«Жаса, жаса, қазақ тілім» 6-7 класс

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақбота : Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

Азамат : Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар ! Бүгінгі өткелі отырған тіл мерекесіне арналған «Жаса, жаса, қазақ тілім» атты мерекелік шарамызға хош келдіңіздер !

Ақбота : 1989 жылдың 22 қыркүйегінде қазақ тілі мемлекеттік статус алды, сол күннен бастап

22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке.
Азамат : Қазақстанда 130 - ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Акбота : Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 - шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
Қуатжан :
Мен қазақпын-Қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім-қазақ.
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат бақ ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп.
Нұрлы жұлдыз-бабам тілі сен қалдың!

Алтын:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
әр адамды өз анасынан басқа да
Болу керек құдіретті төрт ана.
Туған жері-түп қазығы, айбыны.

Туған тілі сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі.
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және туған тарихы, еске алары қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.

Шыңғыс :

Ана тілім - ең қымбатты құралым!
Алға бастап, жетелейтін ұраным!
Ана тілім-мақтанышым, мұратым!
Ана тілім-күш беретін құралым !

Камилла : Ей, туған тіл!!! Ата-анамның бал тілі!
Көп нәрсені ұқтым, анам тілі арқылы.
Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған!
Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам,
Ей, туған тіл Ертелі кеш қуатыңмен өзіңнің.
Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндің!
Ей, туған тіл! Туған тілде тілек айттым мың рет.
Ата-анамды, мен пендені жарылқа деп құдірет!

Ақбота : Қазақ халқының басына талай нәубеттің, зұлматты қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Осындай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап, босқан халықтың бар байлығы ана сүтімен санасына дарыған ана тілі болды. Тіл- сан ғасырлар шежіресі, халқымыздың өзінше бір ғұмырнамасы.

Азамат
Қазақ тілі-қазақ қауымының бұлағы. Бүгінгі тіл мамандардың айтуынша қазақ тілі бүкіл түрткі тілдердің түп атасы. Халықты отансүйгіштік рухта тәрбиелеп,ұлттық топтасуға жетелейтін де тіл!

Би орындайтындар : 7 класс оқушылары Алданаева Альбина ,Утенова Анаргүл.

Диас : Ең бірінші бақытым халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын.
Қымбаттырақ алтынан нарқым менің!

Ал екінші бақытым-тілім менің!
Тас жүректі тіліммен тілім дедім!
Кей-кейде дүниеден түңілсемде.
Қасиетті тіліммен түңілмедім.

Cұлтан Гумаров Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Кім мықты десе біреу, отан дер ем
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал меннен!

Мейрамбек :

Ана тілім-бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда мынау ғылымның
Кілтін табар саналымын, сезінем.
О, адамдар қадіріне жетіңдер,
Ана тілі - анаң сыйлап өтіңдер.

Акбота : Жұртым-ай, шалқақатамай сөзді түсін.
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін!- деп Абай атамыз жырлағандай сөздің түпкі мағынасын түсіну біз үшін міндет!

Азамат : Иә, халқымыздың даналығы, ұлағатты өсиеттері бар! Тіліміздің сан дүлдүл даналары ,жасы үлкен аталарымыз да тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен шешкен! Тіліміздің ұлылығы міне осында. Көрініс : «Ата өсиеті»

Айкөркем :Осы тілде шежірем, жырым менің,
Асанқайғы арманы.
Қорқыт күйі тағдырыммен тағдырлас,
Тілім менің-мұңым менің
Жауға-айбарым, ұраным.
Туым менің, найзасымен,
Тең ұстар осы тілді.
Намысымды қорғады Сырым менің,
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым,
Ол бүлінсе меніңде бүлінгенім,Тілім менің,
Тілім менің мың өліп, тірілдім мен!

Нұржауған : Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан, ерлік елдік азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы болған,
Жауынгер ана тілім-қазақ тілім.
Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,
Жиһангез желмаясы Асанқайғы,
Жер-жерге баға берген сынды тілім.

Акбота : Тіл тағдыры - қазіргі кездегі ең басты мәселелердің бірі. Себебі ғалымдардың зерттеуі бойынша өткен ғасырдың басында дүние жүзінде 8 мың тіл болған деп болжайды. Сол тілдердің қазіргі таңда 2 мыңы ғана қолданыста жүр.

Аяла : Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

Қазақ тілі! Ол менің ана тілім!

Қазақ тілі ! Байсалды баба тілім!

Сол байлықтан аз емес алатыным.

Рысбек : Сақтар болсаң халқыңды - тілді сақта

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.

Азамат :: Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

Акбота: : Ана тілі - біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .

Азамат : Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті оралған мәні оятар. Умарова Айнұрдың орындауында ән : « Жаса , қазағым !»

Акбота : Бұл жанды тіл - менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі - ана уызындай, Бірге айтады : Жасай бер, Ана тілім - Қазақ тілім!

Азамат : Тілдер күніне арналған «Жаса, жаса. Қазақ тілім» атты мерекелік шарамыз аяқталды. Әрқашан мемлекеттік тілді құрметтеп, қадірлей білейік !















Ақырап орта мектебі







«Жаса,жаса,қазақ тілім»

мерекелік шара бағдарламасы

Класс : 5- 11 кластар.



өткізген : Бекбергенова Л.К.





2013 -2014 оқу жылы.











© 2010-2022