ретінде 2 рет «Кірпі» қабырға газетін шығарды.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Ата-аналармен жұмыс туралы айтатын болсам, ата-аналармен байланыс оқушылардың күнделіктері арқылы орнатылды. Осы уақыт аралығында 3 рет ата-аналар жиналысы өткізілді: 1 - мектепішілік, 2 - сыныпта. Кездесулер әртүрлі формада ұйымдастырылған. Оқу жылдың басында ата-аналар ашық сабаққа да қатысты. Сыныптан 1 ата-ана мектепішілік ата-аналар комитетінің құрамына кірді. Ол Кунибаев Асеттің анасы - Жаныбаева А.Е.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Оқушылардың күнделік жүргізу, толтыру туралы айтатын болсам, Кунибаев Асеттің күнделігі таза, ұқыпты толтырылады, Қайролла Алмас үй тапсырмаларын уақытында, толық жазады, қалған оқушылар бақылауды қажет етеді: кейбіреулерінде орфографиялық режим сақталмайды, бағаларды уақытында қойғызбайды, ата-аналрдың қолдары уақытында қойылмайды.

Сынып оқушыларымен бірге мектебімізге және сыныбымызға жаңа дәстүрлерді енгіздік: «Орта буынға қабылдау» рәсімін және сыныптастарды туған күндерімен құттықтап, арнайы қабырға газеттерін шығару.

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)Организация воспитательной работы в классе (на казахском языке)

Осы бағыттар бойынша және жылдық жоспарға сәйкес жұмыс келесі тоқсандарда да жалғасады.

Сынып жетекшісі: ЖылқыбаеваА.Т.

І жартыжылдық қорытындысы

2014-2015 оқу жылы



© 2010-2022