Открытый урок на тему Благородное качество

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет.
Сабақтың мақсаты: балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл,
қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Көрнекілік: А3, стикер, түрлі-түсті қағаздар, конверттегі хаттар
Нақыл сөздер:
1. Дос кешірім сұрағанда илікпеген адамның күнәсі - ысырапшылық күнәсімен бірдей.
2. Адам бір тәуір іске жарамаса да, өзін аспаннан түскендей ұстауды ұнатады.
3. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Абай.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі..
ІІ. Қызығушылығын арттыру. ІІІ. Поэзиялық минут IV. Шығармашылық жұмыс. V. Құпия хаттарға жауап VI.Сахналық көрініс VII. Рефлексия

І. Ұйымдастыру кезеңі..

Психологиялық тренинг: Баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, рухани жан азығынана бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі. (Бірнеше баладан ойлаған ойлары сұралады).
- Менің әскердегі ағайым аман-сау жүрсе екен.
- Аңсаған оқуыма түссем екен.
- Жер шарында тыныштық болса, т.б. ойлар айтылады

Оқушылар топқа бөлінеді.

ІІ. Қызығушылығын арттыру.

Видео: «Барлығы өзіңнен басталады» (көрсетілімді көрсетіп балалардың пікірін тыңдау)

Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі.
1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді сөздерді жатқызуға болады? (ең асыл сөзді әр топ жоғары қойып,жарнамалайды)

ІІІ. Поэзиялық минут

Сынып оқушылары тақырыпқа байланысты өлең-жырларын жолдайды

IV. Шығармашылық жұмыс

Әр топ өздеріне белгіленген тапсырмаларды орындайды

1 топ тақырып бойынша өз ойларын сурет салып жеткізеді .

2 топ түрлі түсті қағаздардан апликациялар жасайды.

3- топ тапсырмасы сөйлемді жалғастыру

  1. Егер менің достарымның бірі ыңғайсыз жағдайға түссе, онда мен...

  2. Егер менің үстімнен біреу күлсе, онда мен…

  3. Егер мені ойынға қабылдағанын қаласам, онда мен...

  4. Егер менің сөзімді әрдайым бөлсе, онда мен...

4 топ тақырыпқа байланысты эссе жазу

V. Құпия хаттарға жауап

Бірінші хат:Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

Екінші хат: Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды, мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

Үшінші хат: Құрметті, достар! Менің үлкен әпкем анама құрбысының үйіне сабаққа даярланамын деп кетіп, ал шындығында олар дискотекаға кетіп жүрді. Осы жайды біліп жүріп, сен не істер едің?

Төртінші хат: Құрметті, достар! 1.Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы,қарым-қатынас жасағысы келмейді.Тіпті «оны мазақтаңдар»үгіттейді.Ал сен не істер едің?

VI.Сахналық көрініс

(Оқушылар «Торғай» тақырыбымен сахналық көрініс көрсетеді )

VI.Рефлексия:

Керектісін сандыққа салады , керексізін себетке салады.

  1. Мен әрдайым өз құрбыларым және үлкендермен мейірімді боламын.

  2. Мен сыныптасым қиыншылыққа тап болса әрдайым жәрдем беремін

  3. Кейбір ересек адамдармен ұстамсыздық танытуға болады деп санаймын

  4. Мен өзіме ұнамайтын адамға дөрекілік көрсетуге болады деп ойлаймын

  5. Мен сыпайылық адамдар арасында өзімді жайлы сезіну үшін жәрдемін тигізеді деп санаймын

  6. Мен өз тарапыма айтылған орынсыз ескертулерге ұрысып тастауға болады деп ойлаймын.

  7. Сыныптастарым біреуді келемеждесе, менде қосылып мазақтаймын

  8. Маған адамдарға жақсылық істеген ұнайды.

  9. Мен адамдардың қателіктерін кешіре білу керек деп ойлаймын



© 2010-2022