Ұстазым жолы - өнеге

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұстазым жолы - өнеге

Ұстазым, жақсылықпен үндес едің,

Келбетіңе қараймын күнде сенің.

Өзіңізден алмасам өнегені,

Жақсы менен жаманды білмес едім.

Танымалсың, ұстазым, Таласыма,

Білім бердің қызы мен баласына

Әр сөзіне мән берген шәкіртіңнің

Ақыл құйдың білім мен санасына.

Бар жақсыны құйса да үйіп мүлде,

Сізді ғана тыңдадым ұйып күнде

Әр сөзіңе зер салып, анықтадым,

Не екенін аласа, биіктің де.

Көк жүзіне қарайды тамаша бұлт,

Өзендейсіз аққандай бір дала жарып.

Қанат қаққан арманға шәкіртің бар,

Сіз, ұстазым, қалмайсыз аласарып.

Мақсат - тауға жеттіңз табандап-ақ,

Ұстазы мен шәкіртті бағамдамақ

Сізге қарап шәкірттер бой түзейді,

Бой түзейді жас ұрпақ саған қарап.

Асқар шың боп, ұстазым көрінесіз,

«Білім» атты асудың өріндесіз.

Өмір бойы қаласыз ардақты боп,

Жүректердің нұр шашқан төрінде сіз.

Мульдер Раманова




Ұстазым, сенсің - мәртебем

Біліммен тербеп жаныңды,

Ұстаздың жолы мәлім-ді.

Саясаткер, ғалым да

Ұстаздан алған тәлімді.

Ұстазым - білім теңізі,

Шәкірті оның жеңісі.

Тәрізді соның бәрі де

Мәуелі ағаш жемісі.

Ұстазым - мектеп жүрегі,

Ұстазым - білім тірегі.

Еңбегі оның өлшеусіз,

Тарихқа демдеп кіреді.

Ұстазым, заңғар биіксің,

Айтамын алғыс үйіп мың

Қасиет, қадір өзіңде

Бойыңа бәрін жиыпсың.

Ұстазым неткен көркем ең,

Бас саған әр төбең

Сенің жолың ұлағат,

Ұстазым, сенсің мәртебем.

Гүлдеткен білім саласын

Тербеткен қазақ даласын

Тұғыры биік ұстазым

Жүректе мәңгі қаласың.

Раманова Мульдер

© 2010-2022