Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы ардагер ұстаздармен кездесу

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың презентациясы, плакаттар, нақыл сөздер.

Барысы:

1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» атты мерекелік ардагер - ұстаздармен кездесу кешіне қош келдіңіздер!

2 Жүргізуші : Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл жандар!
Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

1 Жүргізуші : Ұстаз -барша мамандықтың көш бастаушысы. Құйылады жыр-ағын, көптен дара пырағым. Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, - деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздар Тарбие Жаролқызына,Кенже Елубайқызына,Хабиба Ойлыбайқызына арналады.

2 Жүргізуші: Ия,бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.
1 Жүргізуші : Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!

1 оқушы :Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!

2 оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

3 оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

2 Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне Анарбекова Дарияның орындауындағы «Той жыры»шығармасын қабыл алыңыздар.

4 оқушы:Әл-Фараби: «ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.

5 оқушы:
Тарбие апай - мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әрқашан аман болып жүрсін дер ек.

6 оқушы:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты Хабиба апай анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан


7 оқушы:
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Біздердің здарынды деп аталғанымы,
Үйреткен, тәлім берген Кенже апайдан,

2-жүрг. Ержан, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Әлия, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған әндеріне кезек берелік.

Ән «Ұстазым менің» Орындайтын Айдын.

2 Жүргізуші:ал енді,құрметті қонақтар,өздеріңізге әзірлеген балалардың сұрақтарына кезек берсек....

1 Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?

4. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
5. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
6. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
7. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.

1- Жүргізуші: Рахмет,ұстаздар.

2 Жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар.
Хор: Ұстазым/7а,7б/
8 оқушы:Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

1Жүргізуші: Ұстаздар кім болуды армандайды?
2Жүргізуш: Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..
1Жүргізуші: Неге? Армансыз адам болмайды гой
2Жүргізуші :Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ?
1Жүргізуші: ммммммммм, әрине
2Жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
1Жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
2Жүргізуші яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші.
1Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
2Жүргізуші:--- Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі. Ержан , осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным ай.
1Жүргізуші: ----яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген.

2 Жүргізуші: Ендеше келесі музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар.

Алина «Еркемай»

1 Жүргізуші- Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы -
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе ?
2 Жүргізуші :яяя, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің ... бәрін , бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаздарымызға береміз.

Ұстаздар сөзі

1 Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым»

2 Жүргізуші:Құрметті Тарбие апай,Кенже апай,Хабиба апай, Сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.

1 Жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.

Бәрі сахнаға шығып хормен «Біз сіздерді жақсы көреміз!» деп аяқтайды.

1,2 Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

5


© 2010-2022